Жоғары
Нашар көретiндер үшiн

Қараменді би Шақаұлы

Қараменде Шақаұлы (1720-1818) - Тобықтының атақты биі, шешен. Абай әкесі Құнанбайдың аузынан Қараменде бидің шешендік, даналық сөздерін көкейіне түйіп өскен. Әсіресе Қарқаралы өңіріне барып жүргенді естіген Қараменде бидің:

«Елі көшсе, бел жетім,

Үйрек-қаз кетсе көл жетім,

Ері жоқ ел жетім,

Елі жоқ ер жетім,

Жоқтаусыз кетсе, қыз жетім,

Жасы жеткен қарт жетім,

Парықсыз болса сөз жетім» -

деген өнегелі сөзін әрқашан үлгі тутып, балаларына өнеге ретінде айтып отырған. Қараменденің денесі қазіргі Жезқазған облысы Ақтоғай ауданы жеріндегі «Жұмбақ қара» деген таудың етегіне қойылған.

Қараменде Шақаұлы шамамен 1707-1797 жылдары Жезқазған облысында туып өскен. Шыққан тегі Қаракесек-Дадан. Қараменде жас кезінде Абылай хан билерінің отын жатып, шайын қайнатып беріп жүреді екен. Бір күні Абылай ханның жеті биі бас косып, жас әйел мен жігіттін арасын- дағы дауды қарауға отырады. Бил ер жігіт пен келіншекті жазаға бұйырады. Осы жазаны тыңдап, шай өзірлеп жүрген Қараменде оған риза болмайды да: - Маған бір ауыз сөз айтуға бола ма екен? - Сонда бір би тұрып: - Саған сөздің керегі не? Алдыңдағы шайды жөндеп кайнат! - дейді. - Екінші би: - Сөйлесін. "Асыл - тастан, акыл - жастан" деген. Тыңдап көрейік, - дейді Сонда Қараменде бала: — Ел ұрыссыз болмайды, тау бүркітсіз болмайды. Қол үйрексіз болмайды, к... ойнассыз болмайды. Қылышты қынабында кермесе бөрі бекер. Екі жасты елімге қиып, күнәкәр болар жайым жоқ, мені тыңдасаңыздар, бұл екеуінде кінә жоқ, азаттык беріңдер? - деп, кесім айтыпты. Билер Қараменде бялаиын бұл сөзін мақұлдап, жігіт пен келіншекті жазадан құтқарыпты. Осыдан былай Қараменде белгілі билер санатына қосылып, талай кесімді, шешімді билікті басынан өткеріпті.

Қараменде мен Кеңірбай би екеуінің билік тартысын М. Әуезов жұмбақ, тұспал айтысқа жатқызады. "...Дадан руының Боқта деген кісісінің бір ағайынынан Тобықтының Мырза дегені бесқысырақ ұрлап альгаты. Қуғыншы келгенде Мырзатанып, әлде неше рет сөз болып, аяғы Қабекең мен Қарамендеге барып, екеуі біріне- бірі сөз айтып, арасына қайта-қайта кісі жіберіпті. Аралыққа түсетін екі куә болмай, "ішек-қарын аршыған катыннан шыққан сөз" деп. Жұмағұл болып жабыла танған соң, күмәнға алайық десе, Тобықты көнбей, әбден ысқаяқ дауға айнаяпн. Сол тақырыпты Қабекең Байғара Кенбайды Қарамендеге жұмсардын алдында, сендер Қарамендеге: "Шын болса, желдеген тайы шығар, өтірік болса қазақтың баяғы жала жапқан жайы шығар" - деңдер дейді. "Батыр айғак, бай шүгелі болмаған даудың жайы болатынын Қараменде өзі айтсын", - ден айтыңдар. Сонда Қараменде айтар: "Бұл Қарекеңнің күмән ал дегені ме, не басқа жүзден келген жау емес. Қараменде мен Кеңірбай бес тайын таба алмай, күмәнға салыныпты дегенге жанның бәрі күлмей ме? Онан да Қабекең өзі-ақ не бар, не жоқ қылсын, мен сөзімді сол кісіге билеттімдер". Сонда сен ойланғансып отыр да: "Япыр-ай, бұрын да антұрған шатасқан дау еді. Енді екеуіңнің араңда жүріп, осы бес тай үшін өміріміз өте ме?" - де. Бұл сөзіңізді айтқанда Қабекең: "Қараменденің мұнысына рахмет, деп жұта салғаным лайық емес қой, мен өзіне бергенім берген десе тағы ңайта келем бе. Бітімін айтып берсеңіз болмай ма. Қабекең сізге берді ғой" деңдер. Сонда Қараменде айтар: "Кеңгірбай бұл сөзді маған біржола беріп отырған жоқ, онысын сөз косып, құрығын ұстай беріп, отырғанын білмеймісің. Оның қасында көп жүріп, сырлас болып, едің ғой. 

