Жоғары
Нашар көретiндер үшiн

Ұлт рухының жыршысы

Аудандық балалар кітапханасында 23 сәуір Дүниежүзілік кітап   күніне «Парасат падишасы - кітап» атты кітап апталығы бастау алды.   К.Байсейітова атындағы жалпы білім беретін   тірек мектебінің 5-6 сынып   оқушыларымен «Ұлт рухының жыршысы» ақын Жұбан Молдағалиевтың   «Мен қазақпын» кітабына 55 жыл толуына орай өлеңдерін мәнерлеп оқу өтті. Кітапханашы Қ. Беркимбаева Жұбан Молдағалиевтың   өмірбаянымен таныстырды. 5-6 сынып оқушылары   Талғат Жібек, Іңкәбек Айда, Сефулла Бақтияр, Хамит Инабат, Серік Ерсұлтан, Тұрмұрат Ислам, Шынарбек Балғынбектер   Жұбан Молдағалиевтың   «Мен қазақпын»,   «Күрес», «Жыр туралы жыр», «Абай шыңына», «Жусан», «Биіктегі от», «Мен солдатпын» өлеңдерін мәнерлеп оқыды.


Келулердің саны: 1268