Өмір жолы
XX ғасырдың басында ұлт тәуелсіздігі үшін күрескен Алаш қайраткері Әлихан Бөкейханов 1866 жылы 5 наурызда қазіргі Қарағанды облысы Ақтоғай ауданында дүниеге келген. Молдадан әліпби үйреніп, одан кейін 3 жылдық мектепте оқыған ол Омбының техникалық училищесін, Петербор университетінің заң факультетін тәмамдаған.
Әлихан Бөкейханұлының саяси қызметі Омбыда «Халық бостандығы» партиясына мүше болған кезден басталды. Әлихан Бөкейханұлы бастаған Алаш қайраткерлерінің ұлы арманы – қазақ мемлекетін құру болды. 1917 жылы шілде айында Орынборда өткен бірінші жалпықазақтық съезінде Алаш ұлттық саяси партиясы заңдастырылды. Бұл Алаш үкіметін құруға жасалған негізгі қадам еді. Совет үкіметі орнағаннан кейін Әлихан Бөкейханов қуғыннан көз ашпады. Ұлтшыл деген айып тағылып, Мәскеуге жер аударылды. Сонда да қазақ мемлекетінің тұтастығын сақтап қалу жолындағы күресін тоқтатпай, мақалалар, баяндамалар жазған Әлихан Бөкейханов ақыры 1937 жылы ату жазасына кесілді.
Тарихшылар Әлихан Бөкейханов қазақ өміріне зиялылар қозғалысын алып келгенін айтады. Тарихшы Мәмбет Қойгелдиевтің айтуынша, зиялылар қозғалысы бұрын-соңды қазақ өмірінде болған емес. Ол Әлихан Бөкейханов бастаған зиялылар қазақ қоғамын өзгертті, қазақ қоғамын жаңа сапаға көтерді дейді.
«Олар газет-журналдар шығару арқылы 2 млн тиражбен кітап шығарды. Қазақ зиялылары өмірге әкелген осы ағартушылық қызметтің негізгі нәтижесі – азаттық идеологиясын өмірге әкелуінде. Азаттық идеологиясын әкелу арқылы қазақ қоғамын жаңа идеямен қаруландырды. Ал, ағартушылық жүрген жерде ұлтшылдық жүреді. Яғни, Әлихан Бөкейханов бастаған зиялылар тобы өмірге қазақ ұлтшылдығын алып келді. Ұлтшылдық деген қорқатын нәрсе емес, ол сол кездегі әлемдік құбылыс болатын», - дейді тарих ғылымдарының докторы Мәмбет Қойгелдиев.
Тарихшының сөзінше, Әлихан Бөкейханов ұлтсыз халықты жетім халық деп көрген. Мемлекеттілігі жоқ халықты жетекшіл халық деген. Сондықтан, Бөкейханов қазақтың 2-3 ғасырлық отаршыл өмірін қорыта келе, қазақ мемлекеттігін қалыптастырмай, қазақ халқын отаршылдықтан азат ету мүмкін емес деген тұжырым жасады.
Ал, сол кездегі кесек тұлғалардың ішінен Бөкейханов қандай тұлғалық қасиетімен суырылып көсем болып шықты десек, оның бірнеше себебі бар.
«Әлихан Бірінші орыс революциясы кезінде өзін барынша танытты. Бұған дейін ол үлкен ғалым, жер мәселесінің білгірі ретінде көп танылған болатын. Сол кезде 1-ші революцияның қарқынымен көптеген жиналыстар өткенде Бөкейханов оларға белсенді қатысып жүрді. Ол бірінші дума кезінде түрмеге түсіп шықты. Содан бастап ол еуропалықтармен бірігіп, жаңа күрес жолына түсті. Оның үстіне ол масондарға жақын болды. 1918 жылы алғашқы масондардың қатарына кірген де Әлихан Бөкейханов болатын. Міне, мосандардың мүшесі болуы, кадет партиясына кіруі оның күрестің еуропалық жолын таңдағанын көрсетеді. Бұл кезде қазақ зиялылары әлі ол жолға түскен жоқ. Соның ішінде Әлихан Бөкейханов еуропашылдығымен көзге түсіп, соңынан жастарды ертіп жүрді», - дейді тарих ғылымдарының кандидаты Бейбіт Қойшыбай.
Сол кезде оқыған жастардың бәрі «Әлиханшыл» болды. Өйткені, оның үлгі-өнегесі, ұстанымы жастарға дем берді.
