Жоғары
Нашар көретiндер үшiн

" Оқитын отбасы"

15 мамыр - отбасы күніне орай аудандық кітапханада " Оқитын отбасы" тақырыбында оқырман бенефисі өтті. Көп балалы аналардың біреуі қолөнермен айналысып, ұлттық киімдер тіксе, екіншісі ұмытылып бара жатқан ұлттық тағамдарды дайындап, халықтың сұранысын қанағаттандыруда. Қазақы салт-дәстүрді сақтап, жаңғыртуға үлес қосып жүрген аналар "Әйел -ана бір қолымен бесік тербетсе, бір қолымен әлемді тербетеді" дегендей шарада С.Сейфуллиннің " Аққулар ұйқтағанда" поэмасы мен Сәкен Жүнісовтің " Аманай мен Заманай" повесінің тәрбиелік мәні жайлы айтылды. Бұрымды қыздары мен атқа мінер ұлдарын өсіріп отырған аналар білімнің көзі кітапта екенін, болашақтың үміті жастар екенін, сондықтан бала тәрбиесінде ырым-тиымдардың үлкен рөл атқаратынын айтты. Жайдар есімді жас ана қытай елінде араб жазуымен сабақ оқығанын айтып, шетелдік қандас ағайынның жүрегі "қазақ" деп соғатынын, сондықтан ол жақтағы туғандар балаларына Жақып, Алпамыс, Қобыланды, Мұқағали, Нұркен, Лұқпан, Қыран тағы басқа қазақы есімдерді қоятыны жайлы айтты. Отырыста қазақ елінің топырағы үшін, өз елінің түтінін түтету үшін атажұртқа қоныс аударғанын айтып, алыстағы елінде көше алмай артында қалған талай "Заманайдың" бары айтылды.
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Келулердің саны: 82