Жоғары
Нашар көретiндер үшiн

Тәуелсіздік биік сенің айбының

Ақтоғай аудандық кітапхана, оқу залы бөлімінде 16 желтоқсан Тәуелсіздік күніне арналған "Тәуелсіздік биік сенің айбының" атты тарихи сағат өткізілді.
Мақсаты: Тәуелсіздік кезеңінде өмірге келген жас ұрпаққа егемендіктің қадір- қасиетін сездіріп, бойға рух,жүрекке шабыт сыйлау арқылы Тәуелсіздік жолындағы күрестерді ғасырлар қойнауына жалғасып келе жатқан ұлы тарихтың бір белгісі екенін түсіндіру.
Тәуелсіздік желтоқсаннан басталады. Тәуелсіздікке -33 жыл, Желтоқсан оқиғасына -38 жыл толып отыр. Біз тәуелсіздікке ешқашан ұмытылмайтын желтоқсаншылардың жанқиярлығының, жастарымыздың қайсарлығының арқасында жеттік. 1986 жылдың желтоқсанында, бодандықтан - бостандыққа жету үшін жанын да, қанын да аямаған.
 
 
 
 
 
 
 

Келулердің саны: 25