Ал революцидан кейін кадеттер өздерінің 7-ші съезін өткізгенде Әлихан Бөкейханов орталық комитеттің мүшесі болып сайланды. Сонда кадеттер билікке келді. Олардың ұстанымы, кешегі империяның орнына демократиялық республика орнату болды. Ол ұстанымды Әлихан да қолдады. Бірақ, автономия құратындай қазақтар арасында кадр жоқ екеніне көзі жеткен Бөкейханов кадет басшылығынан шығуға мәжбүр болады. Өйткені, кадеттердің ұстанымы қазақтардың мүддесіне сай келмеді. Бұны түсінген ұлт көсемі таза қазақы – Алаш партиясын құру жолына түседі. Осыны жасауда ол бүкіл қазақ зиялыларының басы болды.
Кейіннен Ташкенттің жандармерия қорында Бақытжан Қаратаевтың 1910 жылы Әлихан Бөкейхановқа жазған хаты табылды. Сол хатта Қаратаев: «Әлихан бізде зиялылар жоқ емес, бар. Бірақ, сол зиялылардың арасында «ұлтқа қызмет жасап жүрмін» деп айтуға сенің ғана хақың бар» деген екен. Ал, сол Бақытжан Қаратаев 1910 жылы, револоцияға дейін Бөкейхановтың азаттық қозғалыстағы жетекші рөлін мойындаған болатын.
«Алаш қозғалысы – қазақ ұлт-азаттық қозғалысы. Ал қазақ ұлт-азаттық қозғалысының көшбасшысы қоғам мойындаған, ұлт мойындаған Әлихан Бөкейханов болатын. Ол өйткені, ұлт-азаттық қозғалыстың концепциясын, бағдарламасын жасады, ұстанымын қалыптастырды. Ал, бұл үлкен көшбасшылық еңбек», - дейді тарих ғылымдарының докторы Мәмбет Қойгелдиев.
Әлихан да Ресей империясының өзін түбегейлі саяси реформаламай қазақ немесе басқа мұсылман халықтары ешқашан өзін-өзі басқару құқығына қол жеткізе алмайтынын түсінді. Сол себепті, ол кадет партиясына, масон ұйымына кірді. Бірақ, ғалымдар Бөкейханов не себепті еврейлердің ұйымына кірді деп таңғалады.
«Өйткені, 20 ғасырдың басында Ресейдегі масон ұйымы саяси масондық болды. Алдына бір ғана мақсат қойған. Яғни, самодержавалық билікті құлатып, Ресейді демократиялық-парламенттік республикаға айналдыру»,- дейді филология ғылымдарының кандидаты Сұлтан Хан Аққұлұлы.
Міне, Бөкейханов сол Ақпан төңкерісінен кейін 1917 жылы шілде айында 1-ші жалпықазақ съезінде кадет партиясынан кететінін айтады. Өйткені, ол кадет партиясымен тарихи маңызды 3 мәселе бойынша қарама-қайшылыққа келді. Оның біріншісі, кадет партиясы шіркеу мемлекетке бағынсын деді. Екінші мәселе, кадет партиясы қазақ автономиясын құруға қарсы екендерін білдірді. Ал үшіншісі, кадет партиясы жерді жеке меншікке беруді қолдайтындарын жеткізді. Яғни, Бөкейханов әр қазаққа жерді жеке меншікке беретін болса, онда олар башқұрттардың кебін киіп, көрші орысқа жерін сатады да, ертең құр алақан қалады деп қорықты.
«Әлихан қазақты жерге отырғызуға қарсы болған жоқ. Оның қазақты бірден күшпен жерге отырғызуға қарсы болу себебі, өйткені қазақ көшпенді болып қала берсе экспедиция жасаған норма бойынша көшпенді қазаққа жер көбірек берілетін еді. Ал, отырықшы болсаң, орыстың келімсектеріне берілгендей әр жан басына, онда да ер адам басына 15 деситинадан ғана жер береді. Сонымен қалған жерден айырылып қаласың. Сонда Әлихан отырықшы боламын деп, 15 деситина жер аламын десең, қазақ айналайын ал. Бірақ, сол 15 деситинаға мал бағамын десең, адасқаның дейді», - деді филология ғылымдарының кандидаты Сұлтан Хан Аққұлұлы.
