Жоғары
Нашар көретiндер үшiн

Бейсен және болмыс

Бейсен беріге дейін көпқабатты үйде тұрып келген. Бауырлары: «Ағамыз халықтың адамына айналды. Үйіне қонақ көп келеді. Оның үстіне әжемізді бағып отыр. Этаждағы тар үйде тұрғаны жарамас. Онысы бізге сын. Ағамызға зәулім үй салып берейік», деп шешеді. Бейсен келіседі.
Бірақ бір шартын айтады. «Коттедж саламын деп әуре болмандар. Айналамдағы көршінің бәрі қарапайым үйде тұрады. Менің үйім олардан биік болмасын», - дейді. Кейін құрылысшылар: «Ағасы, үйді екі этаж көтерейік. Іргетасын мықты етіп құйып едік. Бір қабатты үйге мынадай іргетас қор болады», - леп өтініп көреді. Бірақ Бейсен райынан қайтқан жоқ.
Барар жері әркімнің
Топырақ болса бір уыс.
Неғылады үйлерін
Көкке жеткен көп қуыс, - деп Шәкәрімнен бір шумақ келтіреді.
"Бейсен және болмыс". Санжар Керімбай . Осы кітапты оқыдыңыз ба?

Келулердің саны: 127