Қай қоғамда болмасын жастарға ерекше көңіл бөлінген, бөлінеді де. Елдің жаңа буынға деген қамқорлығының жарқын айғағы жыл өткен сайын арта түсуде. Мемлекет жастардың мәселесін тиісті деңгейде шеше алатын болса, оларға жағдай туғызатын болса, жастар сол қоғамның іргерілеп дамуына, гүлденуіне ерекше серпін береді. Елбасы, тұңғыш президентіміз жастарға қолдау көрсету мақсатында былғы жылды «Жастар жылы», - деп жариялап жалыққа қол қойды. Жарлық аясында жас қазақстандықтардың өзекті қажеттіліктерін қанағаттандыруға арналған нақты тапсырмалар берілді. Бірінші кезекте қол жетімді сапалы білім беру, тұрғын үйге қолжетімділік, жұмыс табу, отбасын құру мүмкіндіктері. Бүгінгі ұрпақ- ел ертеңі. Осындау ауқымды тақырып аясын қамтыған дөңгелек үстел басындағы ауыл жастарының ашық пікір алмасу отырысы Тораңғалық ауылдық округінің кітапханашысы Б.Ештанаеваның ұйымдастыруымен өткізілді. «Біз жастарға сенеміз» - тақырыбы аясында ауылдық клуб үйінде арнайы көрнекіліктер ілініп, жастардың патриоттық рухын көтеретін ақын- жазушыларымыздың кейінгі шығармалары көрме сөресінен орнын тепті. Ауыл жастарының бойындағы патриоттық сезім, азаматтық жауапкершілік, ел мүддесі үшін қызмет ету абыройы сынды үлкен жауапкершілікжүгін жүктер жастарымыздың бүгінгі алар орны жайлы кіріспе сөзбен отырысты ашқан ауыл кітапханашысы жиналғандарды ашық-жарқын әңгімеге шақырды. Жастар тақырыбына жан-жақты тоқталған аудандық жастар ісі жөніндегі маман Е.Қ.Серіков өркениет көшіне ілескен бүгінгі буынның саласында, бизнесте, спортта аудан көлемінде жастар бағындырып жатқан жетістіктерді тілге тиек етті. Дөңгелек үстел басында әңгіме өрбіткен Г.Хажекбер- әкімшілік маманы, Ж.Дәулетбай- клуб меңгерушісі Е.Аманбаев,А.Амангелді- студенттер.Қ.Дәулетбай – негізгі мектептің тәрбие ісі жөніндегі оынбасары т.б ауыл жастары бизнеске жол, жастардыңбос уақытын өткізу мәселесі, салауаттылық өмір салты, ауыл спортының бүгіні жайында нақты мысалдар келтірді. Барлық округтерде бар спорт алаңы мен балалар ойын алаңының не себепті өз мекендеінеде жоқтығына қысылатындықтарын да жасырмады. Дөңгелек үстел басындағы әңгіме мейлінше ашық сұхбаттасу түрінде өтті. Отырысты қорытқан ауыл кітапханашысы, аға буын өкілдеінің ізгілікті ісін жалғастыратын жалынды жастарымызға ақ жол тіледі.
Тораңғалық ауыл кітапханашысы Б.Ештанаева
Келулердің саны: 1881
«Үйшікей» ертегі кітабына 20 жыл
Аудандық балалар кітапханасының ұйымдастырумен «Үйшікей» ертегі кітабына 20 жыл (2005) толуына орай К.Байсейітова атындағы…
Жемқорлыққа жол жоқ
Қуаныш ауыл кітапханасы жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған «Жемқорлыққа жол…
Қазақ поэзиясының пырағы
Аудандық орталықтандырылған кітапхана оқу залы бөлімінің ұйымдастыруымен Қазақстанның халық жазушысы, ақын Қадыр Мырза Әлінің…
Сыбайлас жемқорлық
Ақтоғай аудандық кітапханасы сыбайлас жемқорлыққа бағытталған "Сыбайлас жемқорлық" атты кітап көрмесі…
Қазақстан мәслихаттарына 30 жыл
Мәдениет үйінде өткізілген Қазақстан Республикасының мәслихаттарына- 30жыл толуына орай Оқу залы бөлімі "Қазақстан…
Гюго .В. Аласталғандар
Гюго .В. Аласталғандар/В Гюго ,ауд. ЗӘбдешов.-Нұр-сұлтан.Фолиант. 1-том. Роман .2020.-736 б. Француздың ұлы жазушысы В Гюгоның кең ауқымды…
Гюго В. Аласталғандар
Гюго В. Аласталғандар/ Виктор Гюго , ауд. С Абдрахманов. – Нұр-Сұлтан. Фолиант, 2- том.2021.-672 б. Француз жазушысы Виктор Гюгоның…
Мұқанов Сәбит . Аққан жұлдыз
Мұқанов Сәбит . Аққан жұлдыз . роман/С Мұқанов.- Нұр- Сұлтан. Фолиант, 1-кітап.- 2021.-448 б. С…
Диккенс Чарльз. Үміт құшағында
Диккенс Чарльз. Үміт құшағында . роман/Ч Диккенс , ауд. Г .Исмағұлова.-Астана. Фолиант, 2023.-488 б. Ағылшын жазушысы Чарльз Дикеннстің…
Кэрол Дуэк. Ойлау . Табысқа жетудің жаңа психологиясы.
Кэрол Дуэк. Ойлау . Табысқа жетудің жаңа психологиясы. Алматы. «Мазмұндама» қоғамдық қоры,2021.-260 б. Ғұмырыңыз мәнді, мағыналы…