Саяси тұлғасынан бөлек Әлихан Бөкейхановтың сол кездегі рухани кеңістіктегі де орны зор болды. Біріншіден, ол 20 ғасырдың басында Ленин, Троцкий, Керенский бастаған Ресейдің саяси элитасымен тең дәрежеде араласқан адам.
«Әлихан Бөкейханов Ленинмен бірге университетте оқып, эмтиханды экстернмен одан үздік тапсырған. Бөкейханов төре тұқымы болғандықтан, төреге сай саяси емес, тек агрономдық оқуды ғана оқуға құқылы болды. Төре тұқымы болып, қанша маңдайы жарқырап тұрса да, ресей импероторлығы ормантанушы болып жүрсін деген рұқсат берген», - дейді филология ғылымдарының докторы Айгүл Ісмақова.
Бірақ, Әлихан Бөкейхан 19 жасында Санкт-Петербургке барғанда Ленин, дворяндар оқып жүрген императорлық университетті құқықтану саласы бойынша оқып, өзі дайындалып, олардан үздік оқып, емтиханды бәрінен үздік тапсырып, Ленинмен танысқан. Ленинмен, Троцкийлармен солай жолдас болған жан.
«Өмір бойы осындай саяси элитамен таныс болған, даладан келген 19 жасар қазақ баласы осы достығын 1920 жылы қазақтың қазір біз айтып отырған шекарасын бекіту үшін өзінің жеке Ленинмен достығын, дворяндық, ақсүйектік қарым-қатынастарында өз азаматтық-саяси тұлғалығын әбден мойындатқан тұлға ретінде көрсетті. Соны қара басының қамы үшін жасамады. Ол 24 тамызда Кремльдегі Ленин мен Сталиннің алдындағы баяндаманы өзі әзірлеп, 29 жастағы математик Әлімхан Ермековтың аузына бәрін салып берген. Бүкіл қазақтың жері, мына Батыстың жері, әне молалары жатыр, мынау Омбы бастаған орта жүздің жері, мына жақ Жетісу өңірінікі деп, кімдердің қайда жатқанын зираттарымен көрсетіп, бәрін дәлелдеп берген. Мына жақ Ташкент, ол жақта Төле би жатыр деп, қазақтың жері екеніне дәлел келтірген. Міне, осының бәрін дәлелдеген ғылыми баяндаманы Ленин мен Сталинге мойындауға мәжбүр етіп, ғылыми, саяси негізін қалап берген Әлихан Бөкейханов бастаған қазақ зиялылары еді»,- дейді филология ғылымдарының докторы Айгүл Ісмақова.
Әлихан Бөкейханов бастаған қазақтың тұңғыш саяси элитасы қазақтың шекарасын қан майдан соғыссыз, тұңғыш рет қазақ тарихында біліммен, саяси көзқарастарын бекітіп берді. Мәселен, қазір біз өмір сүріп жатқан қазақ жерін сақтап қалу үшін Абылайхандар қанша соғысты, Кенесарының осы үшін басы шабылды. Ал, Әлихандар бастаған қазақ элитасы Ресейдің бүкіл саяси элитасымен тіл табысып, қазақтың шекарасын анықтап алу үшін, қазақ тіліндегі ғылымды қалыптастыру үшін қарусыз күрес жүргізіп, ақыры қазаққа ата-жұрты мекен еткен қасиетті жерінің шекарасын бекітіп кетті.
Ол бірінші шекарасын біріктіріп алып, екінші қазақ тіліндегі ғылымды қалыптастыруды мақсат етті. Мағжан, Жүсіпбек, Шәкәрімдерге нақты тапсырма беріп, мынаны жазыңыз деп кеңес беріп отырды. Тіпті, қазақ жерінде «Қозы Көрпен – Баян сұлу» бастаған бүкіл эпосты жинап жүрген Радловтың кітабын Мәскеуден шығарып берген де Әлихан Бөкейханов еді. 4 ғасыр қазақтың тарихи тұлғаларын жоқтаған «Қазақ жоқтаулары» деген кітапты да 1926 жылы Әлихан Бөкейханов Мәскеуде шығарып отыр. Совет үкіметі қазақтың тарихы жоқ деп жатқанда, Бөкейханов сонау Абылайханнан бастап Қазыбек би, Кенесарыны жоқтаған халықтың жоқтауларын кітап етіп шығарып береді. Себебі, қазақтың тарихы жазылған жоқ. Бірақ, Бөкейханов тарих жазылмаса да мына толғаулар, жоқтаулар арқылы ел өзінің кім екенін білсін деп, осы кітаптың жарыққа шығуына көмектеседі.
