Жоғары
Нашар көретiндер үшiн

"Рәміздер- елдігімнің реңі, теңдігімнің тірегі"

Аудандық орталықтандырылған кітапхана оқу залы бөлімінің ұйымдастыруымен 4 маусым Рәміздер күніне байланысты жасөспірімдерге арнап "Рәміздер- елдігімнің реңі, теңдігімнің тірегі" атты дөңгелек үстел өткізілді. Мақсаты:Мемлекеттік рәміздер туралы оқырмандардың білімдерін тереңдете отырып,саяси сауаттылықтарын арттыру арқылы қазіргі кездегі мәртебесінің төмендеп кеткендігін жеткізу, рәміздердің маңыздылығын ұғындыру. Міндеті: Мемлекеттік рәміздерді құрметтей алатын ұлттық сана - сезім қалыптасқан жеке тұлға дамытуға жағдай туғызу. Рәміздерді құрметтеу арқылы отан сүйгіштікке тәрбиелеу, елін, жерін сүюге баулу. "Рәміздер- ұлт мақтанышы" атты кітап көрме ұйымдастырып,слайд көрсетілді.
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Келулердің саны: 126