Жоғары
Нашар көретiндер үшiн

Жыл кітабы – Дулат Бабатайұлының «Өсиетнама» кітабы

98989

Жыр үлгісіндегі жазылған бұл дастан ойдан қосылған әсіреқызыл бояулардан аулақ, шынайы өмірге барынша жақын, қазақ даласындағы қанқұйлы соғыстың, ерлікке толы күрестің бір үзік шежіресі деп білеміз.

Бабатайұлының шағын сюжетті тымсал өлең, дастан жанрларындағы терең ойлы, көркем бейнелі, маңызы мен мәнін мәңгілік жоғалтпайтын жыр жауһарлары қашан да тағылым мен тәрбиенің құралы, өлең-өнердің өлмес туындылары қатарында тұра берері кәміл. Өйткені олардың қазақ әдебиетіндегі озық үлгі, ұтымды үрдіс бастауы болар табиғаты бөлек дүниелер екені айқын.

Дулат Бабатайұлы 1802 жылы қазіргі Шығыс Қазақстан облысы, Аякөз ауданы, Сандықтас өңіріyде туып, 1871 жылы дүние салған. Жырау алғыр, зерек болып өседі. Жасында ауыл молдасынан оқып, арабша хат таниды.

Дулат Бабатайұлының тікелей өзінің өмірбаянын немесе өмірінін белгілі бір кезеңін сипаттайтын туындылары аз. Әйтсе де жыраудың мінезі, ой-өрісі мен ақындық мұраты жайында шығармаларына сүйеніп, сенімді тұжырымдар жасауға болады.

 

Менің атым – Байғыз қарт,

Көзге түсер сиқым жоқ,

Орынсыз күлер күлкім жоқ,

Есепсіз ұйықтар ұйқым жоқ.

Көзге қораш бойым бар,

Теңізден терен ойым бар,

Шынардан биік санам бар,

Атан өгіз ағызған

Ақылдан алпыс салам бар.....

Мұндағы "көзге түсер сиқы жоқ", ел тағдырын ойлап, сирек күліл, аз ұйықтайтын, атағы алыстарды шарлаған кемеңгер, ақылы дария, сөзі алтыннан ауыр Байғыз қарт – ақынның өзі.

Ақынның бізге жеткен мұрасы мың жарым жылдай. Дулат өлеңдерін алғашқы жеткізуші ─ 1839 ─ 1919 жылдары ғұмыр кешкен Байділда атты адам. Кейіндері Ғаббас Байділдаұлы, Шәкір Әбенұлы жинаған. Баспаға Мүлкен Сейілұлы даярлап, алғаш рет Қазанда «Өсиетнама» деген атпен 1880 жылы басылып шыққан. Жинақтағы жыр көлемі 800 жолдай. «Еспенбет» атты поэмасы бар.

Ақынның алғаш аты 1939 жылы құрастырылған С. Мұқанов, Қ. Бекхожин хрестоматиясында кездеседі.

1940 - 1941 жылдары шыққан мектеп оқулықтарында Қ. Жұмалиев шығармаларын талдап жазды.

1961 жылғы «Қазақ әдебиеті тарихының» I томында ақын жайында толық айтылды. «XVIII ─ XIX ғасырлардағы қазақ ақындарының шығармалары» (1962), «Үш ғасыр жырлайды» (1965), «Дастандар» (1960), «Бес ғасыр жырлайды» (1989) секілді жинақтарда Дулат өлеңдері көрінеді.

Дулаттың атын ақтап, қазақ еліне таныстырған ғалымдар: Х. Сүйінішәлиев, Қ. Жұмалиев, Р. Сыздықова, Қ. Өмірәлиев, М. Мағауиндер болды.

Дулат ─ өте қуатты, екпінді ақын.

Бұндай туындылар Қазтуғанның «Мадақ жырындай»,Махамбеттің «Мен, мен мен едім» секілді көрінгенмен, Дулатта лирикалық бояу басым. Кейде ақын әлеуметтік мәселені баса және ашына айтады.

Ақын өлеңдерінен заман, адам өзгерістері, басқа ел мақсат ─ мүддесіне бейімделе бастаған халық халі, туған жер, адалдық, адамдық қасиеттерді өрнектеген өзіне ғана тән бояуды табамыз. Дулатқа дейін ақыл айту, құр нақыл дәрежесінде келсе, ақын бәріне өзін кінәлі санап, ашына айтады. Бұған дейін көрінбеген өзгеше леп. Жаңа жол.

Секілді сөздер кейін ұлы Абайда жаңа өрнекпен көрінеді.

Ақын ел билегендерді де, басқыншы орысты да ашына, барын ақтара көрсетеді. Ғалым Р. Сыздықова айтқандай: «Дулат ─ қазақтың ұлы ақыны», ұлылықтың бастауы. Сонысымен құнды.

XIX ғасырдағы қазақ әдебиетінде Дулаттың өзіндік үлкен орны бар. Өйткені ол өзінің толғау - жырларында көптеген келелі мәселелерді көтеріп, өз заманының шындығы бірқыдыру бере білді. Жеке кісілерге арналған өлеңдерінде (Кеңесбайға, Бараққа, ел аралаған ишанға т,б) сол кездегі тірліктің ұсқынсыз жақтарын өлтіре шенеп, кейде өткір сатира дәрежесіне дейін көтеріле алды. Дегенмен, түптеп келгенде Дулат жырау ескішіл ақын, феодалдық қоғамның жаршысы. Дулат толғаудың асқан шебері болғандықтан өлендердің барлығы дерлік еркін ұйқасты жеті-сегіз буыннан тұратын жыр үлгісінде болып келді. Ақының кіргізген бір жаңалығы кейбір толғауларының шумақтарында өзара қайталап отыратын заңдылық бар.


Келулердің саны: 6808