Жоғары
Нашар көретiндер үшiн

Тәуелсіздік- ата- бабам аңсаған

Ақтоғай аудандық Мәдениет үйінде Тәуелсіздік күніне байланысты "Алаш орда" автономиясының құрылғанына 105 жыл толуына орай өлкетанушы, ауданның құрметті азаматы Мұқан Тұңғышбай Өміртайұлының жинақтауымен Медеу Әбеузар шығарған "Әлихан-ұлт азаттық күрескер" атты танымдық деректі фильмнің тұсаукесеріне Аудандық орталықтандырылған кітапхана оқу залы бөлімінің ұйымдастыруымен Тәуелсіздік- ата- бабам аңсаған" атты тақырыпта жылжымалы кітап көрме ұйымдастырылды.
Көрмеде Алаш қайраткерлері мен желтоқсан құрбандарына арналған бөлімдерден құралды.
Және автоматтандыру бөлімі осы уақытқа дейін ешқандай кітапханада кездеспеген голограммамен таныстырды. Бұл құрылғының ерекшелігі 3Д, 4Д форматтағы видеоларды көрсетеді.
Голограмма мен көрмені оқырмандар қызығушылықпен, таңқалыспен қарап тамашалады. Ақтоғай ауданы әкімінің Салтанат Мірәсілқызының да ықыласы на ие болды.
 
 
 
 
 
 
 
 

Келулердің саны: 822