Жоғары
Нашар көретiндер үшiн

Жыр –Жауһар поэзия клубы

2010 жылы қазан айында оқу залы бөлімінен «Жыр -Жауһар» поэзия клубы ашылған. Ақын жазушылардың жылдық мерейтойымен тұспа –тұс келіп,құтты өлкедегі қарқымды қаламгердің басын қосу. Мақсаты-өлең атты мұзарт шыңға қол созған, жауқазын жыр жазуға талпынысы бар жас таланттарды қолдау болып табылатын бұл клуб уақытымен жұмыс жасауда.

Клубтың алғашқы ірге тасын қалап,қабырғасын құрған жас дарындардың қатарында Ноғайова Әсел, т.б кәзіргі таңда белесене қатысатын жас буындар Қабдолла Гүлім,Қабдолла Аййда,Тұрсынхан Аружан,Зекен Амина ,Өмірбай Жасмин, болатбай Әлішер, жас толқын қаламгерлер келіп қосылды.

Ғасырлар бойы жалғасып келе жатқан Ұлы көштің дәуренін салып жүрген «Жыр -Жауһар» поэзия клубының бүгінгі қарқыны көңіл марқайтып,көз қуантады.Поэзияға жақын оқырмандар өткізілетін барлық әдеби шараларға ат салысып, өздерінің поэзияға деген құштарлығын көрсетуде.Баршаға танымал ауданымыздың ақын жазушыларының өлеңдерінен поэзия кештерін өткізіп тұрамыз.Жыр –Жауһар клубында көптеген әдеби шаралар өткізіліп тұрады.Қазақ әдебиетінен ойып тұрып орын алған ақтаңгер жазушылар мен аймаңдай ақындардың мерейтойларын атап өту,жергілікті қаламгердің жарқ көрген кітаптарының тұсаукесер рәсімдерін өткізу, әртүрлі тақырыптық сайыстар мен мерекелік кештер –мұның барлығы «Жыр -Жауһардың» дәстүрлі түрде ұйымдастыратын іс –шаралардың қатарында.

Мақсаты: оқырмандарды кітапханаға тарту, кітапқа деген қызығушылығын арттыру мақсатында жыр сүйер қауымға арнап «Жыр- жаухар» клубы жұмыс жасайды

Жыр –жаухар клубында ақиық ақындардың поэзиясын жас ақындар тәлімгер ақын ағаларының қыры мен сырын үйреніп және еліміздегі қаламы әбден ұшталған дарынды ақындардың мерей тойларында шығарған өлең шумақтарынан поэзиялық кеш өткізіліп тұрады.

Бағыты

Жастардың бетін кітапқа бұрып,ықыласын кітапханаға аударатын клуб жұмыстарының жастарға берері мол. Жыр сүйер жастардың шығармашылығын шыңдауға, ақындардың шығарған поэзиясын мәнерлеп оқуға тәрбиелеу.

Клубтың міндеті: Жастарды кітап оқу мәдениетіне тәрбиелеу,олардың поэзияға деген қызығушылығын арттыру                  

2018 жылға арналған жұмыс жоспары

                                                             29 қаңтар

Ақын,педогог,турколог,ғалым,Қаз АКСР халықағарту комиссарыА.Байтұрсыновтың туғанына 145 жыл толуына орай «Қазақ халқының ұлы ақыны» кітап көрме ұйымдастыру.

                                                         13 ақпан

Қазақ совет ақыны М.Мақатаевтың туғанына 85 жыл толуына орай «Мұқағали мәңгілік ғұмыр» кітап көрме ұйымдастыру «Мәңгі өлмес жырымен ізқалдырған» әдеби сазды кеш.

Кеш,қысқа ғана ғұмырында айналасын таңқалдыра,тамсандырып, жыр маржандарын жұртына сыйлаған М.Мақатаевтың өлмес өлеңдерін дәріптеп,көңіл мерейін қандырып,жастықтың қайнар көзін сусындату мақсатында ұйымдастырылып отыр.кеште клуб мүшелері ақынның өлеңдерін оқып,оған арналған өз жырларынан да шашу шашпақ.

                                                         13 наурыз

Ж.Қашқыновтың «Ашылған сыр» кітабына 40 жыл мәнерлеп оқудан жарыс

                                                         21 наурыз

                                                      наурыз –думан

Биылғы жылы «Жыр –Жауһар» клубтарының мүшелері Ұлыстың ұлы тойы Наурыз мейрамын бірге қарсы алуды жоспарлап отырмыз.Думандата ән салып,өлең оқылатын бұл мейрамды қызықты ойындармен сайыстар да жүргізілмек.

                                                           4 сәуір

                                     «Поэзия әлемінің дарабозы»

«Түркі тілдес халықтар арасындағы ең үздік әлем ақыны» атанған.Қазақстанның халық жазушысы М.Шахановтың өлеңдерінен поэзиялық кеш ұйымдастыру.

                                                               11 Маусым

І.Есенберллиннің « Ғашықтар» повесть талдау

                                                               17 Шілде

Қазақтың ұлы ақыны ,әдебиет зерттеушісі,ағартушы және аудармашы Мағжан Жұмабаевтың туғанына 125 жыл «Алтын ғасыр әдебиетінің маржаны» кітап көрме ұйымдастыру.

                                                         27 тамыз

С.Ақсұңқарұлының «Жез тасқын» өлеңдер мен поэмасына 30 жыл толуына орай мәнерлеп оқу

                                                              12 қазан

Мариям Хакімжанова «Ана жүрегі» 60 жыл поэзия кешін өткізу.

                                                                  Қараша

Сайын Мұратбековтың «Отау үй» әңгімесіне 50 жыл оқырмандар арасында талдау өткізу.

                                                                 Желтоқсан

ҚР Тәуелсіздік күніне байланысты «Тәуелсіз деп соғады жүрегіміз» мерекелік кеш өткізу.


Келулердің саны: 5881