Жоғары
Нашар көретiндер үшiн

Мүбарак Жармағанбетұлы

 

Мүбарак Жармағанбетұлы (1949-1998)

  1949 жылы 23-ші қарашада Ақтоғай ауданы Сартерек ауылында дүниеге келген. Табиғатынан тума талант, дарын иесі М.Жармағанбетұлының бүкіл ғұмыры баспа сөзбен, оның ішінде аудандық «Арқа еңбекер» қазіргі «Тоқырауын тынысы» газетімен тығыз байланыста өтті. 1973 жылы аудандық газетің ауыл шаруашылығы бөлімінің тілшісі, ретінде еңбек жолын бастаған М. Жармағанбетұлы газеттің бөлім меңгерушісі, жауапты хатшысы, редоктыры міндеттерін атқарды. Аудандық родиохабардың ұйымдастырушысы, обылыстық «Жезқазған туы» гезеттің меншікті тілшісі аудандық «Қазақ тілі» қоғамың төрағасы болды. 1996 жылдан бастап «Тоқырауын тынысы»- газеттің редакторы болып қызымет атқарды.

        Ақжарқын адал, үлкенге ізетті, кішіге қамқор, еліне сыйлы.

М. Жармағанбетұлы аудандық экономикасы мен мәдениетін көтеруге елеулі үлес қосты. Аудан халқы М. Жармағанбетұлын қалымды қаламгерлік қабілетімен жақсы таниды. Аудандық, облыстық баспасөз беттеріндегі М. Жармағанбетұлы жариялаған туындылар оқырмандардың көңілінен шығып, жүректі жаулап жататын. Жүрегі де жаны да нәзік М. Жармағанбетұлы елі ардақ тұтқан перзентінің бірі еді.

         М. Жармағанбетұлы 1998 7-ші желтоқсанда ауыр науқастан қайтыс болған.

         Мүбарак (Үмітай) Жармағанбетұлы ақындар көшіндегі дара жолы ұрпағымен жалғасып келеді. Жыр ғұмырын жалғастырушы ұлдары Бағдат пен Еркебұлан.

Пайдаланған әдебиеттер:

1)    Үмітай Жармағанбетұлы Жанымның жайдым жапырағын.

2)    Өлеңдер, естеліктер. Балқаш. 150 бет

3)    9965 – 9366 – 0 – 9      

4)    Ақтоғай – алтын бесігім энцоклопедиясы\ Құрастырған Шайбекова Г. – Ақтоғай. 2008ж

Интернет қамбалары:

http://www.calameo.com/books/002530169add6107c5e2f Ақиық ақын

http://www.calameo.com/books/0025301698ac2ab9bb182 Ақтоғай арыстар мекені


Келулердің саны: 339