Аудандық орталықтандырылған кітапхана
оқу залы бөлімінің ұйымдастыруымен
Ұлы Жеңістің 73 жыл толуына орай
«Тыл ардагерін құрметтейік» атты
кездесу кеші өткізілді.
Мақсаты; Оқырмандарды Отан сүюге, оны қорғауға баулу, оларға патриоттық
тәрбие беру, соғыс жылдарында Қазақстан халқының майданда көрсеткен еңбегін
паш ету, жас ұрпақты отансүйгіштікке, елжандылыққа тәрбиелеу, ерлікпен қаза
тапқан жауынгерлердің рухына бас иіп,тыл ардагерлерге құрмет көрсету.
Кездесу кешін оқу залының аға кітапханашысы Жұмажанова А кіріспесөзбен ашып, «Ерлік таңқы өшпейді» атты кітап көрмесімен таныстырып өтті.
Кеш барысында оқу залының кітапханашысы Ж.Балтабаева шақырылған
қонақтарды таныстырып, кешті жүргізді.Онда шақырылған тыл ардагерлері
Қапасова Мәнкен, Көкенов Хамит, Айбосынов Әбіл,Шакиров Төлеуғазы,Сатеков Мәдениет,Жақсыбаев Тұрсынбек, Балқыбеков Болат
Жыл артында жыл салып, көкті тіліп,қара жердің төсін жыртқан зеңбірек даусының басылғанына 73 жыл.Қаһарман әр ұлтты Кеңес халқы адам айтқысыз зардаптар шегіп,қисапсыз құрбандарға төзіп жеңіс тұғырына жетті.Бүгінгі ұрпақтың бақыты үшін қан төккен әкелер мен апалардың даңқы еш уақытта өшірілмейді. Болашақ үшін қан майданда жанын пида еткен жауынгерлердің рухына және бүгінгі ардагерлерге бас иіп тағзым етейік! Ардақты ардагерлер! Ет жүрегі Отан деп соққан ағайын! Баршаңызды Жеңістің 73 жылдығымен құттықтап ,тыл ардагерлер сөз сөйледі.Онда Жеңіс оңай келген жоқ. Бүкіл еліміз жұдырықтай жұмылып жауға қарсы тұра білудің арқасында ғана мүмкін болды.Ер азаматтар майдан даласында су кешіп, жаумен бетпе –бет соғысса, тылда қалған қарт адамдар, аналар, жас балалар ер азаматтардың орнын басып еңбек етті.Біз соғысты көрген жоқпыз, бірақ сол соғыс ауыртпалығын көзімен көріп басынан кешірген тыл ардагерлері қатысқан оқырмандарға айтып берді.
Кеш соңында аудандық орталықтандырылған кітапхана директоры З.Сатекова қортындылай келе шақырылған қонақтарға сый –сиапаттар тапсырды.
Келулердің саны: 3564
«Үйшікей» ертегі кітабына 20 жыл
Аудандық балалар кітапханасының ұйымдастырумен «Үйшікей» ертегі кітабына 20 жыл (2005) толуына орай К.Байсейітова атындағы…
Жемқорлыққа жол жоқ
Қуаныш ауыл кітапханасы жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған «Жемқорлыққа жол…
Қазақ поэзиясының пырағы
Аудандық орталықтандырылған кітапхана оқу залы бөлімінің ұйымдастыруымен Қазақстанның халық жазушысы, ақын Қадыр Мырза Әлінің…
Сыбайлас жемқорлық
Ақтоғай аудандық кітапханасы сыбайлас жемқорлыққа бағытталған "Сыбайлас жемқорлық" атты кітап көрмесі…
Қазақстан мәслихаттарына 30 жыл
Мәдениет үйінде өткізілген Қазақстан Республикасының мәслихаттарына- 30жыл толуына орай Оқу залы бөлімі "Қазақстан…
Гюго .В. Аласталғандар
Гюго .В. Аласталғандар/В Гюго ,ауд. ЗӘбдешов.-Нұр-сұлтан.Фолиант. 1-том. Роман .2020.-736 б. Француздың ұлы жазушысы В Гюгоның кең ауқымды…
Гюго В. Аласталғандар
Гюго В. Аласталғандар/ Виктор Гюго , ауд. С Абдрахманов. – Нұр-Сұлтан. Фолиант, 2- том.2021.-672 б. Француз жазушысы Виктор Гюгоның…
Мұқанов Сәбит . Аққан жұлдыз
Мұқанов Сәбит . Аққан жұлдыз . роман/С Мұқанов.- Нұр- Сұлтан. Фолиант, 1-кітап.- 2021.-448 б. С…
Диккенс Чарльз. Үміт құшағында
Диккенс Чарльз. Үміт құшағында . роман/Ч Диккенс , ауд. Г .Исмағұлова.-Астана. Фолиант, 2023.-488 б. Ағылшын жазушысы Чарльз Дикеннстің…
Кэрол Дуэк. Ойлау . Табысқа жетудің жаңа психологиясы.
Кэрол Дуэк. Ойлау . Табысқа жетудің жаңа психологиясы. Алматы. «Мазмұндама» қоғамдық қоры,2021.-260 б. Ғұмырыңыз мәнді, мағыналы…