Әлихан Бөкейхановтың қазақ қоғамына, экономикасына, жалпы руханиятына жазбаған еңбегі, қамтымаған тақырыбы қалған жоқ. Оның ішінде, ең алғаш қазақ тарихын жазған 1903 жылы Санкт-Петербургта шыққан «Исторические судьбы киргизского края и его курльтурные успехи» деген еңбекте-ақ қазақ тарихы жазылып кеткен. Екіншіден, Лондонның Оксфорд универсиетінде 1985 жылы шыққан Әлихан Бөкейхановтың «Қырғыздар» яғни, қазақтар деген очеркі бар. Онда қазақтың ежелгі тарихынан бері қарай шаруашылығы, мәдениеті толықтай сипатталып жазылған. 1985 жылы, Кеңес Одағы ыдырамай тұрып қазақ деген халық бар екенін, олардың кім екенін, қайдан шыққанын, тарихын Әлихан Бөкейхановтың «Қырғыздар» атты очеркінен оқып білді. Қайраткердің осы еңбегін Оксфорд университеті қайта басып шығарып отыр.
Сонымен қатар, қазақтың көне мал шаруашылығы, төрт түлік мал туралы тізбектеп жазылған 4 монографиясы да бар. Бұдан бөлек, 1908-10 жылдары Санкт-Петербургта шыққан «Жер иелену, жерді қалай игерді, қалай егін егіп, мал бақты» деген тақырыпта жазылған керемет шығармалары бар. Қайраткер кеңес дәуірінде қазақтың әдебиетіне, мәдениетіне көп үлес қосты. Әлихан Бөкейханов 20 ғасырдың басындағы нарықтық экономиканы терең түсіне білген бірден-бір экономист ғалым болды. Ұлт көсемінің ғылым саласында қамтымаған тақырыбы жоқ. Ол қазақтың педагогикасы мен психологиясын, салт-дәстүрін ұстана отырып, Еуропаны қуып жету керек деген идеологияны анықтап берген тұңғыш саяси тұлғамыз.
Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхан 1866 жылы 25 наурызда Семей облысы Қарқаралы уезі Тоқырауын болысының 7-ші ауылында (Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданына қарасты Қаратал ауылы – Қазақстан) дүниеге келген. Ата тегі – Шыңғыс ханның үлкен ұлы Жошыдан тарайтын төре тұқымы. Арғы атасы – атақты Сұлтан Барақ. Қазақтың соңғы хандарының бірі Бөкей осы Сұлтан Барақтың баласы. Бөкейден Батыр, одан Мырзатай, одан Әлиханның әкесі Нұрмұхамед туады.
Әлихан жасынан зерек, алғыр болып өскен. Әкесі оны Қарқаралыға алып барып, жергілікті молданың оқуына берді. Бірақ кішкентай Әлихан молданың оқуына қанағаттанбай, қаладағы үш сыныпты бастауыш мектепке өз қалауымен ауысады. Оны бітіргеннен кейін Қарқаралы қаласының қазақ балаларына арналған метепте жеті жыл оқыған.
1886 жылы Омбыдағы 4 жылдық техникалық училищеде, одан кейін Санкт-Петербург қаласындағы Орман институтының экономика факультетінде білім алды. Дәл сол студенттік шақта сан алуан қозғалыстарға белсенді түрде араласқаннан кейін жандармерияның назарына ілікті, "саяси сенімсіздердің" қара тізіміне енді.
Әлихан Бөкейхан Санкт-Петербург университетінің заң факультетіне төтенше емтихан тапсырып, заңгер дипломына да алып шыққан. Ал оқудан кейін Омбы қаласына қайта оралып, орман шаруашылығы училищесінде математика пәнінен оқытушы болып жұмыс істейді. Сол кезде "Степной край" газетінің редакция алқасына кіреді. Орыстың императорлық жағрафия қоғамының Батыс-Сібір бөлімінің қызметіне қызу араласады. Осы бөлімнің басқару комитетіне де мүше болады.
Әлихан Бөкейхан өзінің алғашқы мақалаларында қара халықты қатыгездікпен қанап жүрген надан молда, болыс пен старшынды, тойымсыз байдың сойылын соғып жүрген екіжүзді ақындар мен оқыған қазақтарды аяусыз сынға алды.
