Ақтоғай ауданының мәдениет үйінде, орталықтандырылған кітапхананың ұйымдастыруымен «Рухани жаңғыру» аясында ұлағатты ұстаз, өлкетанушы Ақпанбаева Торғай апамыздың «Ақтоғайлық қос қыран» атты кітабының тұсау кесері өтті. Кітап Арқаның алтын бесігі-Ақтоғайдан шыққан, Ұлы Отан соғысының қос батыры – Қазбек Нұржанов пен Нүркен Әбдіровтің туғанына 100 жыл толуына орай басылып шыққан. Кітапта батырлардың өмір жолдары, олардың фотосуреттері, Отан үшін еткен ерен ерліктері жайында, оларды ұлықтау мақсатымен кітапханаларда өткен шаралардан көріністер т.б. бар. Бұл тұсау кесерге батырлардың рухына тағзым ету, олардың есімдерін ұлықтау мақсатында орталық кітапхана тарапынан «Ұлы ерліктер мәңгі есте сақталады» атты кітап көрмесі қойылды. Кітаптың тұсау кесерінде аудан әкімі С.Әбеуова сөз сөйлеп, авторға алғысын білдірді. Тұсау кесер қос батырдың ұрпақтарының қатысуымен өтті.
Келулердің саны: 2175
Менің мамандығым - менің таңдауым
Бүгін Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен «Сарыжайлау» кинотеатрында «Менің…
Сарыарқаның текті азаматы
Ақтоғай аудандық кітапханасында Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің генерал - майоры, Балқаш қаласының…
Кітап оқитын ұлт
"Кітап оқитын ұлт" жобасын насихаттау, кітап оқу дәстүрін қалыптастыру мақсатында Ақтоғай ауданының жалпы білім беру мектебінің…
Қарғын
Аудандық кітапхана оқу залы бөлімі Жыр- жауһар клубы мүшелерімен, кітапхана оқырмандары арасында Қазақстанның - халық жазушысы Д.…
Кітап оқитын мектеп
" Кітап оқитын мектеп" жобасы бойынша Ә. Бөкейхан атындағы мектеп оқушыларына жобаға қатысушы оқырманға ұсынылатын кітаптарды апарып,…
Гюго .В. Аласталғандар
Гюго .В. Аласталғандар/В Гюго ,ауд. ЗӘбдешов.-Нұр-сұлтан.Фолиант. 1-том. Роман .2020.-736 б. Француздың ұлы жазушысы В Гюгоның кең ауқымды…
Гюго В. Аласталғандар
Гюго В. Аласталғандар/ Виктор Гюго , ауд. С Абдрахманов. – Нұр-Сұлтан. Фолиант, 2- том.2021.-672 б. Француз жазушысы Виктор Гюгоның…
Мұқанов Сәбит . Аққан жұлдыз
Мұқанов Сәбит . Аққан жұлдыз . роман/С Мұқанов.- Нұр- Сұлтан. Фолиант, 1-кітап.- 2021.-448 б. С…
Диккенс Чарльз. Үміт құшағында
Диккенс Чарльз. Үміт құшағында . роман/Ч Диккенс , ауд. Г .Исмағұлова.-Астана. Фолиант, 2023.-488 б. Ағылшын жазушысы Чарльз Дикеннстің…
Кэрол Дуэк. Ойлау . Табысқа жетудің жаңа психологиясы.
Кэрол Дуэк. Ойлау . Табысқа жетудің жаңа психологиясы. Алматы. «Мазмұндама» қоғамдық қоры,2021.-260 б. Ғұмырыңыз мәнді, мағыналы…