Мемлекеттік рәміздер туралы
«Мемлекеттік рәміздер – бұл біздің мемлекетіміздің, біздің егемендігіміздің берік негізінің бірі.
Олар Тәуелсіздіктің қасиетті біріктіруші образын білдіреді».
Нұрсұлтан Назарбаев
«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы» Конституциялық Заң 2007 жылы4 маусымда қабылданды (заңның толық мәтіні). Осы Заңға сәйкес жыл сайын 4 маусым Қазақстан Республикасында Мемлекеттік рәміздер күні ретінде мерекеленеді.
Мемлекеттік рәміздер – бұл кез келген мемлекеттің егемендігі мен біртұтастығын бейнелейтін, оның ажырағысыз атрибуттарының бірі. Қазақстан Республикасында Мемлекеттік ту, Мемлекеттік елтаңбажәне Мемлекеттік әнұран мемлекеттік рәміздер болып табылады.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы
Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы – ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Тудың сабының тұсында ұлттық өрнек тік жолақ түрінде нақышталған. Күн, оның шұғыласы, қыран және ұлттық өрнек бейнесі алтын түстес.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік туының авторы – Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Шәкен Ниязбеков.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы – дөңгелек нысанды және көгілдір түс аясындағышаңырақ түрінде бейнеленген, шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап уықтар шаншылған. Шаңырақтың оң жағы мен сол жағында аңыздардағы қанатты пырақтар бейнесі орналастырылған. Жоғарғы бөлігінде – бес бұрышты көлемді жұлдыз, ал төменгі бөлігінде «Қазақстан» деген жазу бар. Жұлдыздың, шаңырақтың, уықтардың, аңыздардағы қанатты пырақтардың бейнесі, сондай-ақ «Қазақстан» деген жазу – алтын түстес.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік елтаңбасының авторлары – белгілі сәулетшілер Жандарбек Мәлібеков пен Шот-Аман Уәлиханов.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұраны
Бұрын «Менің Қазақстаным» әні ретінде танымал болған Қазақстанның әнұраны Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасы бойынша 2006 жылы 6 қаңтарда еліміздің Парламентінде бекітілді. Бірінші рет ол 2006 жылы 11 қаңтарда Мемлекет басшысының салтанатты ұлықтау рәсімінде орындалды.
Музыкасы – композитор Шәмші Қалдаяқовтікі, сөзі – Жұмекен Нәжімеденов пен Нұрсұлтан Назарбаевтікі.
Келулердің саны: 7314
"Поэзиялық элегия", әдеби лото"
Көрнекті қаламгер, қазақ балалар әдебиетін дамытушы ақын Мұзафар Әлімбаев "Аспандағы әпке" жинағы үшін Қазақстанның Мемлекеттік…
"ҚҰТ" кітабының тұсаукесері
Құрметті жерлестер!!! Сіздерді 21 қараша күні сағат 10.30да өтетін Ақтоғайдың тумасы, ХАЛЫҚАРАЛЫҚ, РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АҚЫНДАР…
«Сарқылмас сырлы Сарыарқа»
Кежек ауылдық кітапханасында жерлес жазушы, драматург Аманолла Шайбековтың шығармаларын насихаттау мақсатында «Сарқылмас сырлы…
"Ұлттық теңге-Тәуелсіздігіміздің нышаны"
Шашубай кенттік кітапханасының кітапханашылары 15 қараша - Ұлттық валюта күніне орай кентіміздің мектебіне барып "Ұлттық…
"Әдебиет төріндегі Төлен Әбдіков"
"Бір ел-бір кітап" аясындағы "Әдебиет төріндегі Төлен Әбдіков" атты альманах. Оқырмандарға шығармалары ұсынылып, оқыуға кеңес…