Құйрығын ұстап мал берсе,

Қолыма тиді демеңіз

Алаканын жаймай ас берсе,

Асатты ғой демеңіз.,

-деп, Құттыбай би айтқан жоқ па. Бұл сөзді мені қыстамай-акөзі айтсын, бірақ:

"Қоңырау қағу кімге жөн,

Өмірді қағу кімге жөн.

Осынымды айт,

- дер. Сонда сен: "Бұл соңғы сөзді Қабекеңе айтып бәрін. Мұныңыз Қабекеңнің өзін күмәнға ұстаған болмай ма? де, ол сөз даймын, баяғыда Қазыбек би Әнет бабаңнан шариғатпен үйренемін деп, көшіп келіп, бір жаз үйреніп, күз қайта ақыңцы айт, бата бер" дегенде, бабаң не деп еді. Соны сұрай кел, оны сөзге не айтса да ұмытпай кел деп еді-ау Кенебай Қарамендеге келіп, Қабекең сөзін айтса, дегенін айтыпты. Үйретінді сөздерге дәл айтқандай. "Соңғы сөзіңді айтпаймын, бабаң Қазыбекке не деп еді?" - дегеі деп тұра қалып: "Мен адасып отыр екенмін ғой. Бұл сөз емес, Кеңгірбайшаның сөзі екен ғой жауласқан, жатқа маған айтқаны екен ғой:

Көбік ауыз боқты көнбес,

Көк ауру маза бермес.

Кеңгірбай сөзі бұл болса,

Бұл ара қоныс болмас.v

Кеңгірбайға сөлем де, бұл сөзді маған берсе, мен бес қылдым. Ол үлкен болып коныс алсын, мен отау болып өріп

Күндердің күнінде,

Көрісерге күн жақсы болсын.

Алыстан іздемесін,

Кезең астындағы кең қақтан

- депті. Әнет бабаң:

Қазақ жолы қанағат,

О да жолдан адаспас.

Қасаңдау емі шариғат,

Оған ешкім таласпас,- деген екен.

Қараменде мен Кеңірбай билердің бұл жұмбақтау, заманымыздың ұлы жазушысы әрі фольклоршысы Мұхтар Әуезовтың 1927 жылы Қызылорда баспасынан, 1991 жылы "Ана тілі" басылып шыққан "Әдебиет тарихы" атты кітабынан алынды 188-191 бб.).

Өлтеке Жидебай батыр әрі шешен болған екен. Жидебай көп жасап, көпті көріпті. 95 жасқа дейін өмір сүріп, нәсілі өсіп немерелі-шөберелі болыпты.

