Жоғары
Нашар көретiндер үшiн

Қасиетім де, қасіретім де - Желтоқсан

Орталық кітапхана жүйесінде Тәуелсіздік күніне байланысты « Қасиетім де, қасіретім де - Желтоқсан» атты танымдық сағаты болып өтті. Абонемент бөлімінің кітапханашысы Кенжебаева Сандуғаш Құсайынқызы мен тілші Жандос Мағзұмұлы жүргізіп жас өспірімдер және колледж студенттері арасында ой-пікірлермен бөлісіп, сол кездегі тоталитарлық кезеңдегі қыспақпен, қазіргі демократиялық өмір салыстырып тарих бетінің бірталай шындығын бетін ашты. Болған оқиғалардан көптеген мағұлматтармен және бірқатар тарихи жағдайлармен таныстырды.
Сонымен қатар кітапхана библиографы Бақыт Кәрімқызы оқырмандарға тәуелсіздік жайлы басылым бетіндегіматериалдардың электронды түрдеде кітапхана сайтынан таныса алатындары және желтоқсан туралы «Тәуелсіздік-қазақтың сан ғасырлық арманы» кітап көрмесін таныстырды. Танымдық сағаттыңжастарды отансүйгіштікке тәрбиелей отыра жалпы Қазақ елінің тәуелсіздікке қалай қиындықпен жеткені туралы тарихқа шолу жасалды. 1986 жылғы желтоқсанда орталықтың әміршіл – әкімшіл солақай саясатына қарсы алғаш рет бас көтеріп демократия жолындақұрбан болған ұл қыздарымыздың ерліктері жайында түсінік бере отырып, жастардың алаңға не себепті, қандай мақатпен шыққандығын жете түсіндіру. Бейбіт күннің жастары үшін желтоқсан оқиғасы алыстағы тарих болып көрінеді. Қазір бұл күн –қазақ халқы үшін ұлы күн , әрі қайғылы күн. Қазіргі кезде тәуелсіздікті қуана тойлап жатсақ, бұл күн кейбір ата-ана үшін баласын жоқтйтын, қсірет-қайғы жамылған қаралы күн. Көптеген отбасы студент болып жүрген балаларынан айырылып қалды. 
Өз Отанына, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыра отырып, өз ана тілін, әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін сақтай білугепатриоттық сезімге тірбиелеу. Қайрат Рысқұлбеков, Сабира Мұхамеджанова, Ербол Сыпатаев, Ләззат Асанова суреттерінен жасалған слайд көрсетілді.


Келулердің саны: 3646