Жоғары
Нашар көретiндер үшiн

Тарихы

«Бір ел — бір кітап» акциясының тарихы

 

Кітап оқымаған адам – тамырсыз қаңбақ.

Өркениетті мемлекет болу үшін жеке пенделерді ғана байытып отырған материалдық байлық емес, ол мемлекет адамдарының рухани байлығы керек.
Кітап – сол рухани байлықтың негізі бөлімі 

Фариза Оңғарсынова 

 

 Жобаның идеясы АҚШ-та өте танымал болған. Бір кітапты жалпы қала болып оқу идеясы АҚШ-тыңсолтүстік-батысындағы ірі қала Вашингтон штатына қарасты – Сиэтл көпшілік кітапханасының кітап орталығы тарапынан ұсынылған. 1998 жылы «Егер Сиэтлдің бүкіл тұрғыны бір кітапты оқыса» тақырыбымен алғаш өткізілген акцияның мақсаты – Сиэтл халқының бірлігін нығайту және оларғаоқуды насихаттау. Бұдан соң осыған ұқсас мәдени шаралар ЧикагоБуффалоРочестер қалаларында да ұйымдастырылды.

 «Бір кітап, бір Чикаго» бағдарламасы Чикаго көпшілік кітапханасында басталды. Оның негізгі мақсаты қаланың ересек тұрғындары мен жастарын бір кітапты бір уақытта оқуға және оны ұжым болып — отбасында, жұмыста жолдастары мен таныстары арасында, кітапханаларда, оқу мекемелерінде, кітап дүкендерінде, діни ұйымдарда, кафелерде және басқа да қоғамдық орындарда талқылауға ынталандыру болып табылады.

 2000 жылдың қазан айында Чикаго қаласында «Чикагода кітаптар апталығы: Оқуға құмар қала» тақырыбымен тұңғыш рет қалалық фестиваль өтті. Осы фестиваль аясында қоғамдық талқылаумен және авторлар баяндамаларымен бірге кітап тұсаукесерлері, сондай-ақ семинар, экскурсия секілді басқа да шаралар ұйымдастырылды. 7 апта бойы Чикагоның он мыңдаған халқына ауқымды іс жүргізіліп болған соң, американ жазушысы Харпер Лидің (1926 ж.) «Убить пересмешника» (1960 ж.) атты романы талқылауға түсті. Кітап авторы бүкіл әлем мен осы замандық Чикаго үшін өзекті болған толеранттық және нәсілшілдік сияқты маңызды мәселелерді алға тартады. Бүгінде «Бір ел – бір кітап» жобасының идеясы әлемдегі көптеген елдерге кең тараған (Испания, Латын Америкасы елдері және Корея т.б.). авторы Испанияда Габриэль Гарсиа Маркестің 80 жылдығына арнап «Сто лет одиночества» романынан оқу марафоны өткен еді. Қалаушылар романды бірнеше күн бойы үздіксіз дауыстап оқыды. Осы марафонды Испания Үкіметі басшысының орынбасары Мария-Тереса Фернандес де ла Вега ашты. Бұдан дәл 40 жыл бұрын жарыққа шыққан романды 7 бетке сыйғызып айту үшін әрбір қатысушыға 15 минуттан уақыт бөлінген.

   2003 жылы Кореяда бірлесе оқуға негізінен балалар кітабы таңдалды. Бұл жоба одан кейін «Бір кітапхана – бір кітап», «Бір ауыл – бір кітап» деген жобалар түрінде көрініс тапты.

   «Жаппай оқу оқиғасы» жыл сайын Англияның оңтүстік-батысында өткізіліп тұрады. Мұнда әр жылдың қаңтарынан наурыз айына дейін бір кітап оқуды қолға ала бастады.

     Қазақстанда «Бір ел-бір кітап» акциясы 2007 жылы басталған, алғашқы акцияны еліміздің кітапсүйер қауымы Абайдың «Қара сөздерімен» жалғастырған. 

Кітап – рухани құндылық, баға жетпес байлық. Кітап хақында шығыстың жеті жұлдызының бірі Әлішер Науаи «Кітап — ақылына ақы сұрамайтын алтын қазына» десе, хаһім Абай «Артық ғылым кітапта, ерінбей оқып білуге» деп ағынан жарылады. Бірақ, бүгінгі қоғамның Науаи айтқан алтын қазынаны, ақпаратына ақы сұрайтын интернет желісіне айырбастап, кітап оқуға құлық танытпай отырғаны ащы да болса шындық. Бұл, бір Қазақстанды ғана емес, барлық әлем елдерін алаңдатқан мәселе.

Осы мәселені шешудің бір парасы ретінде 2007 жылдың  18–19 сәуірінде, Астанада «Оқитын ел – бәсекеге қабілетті қоғам негізі» тақырыбымен Халықаралық оқу конгресі өтіп, ақпарат тасқынына көмкерілген бүгінгі қоғамда кітап оқу мәселесі кітапханашылар мен ғалымдар арасында талқыланып, түрлі ұсыныс-пікірлер ортаға салынған болатын. Соның нәтижесінде елімізде «Оқитын Қазақстан» атты ауқымды бағдарлама қабылданып, ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы мен ҚР Кітапханашылар ассоциациясының бастамасымен оқу ісін ілгерілету, оқу мәдениеті мен сауаттылықты қалыптастыру, рухани мұрамызды сақтау, ана тілімізге деген қамқорлық көзқарас, сондай-ақ жастарды отаншылдыққа әрі өнегелілікке тәрбиелеу мақсатында «Бір ел – бір кітап» акциясы ұйымдастырылды.

Қазақстанда республикалық «Бір ел – бір кітап» акциясы ҚР Мәдениет министрлігінің қолдауымен ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы мен ҚР Кітапханашылар Ассоциациясы бастамасымен 2007 жылданбастап өткізіліп келеді. Акция қоғамның отандық әдебиетке, оның ішінде классикаға, қазіргі әдебиет пен поэзияға деген қызығушылығын әрі қарай жоғарылатуына мүмкіндік туғызады.

 «Бір ел – бір кітап» — 2014. Жыл кітабы – С. Мұратбеков «Жусан исі» және «Басында Ұшқараның…»

«Бір ел – бір кітап» — 2013. Жыл кітабы – Ф. Оңғарсынова «Дауа»

«Бір ел – бір кітап» — 2012. Жыл кітабы – О. Бөкей. О. Бокей шығармалары

«Бір ел – бір кітап» — 2011. Жыл кітабы – Ж. Аймауытов «Ақбілек» 

«Бір ел – бір кітап» — 2010. Жыл кітабы – Ж. Молдагалиев «Мен – қазақпын»

«Бір ел – бір кітап» — 2009. Жыл кітабы – М. Жұмабаев. М. Жумабаевтың лирикасы

«Бір ел – бір кітап» — 2008. Жыл кітабы – М. Әуезов «Қилы заман» 

«Бір ел – бір кітап» — 2007. Жыл кітабы — Абай «Қара сөздер» 

 

Дереккөздер:

 

Ы. Алтынсарин атындағы кітапхана сайты http://altynsarin-lib.kz/kaz/birelbirkitap

http://bibl.tarmpi.kz/images/stories/download/akziyknig.pdf

http://aounb.kz/index.php?Itemid=89&id=654&lang=kz&option=com_content&view=article

http://zhaikpress.kz/index.php?option=com_content&view=article&id=4764:bir-el-bir-kitap-aktsiyasy-zhal-asuda


Келулердің саны: 9235