Жоғары
Нашар көретiндер үшiн

Қазыбек Нұржанов

(1919-1945)

Кеңес Одағының батыры Қазыбек Бейсенұлы Нұржанов 1919 жылы Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданының қазіргі Жидебай ауылында дүниеге келген. Ұлты қазақ. 1943 жылдан КПСС мүшесі. Ол 1939 жылы Қызыл Армеия қатарына қосылады.   5-ші атқыштар дивизиясы 61-ші истребитель дивизионының барлаушылар взводы командирі, аға сержант Қазыбек Ұлы Отан соғысына 1942 жылыдың көкек айында шақырылды. Волга мен Орел түбінде соғысып, Зуш, Десна, Сож, Днепр, Друть, Березин өзендерінен өтті. Оның бүкіл соғыс жолы ерлік пен даңққа толы. Золотарев түбегінде болған ұрыста Қазыбек бастаған бороне бойшылар бөлімі жаудың үш танкісін жойып жіберді. Командование Қазыбек Нұржановтың сөзсіз батырлығын және тапқырлығын жоғары бағалап, оған барлау взводын басқаруды тапсырды. 149,7 белгі тұсынан Друть өзеніне өтерде олар жаудың оғы астында бола тұрып, барлау жүргізіп, дұшпан танк атакасын тойтаруға жағдай жасаған бағалы мәліметтер берді. «Первомайск» совхозы жерінде Нұржанов жаудың тылына кіріп, олардың шегінер жолын кесіп тастады. Фашистер кейін шегінгенде оның бір өзі 8 гитлершілерді өлтірді, капитал бастаған қалған 97 фашисті оның взвод жауынгерлері тұтқынға алды. батыры Қазыбек Нұржанов жауынгерлік ерлігі үшін "Қызыл Ту", "ІІІ дәрежелі Даңқ" ордендері және "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды. 
Қазақстандық жауынгер Волховск қаласын алардағы ұрыста қанаттан тиіскен шабуылдауышы топты басқарды. Топтың батыл қимылдауды жау тобырын састырды. Гитлершілер соғыс техикасын, қару – жарақтарын тастап қашты. Қ. Нұржанов қашқан жауды қуып, 3 фшисті тұтқынғаалды. Оның бірі офицер. Ержүрек жауынгер Қазыбек Нұржанов шабуылдаушы жаяу әскерді өзіне ерте Волоховскіге бірінші болып кірді. Қала шетінде Қазыбек Нұржанов өте ауыр жараланды.

СССР Жоғарғы Совет президиумының 1945 жылғы 24 наурыздағы Указы бойынша көрсеткен батырлығы мен ерлігі үшін Қазыбек Бейсенұлы Нұржановқа қаза болғаннан кейін Кеңес Одағының батыры атағы берілді.
Қарағандының, Жезқазғанның бір көшесі Қ.Б.Нұржанов есімімен аталған.

    

 


Келулердің саны: 281