Айлардың сұлтаны болған – қасиетті рамазан айыда аяқталды. Рамазан барша мұсылман қауымының сағына күтіп, қимай қоштасатын құлшылық айы болып табылады. Себебі, адам баласының тәнін тазартып, жан-дүниесін тәрбиелейтін ораза құлшылығы осы айда Раббымыз тарапынан парыз етілген. Ораза – барша пенденің жаны мен қоса тәнін де тәрбиелейтін құлшылық. Ол адам баласын жат қылықтардан сақтандырады. Құранда Алла Тағала былай дейді:«Ей, иман еткендер! Күнәлардан сақтанып, тақуалыққа жетулерің үшін сендерге бұрынғыларға парыз етілгендей ораза парыз етілді»(«Бақара» сүресі, 183-аят). Демек, оразаның негізгі мақсаты – мұсылманды рухани кемелдендіріп, тақуалыққа жеткізу. Ал ораза айында бір жұтым су мен бір түйір құрманың қадіріне жеткізетін аузы берік өзге де мұсылман бауырларыңызға ауыз ашар жасап екі есе сауапқа кенеле аласыз. Алла елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай дейді: «Ораза тұтқан адамды тамақтандырған адам ораза тұтқанмен бірдей сауапқа кенеледі».
Осыған орай кітапханада жыл сайын дәстүрге айналған кезекті ауызашар берілді. Ақтоғай аудандық орталықтандырылған кітапхана ұжымы ауызы берік жандарға ауызашар дастарханын ұйымдастырды. Кітапхана директоры З.Сәтекова келген қонақтарға рахмет айта отырып, ораза айының жеңіл болуына тілектестік білдірді. Келген қонақтар Рамазан айымен құттықтап, жақсы лебіз тілектерін білдіріп тарқасты.
Т.Аманбеков,
Ақтоғай ауданының тұрғыны.
Келулердің саны: 4304
«Үйшікей» ертегі кітабына 20 жыл
Аудандық балалар кітапханасының ұйымдастырумен «Үйшікей» ертегі кітабына 20 жыл (2005) толуына орай К.Байсейітова атындағы…
Жемқорлыққа жол жоқ
Қуаныш ауыл кітапханасы жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған «Жемқорлыққа жол…
Қазақ поэзиясының пырағы
Аудандық орталықтандырылған кітапхана оқу залы бөлімінің ұйымдастыруымен Қазақстанның халық жазушысы, ақын Қадыр Мырза Әлінің…
Сыбайлас жемқорлық
Ақтоғай аудандық кітапханасы сыбайлас жемқорлыққа бағытталған "Сыбайлас жемқорлық" атты кітап көрмесі…
Қазақстан мәслихаттарына 30 жыл
Мәдениет үйінде өткізілген Қазақстан Республикасының мәслихаттарына- 30жыл толуына орай Оқу залы бөлімі "Қазақстан…
Гюго .В. Аласталғандар
Гюго .В. Аласталғандар/В Гюго ,ауд. ЗӘбдешов.-Нұр-сұлтан.Фолиант. 1-том. Роман .2020.-736 б. Француздың ұлы жазушысы В Гюгоның кең ауқымды…
Гюго В. Аласталғандар
Гюго В. Аласталғандар/ Виктор Гюго , ауд. С Абдрахманов. – Нұр-Сұлтан. Фолиант, 2- том.2021.-672 б. Француз жазушысы Виктор Гюгоның…
Мұқанов Сәбит . Аққан жұлдыз
Мұқанов Сәбит . Аққан жұлдыз . роман/С Мұқанов.- Нұр- Сұлтан. Фолиант, 1-кітап.- 2021.-448 б. С…
Диккенс Чарльз. Үміт құшағында
Диккенс Чарльз. Үміт құшағында . роман/Ч Диккенс , ауд. Г .Исмағұлова.-Астана. Фолиант, 2023.-488 б. Ағылшын жазушысы Чарльз Дикеннстің…
Кэрол Дуэк. Ойлау . Табысқа жетудің жаңа психологиясы.
Кэрол Дуэк. Ойлау . Табысқа жетудің жаңа психологиясы. Алматы. «Мазмұндама» қоғамдық қоры,2021.-260 б. Ғұмырыңыз мәнді, мағыналы…