Жоғары
Нашар көретiндер үшiн

Қазақстанның ашық кітапханасы

«Қазақстанның ашық кітапханасы» жобасы http://ikitap.kz/

Интернеттің таралу ауқымы кеңейген, қоғамды қайта қалыптастыру қуаты артқан кезеңдегі біздің бүгінгі талабымыз — осы ақпараттық салада қалыс болмай, инновацияларда кенже қалмай жүріп, жаңалықтарды өз мүддемізге жарата білу болмақ.

«Қазақстанның ашық кітапханасы» жобасы осыған орай жасалған жоба. Мақсаты — халқымыздың асыл қазынасы саналған мұрағаттарды, көненің көзіндей болған өнер жауһарларын, ұлттық құндылықтарымызды көпшілікке таныту, келешек ұрпаққа жеткізіп, бойына дарытып, қазақ әлемімен етене жақын болуына дәнекер болу, екіншіден, ұлттығымызды әспеттеп, қазақ руханиятын толықтыруға салмақты үлес қосып, қазақ ақын-жазушыларының шығармаларымен етене жақын танысқысы келетін кез келген адамды кез келген жерде аса көп қиындыққа кезіктірмей қажетті ақпаратпен қамтамасыз етіп, көпшіліктің сұранысын өз дәрежесінде қанағаттандыру.

Тұтынушының өзіне қажетті тұлғаның қажетті шығармасын оңай, тез және қарапайым тәсілмен тауып алуына мүмкіндік туғызатын, өз ішіне барлық қазақ жазушыларының осы кезеңге дейін жарық көрген шығармаларын топтастыруды көздеген «Қазақстанның ашық кітапханасында» тұтынушы өзіне қажетті жазушыға не өнер саңлақтарына қатысты деректерді не шығармаларды оқып қана қоймай, халқымыздың өнер туындыларын, сондай-ақ көркем әдеби шығармаларды аудионұсқада тыңдауларына мүмкіндік алады.

Бүгінгі күнде «Қазақстанның ашық кітапханасында» түрлі бағыттағы 1000-нан аса шығарма жинақталған. Оның негізін «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы аясында жарық көрген туындылар құрайды. «Қазақстанның ашық кітапханасына» елімізге, қала берді әлемге танымал өмірден өткен тұлғаларымыздың қоғамдық игілік санатына енген шығармаларымен қатар қазіргі ақын-жазушыларымыздың да шығармалары фонда еркін лицензиялары негізінде авторлық құқықтары сақталып енгізілуде. Осы негізде қазақ тілі мен мәдениетінің дамуына серпін берер жобаға ықылас танытып, шығармаларын енгізуге алғашқы болып рұқсат БергенІлияс Жансүгіров , Сәкен Сейфуллин , Мұхтар Әуезов , Ғабиден Мұстафин , Қасым Аманжолов , Бауыржан Момышұлы , Зейін Шашкин , Жұбан Молдағалиев , Қалижан Бекхожин , Сағи Жиенбаев , Ғафу Қайырбеков , Мұқағали Мақатаев , Фариза ОңғарсыноваӘбіш Кекілбаев , Зейнолла Қабдолов, Сафуан Шаймерденов , Қалтай Мұхамеджанов , Мұхтар Шаханов , Сәкен Жүнісов , Софы Сматаев , Жанат Ахмадиев , Қабдеш Жұмаділов , Сәуірбек Бақбергенов сынды ақын-жазушылар мен олардың ұрпақтарына үлкен алғысымызды білдіреміз.

Сондай-ақ «Қазақстанның ашық кітапханасы» қорын мектеп бағдарламасындағы «Қазақ әдебиеті» пәнінде оқытылатын 175 автордың 1500-Ден аса шығармасының аудихрестоматиясы толықтыруда. Бұл арқылы кез келген тұтынушы мектеп бағдарламасында қамтылған күні бүгінгі кезге дейінгі тұтас бір әдеби әлемге еніп, туындылардың аудионұсқасын тыңдауға мүмкіндік алады.

«Қазақстанның ашық кітапханасы» тек қазақ әдебиеті шығармаларымен ғана шектелмек емес, осы кезеңге дейін қазақ тіліне аударылған шетел әдебиетінің де көрнекті шығармаларын қамтыған және ғылыми-зерттеу, танымдық, публицистикалық материалдар да орналастырылмақ.

Жобаның арқалаған жүгі салмақты: мұның барлығын жаһандану дәуіріндегі ұлттың ұлтсыздану үрдісіне қарсы тұру, сондай-ақ интернет желісінде қазақтілді мазмұнды арттырып, тіліміздің қолданыс аясын кеңейтіп, келешегінің жарқын болуына демеу көрсету, кез келген қазақстандықты, болашақ ұрпақты өз халқының аса бай да, нәрлі рухани дүниелерімен таныстырып, рухани қуат беріп, кемелдендіру деп қарастыру керек.

 


Келулердің саны: 6093