Жоғары
Нашар көретiндер үшiн

«Жан жылуы», «Кітапхана-білім ордасы»

«Жан жылуы», «Кітапхана-білім ордасы»

Кітапхана оқырман үшін үлкен тәрбие мектебі, сансыз сұрақтардың жауабын табуға болатын сиқырлы да киелі орда. Кітап – уақыт пен кеңістіктің тынысына толы адамзат ойының жемісі, қоғамның мәдени күштерін дамытудың қуатты құралы, қайнар бұлағы.Оқырман сана-сезімінде адамзат жүріп өткен тарихи-мәдени әлеуметтік жол кітап арқылы өзінің мән-мағынасымен, барлық қырымен ашылды. Мәдениет пен өнер ұлы болмайынша, ұлт ұлы болмайды дегендей, егеменді мемлекетіміздің болашағы жастардың мәдени танымдық қабілетін қалыптастыратын мәдени ортаның бірі кітапхана болып табылатынын бүгінде білмейтін адам кемде кем. Осы мақсатта Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «25 жылдыққа- 25 шара» атты акция аясында, Ақтоғай ауданы орталық кітапханасында «Кітап-білім ордасы» атты экскурсия және «Жан жылуы» атты дөңгелек үстелі өткізілді.
Мақсаты: Кітапханаға оқырмандарды тарту, жаңадан толыққан әдебиеттермен таныстыру, кітап оқуға деген қызығушылықтарын арттыру.
Көрнекілігі: «Кітап-алтын қазына» кітап көрмесі, интерактивті тақта, «Алтын қақпа» викториналық сұрақ-жауап ойынына арналған слайд, шар, көбелектер,гүлдер.
Экскурсияға ауданымыздың тұрғындары, оқушылар, студенттер қатысты. Олар балалар кітапханасы, өлкетану, абонемент бөлімі, «Жыр жауhары» клубы, оқу залы бөлімдерінің жұмыстары және әлемдегі кітаптарға қатысты қызықты деректер, ерекше кітаптар туралы мәліметтермен танысты. Экскурсиядан кейін «Жан жылуы» дөңгелек үстелі ұйымдастырылып, оқырмандармен «Алтын қақпа» викториналық сұрақ-жауап ойыны ойнатылды. Ойын үш кезеңнен тұрды, әр кезеңнің 3 тапсырмасы бар.
1-ші кезеңдегі 3 сұраққа дұрыс жауап берілсе, «Тас қақпа» ашылады.
2-ші кезеңдегі 3 сұраққа дұрыс жауап берілсе, «Күміс қақпа» ашылады.
3-ші кезеңдегі 3 сұраққа дұрыс жауап берілсе, «Алтын қақпа» ашылады.
«Алтын қақпа» ашылғаннан кейін, «Алтын сандық» тапсырмаларын орындады.
Сонымен қатар, келген қонақтар Өнер мектебінің ұстазы Сейсембеков Марғұланның орындауында «Кеңжайлау» және Өнер мектебінің шәкірті Арыстанбекова Дильяраның орындауында «Балдырған» күйін, К. Байсейітова атындағы ЖББ тірек мектебінің 9-сынып оқушысы Садыхан Ақниеттің орындауында «Байқоңыр» әнін тыңдап, К. Байсейітова атындағы ЖББ тірек мектебінің 3-сынып оқушысы мың бұралған Зияда Келбеттің орындауындағы «Өзбек» биін тамашалады.
Кітапханамыздың аға библиографы Укеева Бақыт жаңадан толыққан әдебиеттерге шолу жасады.
Кеш соңында Ақтоғай ауданы ОКЖ директоры Сатекова Зәмзәгүл Кеңесқызы сөз сөйлеп, қонақтарға сый-сыяпаттар табыстады.

Келулердің саны: 4481