Жоғары
Нашар көретiндер үшiн

Шабанбай би Қалқаманұлы

Шабанбай би Қалқаманұлы(1754-1839)

           Арғынның Қаракесек руынан шыққан би. Қаракесектің бір немересі Майқы, Мақының бір немересі Өтеміс. Шабанбай би сол Өтемістің немерелерінің бірі Қалқаманның баласы. Қазіргі Ақтоғай ауданының жерінде туған. Қ ыс қыстауы Ә.Бөкейханов атындағы шаруашылықтың жері. Жаз жайлауы - Шет ауданының "Кеңшоқы" ұжымшарының жерінде, Ақсу, Нұра, Талды, Қаражал, Маутан, Қызылтас, Қызылтау өңірі болған. Зираты қазіргі Шет ауданының "Кеңшоқы" өңірінде, Ақтоғай-Қарағанды тас жолының 103-шақырымы тұсында, күнбатыста, өзен жағасында орналасқан. Замандастарының бағалауынша Шабанбай би аса қарапайым, мейірімді адам болған. Қазақ халқының аса бай халықтық даналығын бойына жинаған. Зерек , зерделі, көкірегі қазына, ақылға бай, ойы терең, толғауы кең, топшылауы жүйрік, алғыр да тапқыр әділ би атанған.

 ауданының "Кеңшоқы" ұжымшарының жерінде, Ақсу, Нұра, Талды, Қаражал, Маутан, Қызылтас, Қызылтау өңірі болған. Зираты қазіргі Шет ауданының "Кеңшоқы" өңірінде, Ақтоғай-Қарағанды тас жолының 103-шақырымы тұсында, күнбатыста, өзен жағасында орналасқан. Замандастарының бағалауынша Шабанбай би аса қарапайым, мейірімді адам болған. Қазақ халқының аса бай халықтық даналығын бойына жинаған. Зерек , зерделі, көкірегі қазына, ақылға бай, ойы терең, толғауы кең, топшылауы жүйрік, алғыр да тапқыр әділ би атанған.

                  


Келулердің саны: 1134