ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына байланысты «25 жылдыққа-25 шара атты» акциясы жалғасын табуда. Осы акция аясында Ақтоғай аудандық орталықтандырылған кітапханасында «СтихоБаттл» (Поэзия оқырмандары жарысы), «Мен сүйікті кітабыма дауыс беремін»( Әрбір оқырман өзінің сүйікті кітабына дауыс береді) шаралары ұйымдастырылды. Аталған шараға кітапханамызға экскурсия жасау мақсатында ауылдық округтерден арнайы келген 9-11 сынып оқушылары мен ұстаздары қатысты. «СтихоБаттл » бөлімінде оқушылар өздерінің сүйікті авторларының шығармашылығынан өлеңдер оқыды.Поэзия әлемінің жан дүниеңе рухани азық беріп, ерекше сезімге бөлейтін сиқырлы құдіретінің болатыны соншалық, келген көрермен күнделікті күйбең тіршіліктен бір сәтке демалып қалғандай әсерге бөленді.Әрі қарай бұл бөлімді «Мен сүйікті кітабыма дауыс беремін!» бөлімі жалғастырды.Әрбір оқырман өздері бұрын оқыған ең сүйікті кітабына дауыс берді.Дауыс нәтижесі бойынша
1. «Абай Жолы» роман-эпопеясы, Мұхтар Әуезов;
2. «Шұғаның белгісі» Бейімбет Майлин ;
3. «Аманат» Мұқағали Мақатаев;
4. «Көшпенділер» Ілияс Есенберлин;
5. «Дариға сол қыз» Қасым Амнжолов;
6. «Төбемнен жауһар төгіп тұр» Серік Ақсұңқарұлы;
7. «Соңғы Раушан» Мирас Асан;
8. Мұқағали Мақатаев Өлеңдер кітабы;
9. Әдібай Табылды «Таңдамалы шығармалары» ;
10. Қадыр Мырза Әли «Иірім»;
11. Даниель Дефо «Робинзон Крузо»;
12. Сайын Мұратбеков «Жабайы алма»;
13. Оралхан Бөкей «Кербұғы»;
14. Сейдахмет Бердіқұлов « Тұйғын»;
15. Әзілхан Нұршайықов « Махаббат қызық мол жылдар»;
16. Нұртас Исабаев «Өмірге құштарлық»;
17. Смағұл Рахымбек «Көң»л шуағы»;
18. Асқар Сүлейменов «Кек»;
19. Ақұштап Бақтыгереева «Сағым бейне»;
20. Сағи жиенбаев «Алтын қалам»;
21.Дулат Бабатайұлы «Тұнық тұма» кітаптары ең көп дауысқа ие болды. Оқырман таңдаған бұл кітаптардан «Оқырман таңдауы» атты кітап көрме ұйымдастырылды.
Келулердің саны: 4348
«Үйшікей» ертегі кітабына 20 жыл
Аудандық балалар кітапханасының ұйымдастырумен «Үйшікей» ертегі кітабына 20 жыл (2005) толуына орай К.Байсейітова атындағы…
Жемқорлыққа жол жоқ
Қуаныш ауыл кітапханасы жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған «Жемқорлыққа жол…
Қазақ поэзиясының пырағы
Аудандық орталықтандырылған кітапхана оқу залы бөлімінің ұйымдастыруымен Қазақстанның халық жазушысы, ақын Қадыр Мырза Әлінің…
Сыбайлас жемқорлық
Ақтоғай аудандық кітапханасы сыбайлас жемқорлыққа бағытталған "Сыбайлас жемқорлық" атты кітап көрмесі…
Қазақстан мәслихаттарына 30 жыл
Мәдениет үйінде өткізілген Қазақстан Республикасының мәслихаттарына- 30жыл толуына орай Оқу залы бөлімі "Қазақстан…
Гюго .В. Аласталғандар
Гюго .В. Аласталғандар/В Гюго ,ауд. ЗӘбдешов.-Нұр-сұлтан.Фолиант. 1-том. Роман .2020.-736 б. Француздың ұлы жазушысы В Гюгоның кең ауқымды…
Гюго В. Аласталғандар
Гюго В. Аласталғандар/ Виктор Гюго , ауд. С Абдрахманов. – Нұр-Сұлтан. Фолиант, 2- том.2021.-672 б. Француз жазушысы Виктор Гюгоның…
Мұқанов Сәбит . Аққан жұлдыз
Мұқанов Сәбит . Аққан жұлдыз . роман/С Мұқанов.- Нұр- Сұлтан. Фолиант, 1-кітап.- 2021.-448 б. С…
Диккенс Чарльз. Үміт құшағында
Диккенс Чарльз. Үміт құшағында . роман/Ч Диккенс , ауд. Г .Исмағұлова.-Астана. Фолиант, 2023.-488 б. Ағылшын жазушысы Чарльз Дикеннстің…
Кэрол Дуэк. Ойлау . Табысқа жетудің жаңа психологиясы.
Кэрол Дуэк. Ойлау . Табысқа жетудің жаңа психологиясы. Алматы. «Мазмұндама» қоғамдық қоры,2021.-260 б. Ғұмырыңыз мәнді, мағыналы…