Жоғары
Нашар көретiндер үшiн

Шалғынбай Томайұлы

 Шалғынбай Томайұлы

 /1534-жылы белгісіз/

 Шалғынбай күйші 1534 жылы Тоқырауын бойында дүниеге келген. Шалғынбайдың арғы тегі Әлтеке. Әлтекеден Әтембек, Әтембектен Томай, Томайдан Шалғынбай туады. Үлкен балалары домбырашы, қобызшы сонымен қатар шешендіктерімен ел - жұртқа белгілі болған жандар. Шалғынбайға бабалары бірде аян береді. Түнде ақсақал адам келіп:

 - Балам жай қолынды, ал мына домбыраң мен қобызыңды, кедейліктен кетпейсің, байлыққа жетпейсің I ырзығың осында деген, - екен. Ақсақалдың берген батасы қабыл болып, Шалғынбайға күй атасы қонып ел аузына ілігіп, аты шыға бастайды. Шалғынбай қобыз бен домбыраның қос шегінде ойнаған керемет күйші болған. Оның күйлері жөнінде деректер аса сақталмаған. Мына бір күйі жөнінде Шалғынбай туралы ел аузынан жазып алған Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің естелігінде кездеседі. Бір ауылда шілдехана тойы болады. СоғанШалғынбай күйші де келеді. Сол тойда Шалғынбзй өзінің «Нарінген» атты күйін тартып береді. Жұрт бұл күйдің аты қалай дегенде, Наргінгеннің шығу тарихын айтып берген. Шалғынбай күшінің ұрпағы Сыр бойын мекен еткен. Күйшінің зираты Кенелі тауының бәктері Әулие атаға қараған бет қызыл адырда жолдыңбойында. Зират отаулы терт құлақты. Ақтоғай ауданының тұрғыны Қазақ тарихы және мәдени ескерткіштерді қорғау қоғамының құрметті мүшесі Аманқұл Мұсатайұлы ағамыз Шалғынбай күйшінің зиратынан киіз және шүберекпен оралған қара қобызын тауып алған. Оны Әлкей Марғұланның сұрауы бойынша Алматыдағы көне қззақ аспаптары мүражайына тапсырған.


Келулердің саны: 963