Ешкім де, ешнәрсе де ұмытылмақ емес! Соғыс – күйретуші күш! Дәл солай! Барды жоқ ететін, тауды жер ететін. Жер бетіндегі тіршілік атаулының бәрін жалмап жұтатын ажал. Сол қанды кезеңді еске түсіріп, елестететін газет-журнал матералдары немесе радиотелехабарлар, кинолар аталар ерлігін мақтаныш тұта бізге жеткізді. Иә, содан бері жарты ғасырдан астам уақыт өтсе де, ешнәрсе де ұмытылған жоқ деп орталықтандырылған кітапхананың библиография бөлімінің аға кітапханашысы Б. Укеева шолу оқып шараны жүргізді.
Қарағанды облысы Ақтоғай ауданының орталықтандырылған кітапхана жүйесінде Кеңес одағының батырлары жерлестеріміз Қ. Нұржанов пен Н. Әбдіровтың туғанына биыл 100 жыл толуына орай еркін тақырыбта эссе жазудан байқау жариялаған болатынбыз. бүгін яғни 26 сәуір күні «Ерлік даңқы мәңгі өшпейді» атты шараға байқауды қорытындылау үшін Н. Әбдіровтың ұрпағы Ішкі істер бөлімінің майоры, зейнеткер, ардагерлер алқасының төрағасы Сыздықов Сәктәй аға және Қ. Нұржановтың ұрпағы К. Байсейітова трек мектебінің дене тәрбиесі пәнінің ұстазы, батырдың үлкен шаңырағында отырған Марат Нұржанов құрметті қонағы болып шақырылды. Кітапханада қос батырға арналған «Батырлар ерлігі –ұрпаққа аманат» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып онда басылым беттерінен газет мақалалары және кітаптар «Никто не должен быть забыт», «1941 Брестская крепость Казахстан», «Казахстан-Белорусь: Боевое Братство», «Незабытые имена», «Өшпес ерлік-өлмес мұра» атты тағы басқада материалдар қойылып фото суреттермен таныстырылды. Жерлес батырлар туралы көптеген деректермен ардагерлер алқасының төрағасы Сыздықов Сәктәй аға бөліссе, фото суреттермен, кітаптармен Адамбай Айдынғали материалдыры оқырмандарды шара барысында баурап алды. М. Нұржанов Белоруссияға барғандағы сапарының қызықты әсерімен бөлісті, ол жақта батырдың есімін, қандай ерлік көрсеткені туралы әр адам білетіндігі және жыл сайын сайыстар ұйымдастырылып тұратындығы туралы әңгімеледі. Алдағы уақытта көптеген шаралар ұйымдастырылатындығы туралы мәселелер көтерілді.
Оқырмандардың жазған 30 шақты эсселерін комиссия мүшелері К. Байсейітова атындағы қазақ тіл әдебиет пәні мұғалімі П. Ермекова және әйелдер кеңесінің төрайымы, қазақ тіл әдебиет маманы зейнеткер Қ. Кенжебекова қорытындылап 1 орынды Шашубай кенті банк қызметкері Буланбекова Ұлжан иеленді, 2 орынды Сарытерек ауылының Ж. Кеңесбаев атындағы ЖОББ мектептің 10 сынып оқушысы Төлеуова Шұғылаға бұйырды, 3 орынды Абай негізгі орта мектептің 9 сынып оқушысы Оңалбек Аружан алып комиссия мүшелері тиісті бағаларын берді.
Келулердің саны: 2488
Менің мамандығым - менің таңдауым
Бүгін Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен «Сарыжайлау» кинотеатрында «Менің…
Сарыарқаның текті азаматы
Ақтоғай аудандық кітапханасында Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің генерал - майоры, Балқаш қаласының…
Кітап оқитын ұлт
"Кітап оқитын ұлт" жобасын насихаттау, кітап оқу дәстүрін қалыптастыру мақсатында Ақтоғай ауданының жалпы білім беру мектебінің…
Қарғын
Аудандық кітапхана оқу залы бөлімі Жыр- жауһар клубы мүшелерімен, кітапхана оқырмандары арасында Қазақстанның - халық жазушысы Д.…
Кітап оқитын мектеп
" Кітап оқитын мектеп" жобасы бойынша Ә. Бөкейхан атындағы мектеп оқушыларына жобаға қатысушы оқырманға ұсынылатын кітаптарды апарып,…
Гюго .В. Аласталғандар
Гюго .В. Аласталғандар/В Гюго ,ауд. ЗӘбдешов.-Нұр-сұлтан.Фолиант. 1-том. Роман .2020.-736 б. Француздың ұлы жазушысы В Гюгоның кең ауқымды…
Гюго В. Аласталғандар
Гюго В. Аласталғандар/ Виктор Гюго , ауд. С Абдрахманов. – Нұр-Сұлтан. Фолиант, 2- том.2021.-672 б. Француз жазушысы Виктор Гюгоның…
Мұқанов Сәбит . Аққан жұлдыз
Мұқанов Сәбит . Аққан жұлдыз . роман/С Мұқанов.- Нұр- Сұлтан. Фолиант, 1-кітап.- 2021.-448 б. С…
Диккенс Чарльз. Үміт құшағында
Диккенс Чарльз. Үміт құшағында . роман/Ч Диккенс , ауд. Г .Исмағұлова.-Астана. Фолиант, 2023.-488 б. Ағылшын жазушысы Чарльз Дикеннстің…
Кэрол Дуэк. Ойлау . Табысқа жетудің жаңа психологиясы.
Кэрол Дуэк. Ойлау . Табысқа жетудің жаңа психологиясы. Алматы. «Мазмұндама» қоғамдық қоры,2021.-260 б. Ғұмырыңыз мәнді, мағыналы…