"Қырда кім болса да сол молла болады. Аз ғана оқу білетін қазақ, я қашқын ноғай, я сарт, я тәжік. Сол адамдар бек надан һәм нәрсені... білмейді һәм солар надан болған соң қазақтарға ауып, оларды мейлінше бұзады. Қай қазақ моллаға нанбайды, ашық күнді жауын қыламын деп тұрған соң... (Құдайындай иланады)... Бір сорлы қазақ бар ма екен... "жақсы" атанып жүрген қазақтар менен моллалардан көрмеген?.. Сол моллалар надандығыменен дінге қарсы өтірік айтады... ", - деп жазды Бөкейхан.
Басқа бір мақаласында қазақ қоғамының жағымсыз жақтарын ашық көрсетті.
"Қыр халқы бос жүреді. Бос отырған бастарына ауыр сын тумаған соң мехнат-жұмысқа иленбей, мал шаруасыменен күнелтіп жүрді. Мал бағу өз жөніменен жүре береді. Өлгенге шейін бір қазақ мал бағуды түзеуге ойлаған жоқ, қанша заманнан бері ата-бабаның жолыменен жүреді де отырады", - деді 23 жастағы Бөкейхан.
Бұдан бөлек, "Қазақтың суармалы егістік жерлерінің алынуы", "Дала өлкесінің түкпірлеріндегі орыс қоныстары", "Ақмола облысындағы переселендердің жер үлестері" тақырыбында сыни мақалалар жазып, соның бәрін Петербург қаласындағы "Сибирские вопросы" журналында жариялады. Сол үшін айдауға жіберілді.
Әлихан Бөкейхан қазақтың сиыр, қой және жылқы шаруашылығы туралы іргелі зерттеулерді ғана емес, тарих, этнография, әдебиет пен фольклорге арналған жүздеген мақала да жазды. "Қозы Көрпеш – Баян Сұлу", "Ер Тарғын", "Ер Сайын" сынды халық ауыз әдебиетінің бірнеше үлгісін жинақтап, баспадан шығарды.
Ғалым Қазақ хандығының отарлық тәуелділікке қалай түскенін егжей-тегжейлі зерделеп шықты. Ол қазақ хандары мен сұлтандарының, ру көсемдері мен билерінің Ресей империясы өкілдерімен жазысқан хаттарын зерттей келе бірнеше келелі тұжырымдар жасады.
"Бұрынғының көбі, күш-қуатты тиісті орнына жұмсамай, бірінің көзін бірі шұқудан уақыты артылмады, істегенінің бәрі жәбір, залым болды; қылғанының бәрі зорлық-зомбылық еді. Бұрынғы билеушілердің көпшілігі күш-қуатының барлығын өзара талас-тартыс пен қырқысқа сарп етті", – деп жазды Бөкейхан.
Әлихан бұрынғы хан-сұлтандардың ұрпағы ретінде туған халқы алдында өзін айыпты сезінді. "Хан баласында қазақтың хақысы бар еді, тірі болсам, қазаққа қызмет қылмай қоймаймын" деген сертіне соңғы демі қалғанша адал болды.
Алаш жетекшісі отаршыл империяны саяси тұрғыдан реформалап, федеративтік демократиялы мемлекетке айналдыру арқылы ғана қазақтың әуелі өзін-өзі билеп, кейін толық тәуелсіздікке қол жеткізуіне болады деп санады.
"Қазақтар петициясының" басты ұйымдастырушысы әрі негізгі авторы – Әлихан Бөкейхан. 14 500 адам қол қойған құжатта халық қазақ отырған жерлердің қазақтың меншігі болып саналатынын патша өкіметінен мойындауды, қазақ балалары білім алатын барша бастауыш мектептерге ана тілі мен жазуын енгізуді, қазақ тілінде газет шығарып, іс қағаздарын қазақ тілінде жүргізуді талап етті.
Әлихан Бөкейхан бұл талаптарды Петербургтің "Сын отечества" газеті мен Омбының "Иртыш" газетінде жариялады.
