Жоғары
Нашар көретiндер үшiн

Пейілің - жыр, сөзің - сыр

Аудандық кітапхана төрінде Ақтоғайдың зиялы азаматтарының бірі, бүкіл саналы ғұмырын туған еліне қызмет етуге арнап, ауданның дамуына зор үлес қосқан аптал азамат Төлеужан Ахметбековтің екі кітабының тұсаукесері өтті. "Әкім болсаң - халқыңа жақын бол" деген қағиданы ұстанған ел перзентінің еңбегін туған елі бағалайды. Алаш арыстарының рухын асқақтататын еңселі ескерткіштің республика көлемінде тұңғыш рет тұғырға орнатылуында абзал азаматтың еңбегі зор.
"Мен ел ағасы емеспін, ел баласымын" дейтін аға өмір жолындағы қадірлестірі мен әріптес болған азаматтар және ағайын жайлы лебізін естелік кітап етіп шығарды.
" Өмірім және өлеңім" естелік кітабы және " Пейілің - жыр, сөзің - сыр" атты өлеңдер жинағының тұсаукесері құтты болсын, ағайын!
 
 
 
 
 
 
 
 

Келулердің саны: 24