Жоғары
Нашар көретiндер үшiн

Шекарадағы кездесулер

Ресей-Қазақстан: «Шекарадағы кездесулер» мегажобасы  http://www.nlrk.kz/

   2001 жылы ЮНЕСКО-ның «Ақпарат баршаға» бағдарламасының Ресейлік комитеті Ресей мемлекеттік кітапханасымен және ҚР Ұлттық кітапханасымен бірлесіп  Ресей және Қазақстанның «Гуманитарлық сала  ынтымақтастығы» бағдарламасы аясында бірлескен  электрондық кітапхана құру көзделген  Ресей–Қазақстан:  «Шекарадағы кездесулер» жобасын жүзеге асыруды бастады.

   Жобаның мақсаты – кітапханалар арқылы  бірегей электрондық ресурс қалыптастыру жолымен  ақпараттық ресурстарды жинау, сақтау және тарату, пайдаланушыларға желілік сервистер ұсыну, Интернетте Ресей және Қазақстан халықтарының мәдени-тарихи байланыстарын ашатын және қолжетімді электрондық топтамалар жасау және оларды орналастыру. Жобаны жүзеге асыру ұлтаралық өзаратүсіністікті және мәдениеттердің өзара баюы мәселелерін шешуге және екі мемлекет арасында болып жатқан мәденитанымдық, біліми, ағартушылық мәні зор интеграциялық процестерге ықпал ету.

   Ресей–Қазақстан: «Шекарадағы кездесулер» жобасының Тұжырымдамасы, жобаны жүзеге асырудың іс-шаралар жоспары, техникалық-экономикалық негіздемесі құрастырылған және қабылданған, соның ішінде қызметтік семинар-кеңестер өткізу. Қатысушы-тараптар арасындаа Ресей-Қазақстан: «Шекарадағы кездесулер» жобасын іске асыру ынтымақтастығы туралы Келісім жасалды. Жобаның Тұжырымдамасы «Европа-Азия» кітапхана ендігі аясында Ресей және Қазақстанның шекаралас кітапханаларының ынтымақтастығын кеңейтуді көздейді.

   Жобаға қатысушылар:

   Ресей Федерациясы тарапынан: РФ Мәдениет министрлігі, Ресей мемлекеттік кітапханасы, Кемеров мемлекеттік мәдениет және өнер университеті, Омбы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы, Н. К. Крупская атындағы Орынбор облыстық көпшілік кітапханасы, Новосибирь мемлекеттік облыстық ғылыми кітапханасы, Н. К. Крупская атындағы Орынбор облыстық әмбебап кітапханасы, Челябі облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы, А. К. Югова атындағы Қорған облыстық әмбебап кітапханасы, Троицк қалалық кітапханасы, Алтай Республикасының Қосағаш қалалық ұлттық мәдениет орталығы.

   Қазақстан Республикасы тарапынан: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі, ҚР Ұлттық кітапханасы, С. Мұқанов атындағы Солтүстік Қазақстан облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы, А. С. Пушкинатындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы, Ж. Молдағалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы, С. Торайғыров атындағы облыстық кітапханасы, Л. Н. Толстойатындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы, Г. Сланова атындағы Атырау облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы.

   Жобаны іске асырудың  маңыздыі кезеңдері:

- 2002 жылы –  «Евразия – мәдениет және кітапханалық ресурстар интеграциясы» халықаралық конференциясы (Орал қ. өтті. Конференция барысында РФ Мәдениет министрлігінің 2002–2005 жылдарға арналған жоспарына  енгізілген Ресей Қазақстан: «Шекарадағы кездесулер» жобасының  негізгі бағыттарын қарастыруға және нақтылауға қол жетті.

- 2002 жылы –  «XXI ғасырдағы Еуразиялық. Шығыс-Батыс: кітапхана-лардың электрондық  ынтымақтастығы» тақырыбында халықаралық семинарда (Петропавл қ.) жоба жүзеге  асырылуға жолдама алды. Жобаның жоспары және нақты мерзімі белгіленді, электрондық кітапхана құру базасы ретіндн С. Мұқанов атындағы Солтүстік Қазақстан облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы  және А. С. Пушкин атындағы Омбы мемлекеттік ғылыми кітапханасы  таңдалды.

