Аудандық орталықтандырылған кітапханада отбасы күніне байланысты «Отбасым ошақ қасым» атты кездесу кеші өткізілді.
Мақсаты; Атамыз қазақ «Бала - адамның бауыр еті», «балалы үй - базар» дейді. Өйткені бала - өмірдің жалғасы, отбасының жеміс берер гүлі. Отбасы – бұл қоғамның негізі. Баланың болашақта жақсы азамат болып өсуі үшін, жан - жақты тәрбиелі болуы отбасында берілетін тәрбиеге тікелей байланысты екенін жас отбастарына насихаттау.
Көрнектілігі; «Отбасы сәні сыйластық» кітап көрме ұйымдастырылды.
Шақырылған қонақтар; Нөкербеков Қ, Қасымов С,Сүйіндіков Қ,Шерубаев М, Омарбаев Қ,Шнарбек С,Төлеужанов Н,Шапибай Қ,Бейсен Б, Аманбаев Т, Жамансарин С тар шақырылды.
Оқу залы бөлімінің аға кітапханашы Жұмажанова А кіріспе сөзінде Халқымыздың даналығына құлақ ассақ «Адамның бақыты балада».Біреу бақытты байлықтан тапқысы келсе,екінші біреуі даңқ пен атақтан, мансап пен қызметтен іздестіреді. Мұның бәрі-түсінген адамға қолдың кірі сияқты нәрсе.Адамға нағыз бақытты тәрбиелі ұрпағы ғана сыйлай алады.Олай болса адам өмірінің мәні –өз ұрпағы: «Адам ұрпағымен мың жасайды» Адамгершілік, татулық,әдептілік сияқты қасиеттер жанұяда балаға тәрбие сөзбен, теориямен дамымайды,үлкендердің үлгісімен сіңеді.Білім бесігі мектептен, тәрбие бесігі отбасынан бастау алатындағы ұғыну- біздің басты парызымыз. Мен өз сөзімді Президент Н.Ә.Назарбаевтың сөзімен бастағым келіп тұр. «Отбасы- қоғамның маңызды буыны және өзінше кішігірім ұжым.Көп ұлтты өкілдері мекен еткен мемлекетіміздің негізгі осы шағын ұжымдардан қаланады» Осы жағынан кез- келген отбасы өзін қоғамның бір бөлігі деп түсінеді».Отбасы- мемлекеттің негізгі буыны. Отбасы- болашақ ұрпақ бойына адамзаттық құндылықтарды және ұлттық рухани байлықты сіңіретін тәрбие ошағы.Жеке адамның бойындағы ар-ұяты, ой-өрісі, әдептілігі мен мәдениеттілігі отбасынан бастау алады.Сондықтанда отбасы тәрбиесі бірінші орында тұруы тиіс.шақырылған қонақтар кездесу кешінде өз ойларын ортаға салып жас отбастарына үлгі боларлық жақсы қасиеттерін айтып берді.Сонымен қатар сұрақтар таратылды мысалы
Ене мен келіннің арасындағы қарым - қатынас (сол туралы ой пікіріңіз), Отбасыларыңызда болған қызықты оқиғаларыңыз тағы басқада сұрақтарға жауап берді Сөз соңында ОКЖ директоры З.К.Сәтекова кездесу кешін қортындылай келе
Халықаралық отбасы күні. Отбасы сүйіспеншіліктің, құрмет пен ынтымақтастықтың ошағы, яғни кез келген зиялы қоғамның діңгегі . Сондықтан да бүгінгі мерекеде бір –бірімізге әдемі де әсерлі сөздер арнап ерекше сыйластық көрсете біліңіздер.тек қана бүгін емес, жылдың әрбірсекунтында , минутында , сағатында, тәулігінде, аптасында , айында отбасымызды ыстық ықыласыңызбен шексіз махаббатыңызға бөлей жүріңіздер дей келе қонақтарға сый- сиапаттар тапсырды .
Келулердің саны: 1934
«Үйшікей» ертегі кітабына 20 жыл
Аудандық балалар кітапханасының ұйымдастырумен «Үйшікей» ертегі кітабына 20 жыл (2005) толуына орай К.Байсейітова атындағы…
Жемқорлыққа жол жоқ
Қуаныш ауыл кітапханасы жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған «Жемқорлыққа жол…
Қазақ поэзиясының пырағы
Аудандық орталықтандырылған кітапхана оқу залы бөлімінің ұйымдастыруымен Қазақстанның халық жазушысы, ақын Қадыр Мырза Әлінің…
Сыбайлас жемқорлық
Ақтоғай аудандық кітапханасы сыбайлас жемқорлыққа бағытталған "Сыбайлас жемқорлық" атты кітап көрмесі…
Қазақстан мәслихаттарына 30 жыл
Мәдениет үйінде өткізілген Қазақстан Республикасының мәслихаттарына- 30жыл толуына орай Оқу залы бөлімі "Қазақстан…
Гюго .В. Аласталғандар
Гюго .В. Аласталғандар/В Гюго ,ауд. ЗӘбдешов.-Нұр-сұлтан.Фолиант. 1-том. Роман .2020.-736 б. Француздың ұлы жазушысы В Гюгоның кең ауқымды…
Гюго В. Аласталғандар
Гюго В. Аласталғандар/ Виктор Гюго , ауд. С Абдрахманов. – Нұр-Сұлтан. Фолиант, 2- том.2021.-672 б. Француз жазушысы Виктор Гюгоның…
Мұқанов Сәбит . Аққан жұлдыз
Мұқанов Сәбит . Аққан жұлдыз . роман/С Мұқанов.- Нұр- Сұлтан. Фолиант, 1-кітап.- 2021.-448 б. С…
Диккенс Чарльз. Үміт құшағында
Диккенс Чарльз. Үміт құшағында . роман/Ч Диккенс , ауд. Г .Исмағұлова.-Астана. Фолиант, 2023.-488 б. Ағылшын жазушысы Чарльз Дикеннстің…
Кэрол Дуэк. Ойлау . Табысқа жетудің жаңа психологиясы.
Кэрол Дуэк. Ойлау . Табысқа жетудің жаңа психологиясы. Алматы. «Мазмұндама» қоғамдық қоры,2021.-260 б. Ғұмырыңыз мәнді, мағыналы…