Жоғары
Нашар көретiндер үшiн

Кенішбай Жұбандықұлы

Кенішбай Жұбандықұлы

 /1885-1956/

Құлпырып Ақтоғайдың атырабы,

Жаныңды кәусәр сырға батырады.

 «Кенішбай», «Кенішбай» деп үн қатады,

 Тал, қайың, теректердің жапырағы.

 Ақын Ү. Жармаганбетов

Белгілі айтыс ақыны. Ақтоғай ауданының түлегі. 15 жасынан өлең шығарып, ақындық аты шыққан. Кенішбай Кеңес өкіметі жылдарында ұжымшар өміріне араласып, жаңа дәуірді жырлады. Ол ігелі айтыстарға қатысқан төкпелі ақын болған. Ол кезінде әйгілі Бақтыбай, Тазабек, Маясар Жапақов, Доскей Әлімбаев секілді ақындармен, Ажарбике, Нақбала, Ажар, Мақпал, Ғайша секілді ақын қыздармен айтысқан. Мысал, сықақ өлендер де шығарған. Кенішбайдың кеңестік дәуірде туған өлең-жырлары облыстық, аудандық газеттерде жарияланып тұрды. Оның шығармаларын жинактап О. Орынтаев Қаз КСР ҒА-ның қолжазба қорына табыс еткен/1950/.

 


Келулердің саны: 266