Жоғары
Нашар көретiндер үшiн

Жалаңтөс батыр

Жалаңтөс батыр   /1696-1769 жж./

Батыр. Қазақтын, тарихында үш Жалаңтөс батыр болған. Бipi-қазақ пен қалмақтың теке тipeci Орбұлақ шайқасына жиырма мың қолмен келген Самарқан билеушісі. Екіншісі атақты тарихшы - ғалым Әлкей Марғұлан айтып кеткен Жалаңтөс. Ал үшіншісі – қазіргі Ақтоғай ауданы жерінде туып, сол өңірде өмір сурген Apғын тайпасы, Қаракесек руының сарым бұтағынан шыққан Жалаңтөс батыр. Жалаңтөс Балхаш көлінен бастап Қонырат, Әулиеата, Тоқырауын мен Нұра бойын, Ұлытау мен Қарқаралы аралылындағы сайын даланы қалмақтардан азат етуге қатысқан. Жалаңтөстің, ерлігі мен шешендігін Қаз дауысты Қазбек ерекше бағaлaғaн. Жалаңтөтің артына калдырып кеткен акыл-өсиет ізгі тілегі, батасы мол. / «Айтулы ерге оқ тисе, қиналғанын білдірмес» т.б./ 1996 жылы Ақтоғай ауданының жұртшылығы300 жылдығын атап өтті. Оның мазары Карағанды каласының оңтүстікшығысындағы «Сарыарқа» әуежайына баратын үлкен даңғылдың оң жағында, Соқыр өзенінің жағасында орналасқан.


Келулердің саны: 1026