1916 жылы жер аудару мерзімі бітіп, Самарыдан Орынбор келген Әлихан бірден қаланың қоғамдық, саяси өміріне араласып кетеді. Қаланың қазақ тұрғындары атынан қалалық думаға сайланады. Ол Ақпан төнкерісінен үлкен үміт күтеді. Бірақ ол үміті ақталмайды. Уақытша үкімет, оның ішінде өзі мүшесі болып жүрген кадет партиясының көсемдері қазаққа автономия беруге қарсы болады.
Оның үстіне олармен жер мәселесі жөнінде де ымыраға келе алмайды да, ол бұл партиядан шығып, қазақтан сайланған тоғыз өкілді бастап барып, Томск қаласында Сібір автономистерінің құрылтайына қатысады. Осында болашақ Сібір республикасының құрамында Қазақ автономиясы құрылмақ болады. Құрылтайдан оралысымен Әлихан қазақ тарихындағы тұңғыш саяси ұйым Алаш партиясын ұйымдастыруға кіріседі. Артынша, 1917 жылдың желтоқсанында бүкіл қазақтардың құрылтайында Қазақ автономиясы жарияланып, Әлихан Бөкейхан сол алғашқы Қазақ автономиялы республикасының тұңғыш төрағасы болып сайланады.
Алаш партиясы Қазан төңкерісінің қарсаңында Ресейдегі 50-ге жуық партияның ішінде сегізінші орында тұрған еді.
Алайда көп ұзамай жеңіске жеткен большевиктер Қазақ автономиясының жұмысын тоқтатып, басшыларын қуғынға салады. Әлихан Бөкейхан Мәскеуге жер аударылады.
1920 жылы қазақ автономиясын құру және оның территориясын белгiлеу жұмысы қаралған комиссияның бірнеше отырысы өтедi. 24 тамызда өткен соңғы қорытынды жиында Ленин қаулының дайын екенiн, Әлiмхан Ермековтiң қайта жасалған баяндамасы бойынша заңдастыру қажет екенiн айтып, шешiм шығарады.
Әлiмхан өз естелiгiнде Әлихан Бөкейхановтың осы жиыннан кейiн Лениннiң кеңсесiнде қалып қойып, бекiтiлген шекараға тездетiп қол қоюын өтiнген екен. Себебi, сол тұстарда таласқа түсiп жатқан облыстардың жетекшiлерi тағы да ұсыныстар жасап, Сталинге кiрмек ниетте болған көрiнедi. Ұлт көсемi Әлихан осыдан секем алса керек, тезірек заңдастыруға асыққан. Осылайша, "Қырғыз АКСР-iн құру және оның территориясын белгiлеу туралы декрет" рәсімделді. Сол жылдары Алаш партиясының көсемдері мен саяси белсенділеріне "кешірім" жасалып, большевикттік қызметтерге жіберіле бастайды. Бірақ Әлихан большевиктерге қызмет етуден бас тартады. Сол үшін абақтыда жабылды.
Семей түрмесiнен босап шыққаннан кейін, большевиктер оны туған елінен барынша алыс ұстауға тырысады. Сөйтіп, 1922 жылдың күзінде Әлихан Бөкейхан Мәскеуге жер аударылады. Сол жылы Мәскеу қаласындағы Ұлттар істері жөніңдегі Халық комиссариаты жанындағы орталық баспаның ғылыми қызметкері, 1926-1927 жылдары Ресей ғылым академиясының ғылыми қызметкері болды.
1937 жылдың 27 қыркүйегінде қазақтың ұлт-азаттық қозғалысының негізін қалаған аса көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, ғұлама ғалым Әлихан Бөкейханов жалған айыппен Мәскеуде өлім жазасына кесіледі. Үкім сол күні-ақ жүзеге асырылды.
Әлихан Бөкейхан қарапайым өмір сүрді. Ол атылып кеткенде қызы Елизавета мен немересі Ескендірге Мәскеудің коммуналдық пәтерінен бір бөлме мен кітаптар, фотоальбом, бірқатар қолжазбасы, сондай-ақ, насыбай шақшасы ғана қалған.
Әлихан "туған жерден үш аршын жер бұйырса жетеді" деген сөзді ағайын-туыстарына әрдайым қайталап отыратын. Алайда, оған да, оның қыздарына да, немересі Ескендірге де ата-баба жерінен топырақ бұйырмады. Барлығы Мәскеуде жерленді. Жезқазғандағы түсті металдар кенін игерудің бастауында тұрған оның ұлы Оқтайдың да қайда жерленгені белгісіз. Оқтай шамамен 1957 жылы жұмбақ жағдайда өмірден өтті.