Бертін қартайған кезінде жастық шағынан жолдасы Қараменде би есіне түсіп, өткен жастық шағындағы істерін, қартайып-кажығандағы өзгерістерін айтып, пікір алыспақшы болуды ойланады. Бірақ өзі бара алмайды да, сөз мөнісін білетін бір жас жігітті шақыртып:  -Шырагым, Тобықтыда Қараменде деген досым бар еді. Көрмегелі көп жылдар болды, сагындым. Өзім іздеп баруға шамам жоқ, о да қартайды, іздеп келе алмайды. Соған айтатын бір сөлемдерім бар еді, соны жеткізіп келші? - дейді. Жігіт жүрмекші болған сон Жидебайдың айтқаны: "Бес ауыз бір сөзім бар, алты ауыз бір сөзім бар. Осыларды бірімен-бірін шатастырмай ұғып ал", - деп таныстырады. Жидебайдың айтқан сөзін жігіт жаттап алады. Бес ауыз бір сөзім:

Төрт нөрседен үміт бар,

Бір нөрседен үміт жоқ, -

Осыны айт. Алты ауыз бір сөзім:

Мұсылман жаудың қолында қалдым,

Бес атанын малын іздеп әуре болдым.

Алпыс ат үйір бермеді,

Жетпіс торғай шырылдайды,

Сексен балапан үя басып жатыр,

Тоқсан жүмыртқаның қашан жарылары белгісіз.

Жаздың күні жайлауга қонган қалың елді аралай бірнеше күн жол жүріп, баганагы жігіт Қарамендені іздеп табады. Біраз күн жатып тыныгып, ел жайлы, ер амандығына қаныққасын жігіт қайтпақшы болады. Сонда Қараменде: "Жидекем тірі болса, маган басқа сөлем айтпады ма?" - деп сүрапты. Сонда жігіт батырдың сөлемін айтыпты. Қараменде шартта жүгініп отырып, көп толғанып-ойланады. Біраздан кейін: - "Төрт нәрседен үміт бар" дегені, адам баласы төрт нөрседен үмітпен жүріп өтеді екен-ау:

Жас өсемін деп үмітті.

Жалғыз көбейемін деп үмітті,

Жарлы байимын деп үмітті,

Ауру жазыламын деп үмітті.

"Бір нәрседе үміт жоқ" дегені - шіркін, көктемі мен жазы өтіп жапырағы кураған ағаштай, ұрты солып, жаты суалған көріліктен ғана үміті жоқ екен, - дейді. "Мұсылман жаудың колында қалдым" дегені бірге жасасып, өмір сүріскен, бір-біріне иістері сіңіскен жастык шақтың жолдасы - жұбайы қайтып, жесір болып, келін баласының қолына қарап қалған екен ғой. Екі елі аузына төрт елі кақпак койсын, балаға сонда ғана сыйымды болады, - депті. "Бес атаның малын іздеп әуре болдым" дегені: Қайран батыр қартайып, көзі көр болтан екен той. Жастан серік болтан бес жолдасы: "Мәсуік, тәспіқ, орамал, бәкі, қамшы -болар. Осылардың басын құрап жинау үшін жан-жағын сипалап іздеп тапқанша, түске дейінгі уақыты өтеді екен ғой. Жанына жан калта, төсіне төс кдлта салдырып алсын депті. Ол уақыттағы қазақтың киімдеріне қалта салынбайды екен. "Алпыс ат үйір бермейді" дегені: алпыс жас ағайынды жауға беріспейтін қайрат-күштің қайтпайтын кезі екен ғой. "Жетпіс торғай шырылдайды" дегені: - жетпісте торғайдай ғана қуатым қалды дегені екен той. "Сексен балапан ұя басып жатыр" дегені - сексенде ұяда жатқан балапандай төсек тартып жаттым дегені екен ғой. "Тоқсан жұмыртқа қашан жарыларын білмеймін" дегені - тоқсаннан асқан жасым бар, бір аяғыммен қабірдемін, ажал қашан жетеді деп күтудемін дегені екен ғой, - депті.

Памятник Караменде би (Балхаш) | памятник,монумент


Келулердің саны: 1805