- 2003 жылы – ЮНЕСКО-ның «Ақпарат баршаға» бағдарламасының Кузбастағы күндері (Кемеров қ.) өтті; Осы жылы ҚР Ұлттық кітапханасында, С. Мұқанов атындағы Солтүстік Қазақстан облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында  және А. С. Пушкин атындағы Омбы мемлекеттік ғылыми кітапханасында бірлескен электрондық кітапхана жасақталды;  2003 жылғы ақпан айының 1-ші онкүндігінде жобаны жүзеге асыру мақсатындаС. Мұқанов атындағы Солтүстік Қазақстан облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында  арнайы бөлім құрылды. Оның мақсаты – электрондық ақпараттық ресурстарды жинауды, сақтауды және тиімді пайдалануды қамтамасыз ету және кітапхананың қор байлығын ашу. Міндеті: электрондық қорды толықтыру; құжаттарды электрондық түрде жеткізуді жетілдіру; пайдаланушылармен «кері» байланыс орнату; аймақтардың ақпараттық, білім беру мен мәдени орталықтарымен байланыстарын нығайту. Бөлім заманауи компьютерлермен, сонымен қатар мәтін, позитив, видео және аудио құжаттарын сандық түрге көшіретін құралдармен жабдықталған. Бөлімде білікті мамандар, соның ішінде программистер мен ЭВМ операторлары қызмет атқарады. Бөлім облыстық әмбебап ғылыми кітапхана және бөлімге қарасты ақпараттық-библиографиялық «Краевед» клубымен, ҚР Ұлттық кітапханасының Қазақстандық корпоративтік каталогтауорталығымен, Ресей мемлекеттік кітапханасының Ақпараттық-компьютерлік жүйе бөлімімен ынтымақтастық тұрғыдан  қызмет атқарады.

  • 2006 жылы – «Қазақстан–Ресей: мәдениеттер диалогы» семинар-кеңесі өтті. Семинар кеңес барысында  Жоба жаңа қатысушылармен толықты және Ресей – Қазақстан: «Шекарадағы кездесулер» атты  екі жақты форматтан «Ұлы Жібек жолындағы Керуен сарай» атты көп жақты форматқа көшті. Тұжырымдамасы – ақпараттық магистральдің байланыстырушы буыны «Мәскеу-Алматы-Дели» болып табылатын «Еуропа-Азия» кітапханалық ендік аясындағы ынтымақтастықты кеңейту. Ол тек Ресей және Қазақстан кітапханалары үшін ғана емес, Орталық және Орта Азияның мекемелік тиесілігінеқарамастан ұлтаралық диалогты нығайтуға және дамытуға ықпал етуге дайын  барлық кітапханалар үшін ашық. Семинарда шекаралас кітапханалардың Ресей – Қазақстан: «Шекарадағы кездесулер» жобасына бірігу Келісіміне (хаттамаға) қол қойылды. Жоба бойынша Омбы, Петропавл, ҚР Ұлттық кітапханасынан тиісті материалдар жинақталды.
  • 2008 жылы –Л. Н. Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы базасында «Ресей-Қазақстандық жоба «Шекарадағы кездесулер»: «Электрондық кітапхана – халықаралық әріптестік»   тақырыбында республикалық семинар  өтті. Семинар аясында  жобаға қатысушылар қатарын жаңа қатысушылармен, Л.Н.толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасын  (ҚР) және А. Г. Югов атындағы Қорған облыстық ғылыми кітапханасын, Челябі облыстық ғылыми кітапханасын және Троицк қалалық кітапханасын (РФ) бірлестіру арқылы кеңейту ұсынылды. Жобаны жүзеге асыру туралы іс-шаралар жоспарына сәйкес Ресей мемлекеттік кітапханасы ҚР Ұлттық кітапханасы қорына сандық түрге көшірілген кітаптар мен авторефераттардың (232 атау) 13 дискісінсыйға тартты. 2007 жылы ҚР Ұлттық кітапханасы сайтында жоба, қатысушылар, құжаттар, іс-шаралар,толық мәтінді электрондық кітапхана туралы веб-бет (www.nlrk.kz)  ашылды. ҚР Ұлттық кітапхананың электрондық кітапханасында 315 толық мәтінді  құжат  берілген.
  • 2009 жылы – ҚР Үкіметімен ТМД-ға қатысушы-мемлекеттердің  шекаралас кітапханалары базасында кітапханалық-ақпараттық кеңістік қалыптастыру Тұжырымдамасы қабылданды. Тұжырымдаманың мақсаты – ТМД-ға  қатысушы-мемлекеттердің   мемлекетаралық қарым-қатынасын тереңдету жағдайында мәдени және ақпараттық-кітапханалық кеңістік  қалыптастырудағы мақсаттар мен басымдықтарға  өзара келісілген көзқарас жүйесін қамтитын позицияларды, статегияларды және негізгі бағыттарды анықтау болып табылады. Шекаралас кітапханалар базасында кітапханалық-ақпараттық кеңістік қалыптастыру Тұжырымдамасын  ары қарай жүзеге асырудың 2009–2010 жылдарға арналған  жоспары жасалды.  «Шекарадағы кездесулер» жобасына тарихи тамыры терең  Ресей және Қазақстан мемлекеттері мүдделілік танытты, болашақта жобаға екі мемлекеттің басқа да шекаралас  кітапханаларын   қосу жоспарланып отыр. Жоба Ресей және Қазақстанның ұлтаралық диалогты нығайтуға және дамытуға ықпал етуге дайын, екі жақты байланысты дамытуға және электрондық топтамалар құруға мүдделілік танытушы барлық  кітапханалардың серіктестік қатынасы үшін  ашық.

Келулердің саны: 10606