Алаш қайраткері Қошмұхаммед Кемеңгерұлы "Қазақ тарихынан" деп аталатын тарихи очеркінде: "Үкiметтiң қара қуғын жасаған күндерiнде айдауына да, абақтысына да шыдап, ел үшiн басын құрбан қылған ат төбелiндей ғана азамат тобы болды. Бұл топты баулыған – Әлихан", – деп жазды.
1. Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейханов.
7 Алаштың Әлиханы мен Арқадағы Ақтоғай.
10 Би ғаділ болмай, жұрт ісі ілгері баспайды
11 Ә.Бөкейхан тарихнамалық шолу
12 Ә.Бөкейханның туғанына 155 жыл
13 Әлихан әлемі
14 Әлихан. Ақтоғай.Алашшыл. ұрпақ.
17 Алыптың анасы Алаш көсемі Ә Бөкейхановтың анасы Бегім ханым жайлы сыр
18 Алаш мұраты және Тәуелсіз Қазақстан
19 Тұлғалар бейнесі -пошта маркаларында
20 Балдағым -Ақсораң, Ардағым- Әлихан!
22 Алаштың Ардақтысы-Әлихан Бөкейхан
23 1905 жыл. Қарқаралы петициясы
24 Ұлт азаттық көтеріліс және Бөкейхан өмірі
25 Ұлттың ұлы перзентінің генеалогиясы
26 Әлиханым- тарих, әнім-Ақтоғай!
28 Әлихан әлемі
30 Әлихан Бөкейхан мұраларының бүгінгі өмірмен сабақтастығы
31 Әлихан Бөкейхан және Ғұмар Қараш
33 Әлекеңнің қызы қайда жерленген
36 Әлағаң рухы Астана аспанында
Келулердің саны: 1088
Қазақстан туған елім,ұлы өлкем
25 қазан Республика күніне орай, Ақтоғай аудандық кітапхана оқу залы бөлімінің ұйымдастыруымен "Қазақстан туған елім,ұлы өлкем"…
Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан
Мәдениет үйінде Республика күніне орай өткен салтанатты шарада аудандық кітапхананың ұйымдастыруымен "Мәңгілік жаса, қыран елім…
Бүгін 24 — ші қазан кітапханашылар күні!
Бүгін 24 — ші қазан кітапханашылар күні! Кітапханалар – ғасырлар бойы келе жатқан биік парасаттылық пен білімділіктің…
Жылдың үздік кітапханашысы-2024
24- қазан кітапханашылар күніне орай "Жылдың үздік кітапханашысы-2024" аудандық байқауы өтті. Ашылу кезеңі Шашубай,Айыртас, Шабанбай,…
Жылдың үздік кітапханашысы-2024" аудандық байқауының жеңімпаздары
Үздік кітапханашы - Құлпейісова Жазира, Үздік жоба иегері - Сағындықова Нұршат, Үздік буктрейлер номинациясы бойынша Кенжебаева…
Гюго .В. Аласталғандар
Гюго .В. Аласталғандар/В Гюго ,ауд. ЗӘбдешов.-Нұр-сұлтан.Фолиант. 1-том. Роман .2020.-736 б. Француздың ұлы жазушысы В Гюгоның кең ауқымды…
Гюго В. Аласталғандар
Гюго В. Аласталғандар/ Виктор Гюго , ауд. С Абдрахманов. – Нұр-Сұлтан. Фолиант, 2- том.2021.-672 б. Француз жазушысы Виктор Гюгоның…
Мұқанов Сәбит . Аққан жұлдыз
Мұқанов Сәбит . Аққан жұлдыз . роман/С Мұқанов.- Нұр- Сұлтан. Фолиант, 1-кітап.- 2021.-448 б. С…
Диккенс Чарльз. Үміт құшағында
Диккенс Чарльз. Үміт құшағында . роман/Ч Диккенс , ауд. Г .Исмағұлова.-Астана. Фолиант, 2023.-488 б. Ағылшын жазушысы Чарльз Дикеннстің…
Кэрол Дуэк. Ойлау . Табысқа жетудің жаңа психологиясы.
Кэрол Дуэк. Ойлау . Табысқа жетудің жаңа психологиясы. Алматы. «Мазмұндама» қоғамдық қоры,2021.-260 б. Ғұмырыңыз мәнді, мағыналы…