ҚР Тәуелсіздік күніне байланысты «Тәуелсіздік бастауы - Желтоқсан» атты оқырмандар тарихи сағат өткізілді
Шараның мақсаты: Оқырмандардың өткен тарихымызға деген ұлттық көзқарастарын қалыптастыру. Оқырмандарды елді, Отанын сүюге және егемен елімізді сақтауға және оны гүлдендіруге құштар патриоттық күш – қуаты мол жастарды тәрбиелеу. Желтоқсанда мерт болған қазақ қыздары мен жігіттерінің рухына, ерлігіне деген тағзым.
Білімділігі: Оқырмандардың бойында Қазақстанның өткені мен бүгінгі өмірін салыстыра отырып, өз еліміздің даму тарихы туралы танымдарын қалыптастыру. Ұлттық сана сезімін, саяси сауаттылығын ояту. Тәуелсіздік күні туралы терең мағлұмат беру. Тәуелсіздік үшін күрескен, желтоқсан құрбандарын еске түсіріп, желтоқсан құрбандарының ерлігі жайында түсіндіру.
Тәрбиелігі: Қазақстанның болашақ дамуына өзіндік үлес қосатын жеке тұлға екендерін ұғындыру. Қоғамның бір мүшесі ретінде адам өмірі мен жақсы тұрмыстық құндылықтарын ұғындыру, жауапкершілік сезімдерін ояту. Оқырмандарды патриоттық тәрбие беру, Отанды сүюге және ерлікке баулу. Желтоқсан оқиғасында ел қамын жеген ерлерді үлгі тұту, өнеге алуға және халқының тарихын білуге үйрету, достыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
3. Дамытушылығы: оқырмандарды өткен тарихқа деген қызығушылығын ояту.
Көрнекілігі: «Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік»
Көк туым көтерілді бағым жанып,
Елтаңбам күллі әлемге танылды анық.
Шырқадым әнұранды бар дауыспен,
Арманым –Ата заңым қабылданып.
Бізге тәуелсіздік туын, қазақтың көк байрағын биік көтеріп, ел екенімізді дәлелдеп, дүние жүзіне танылуымызға себеп болған және дүниені дүр сілкіндірген Желтоқсан оқиғасы
«Мен - қазақ, қазақпын деп мақтанамын,
Ұранға «алаш» деген атты аламын» - деп азаттықты аңсаған, сол жолда аянбай қызмет еткен алаш арыстарының барлығы да қуғын – сүргінге ұшырап, Сталиндік қызыл террордың құрбандары болды. Сол алаш қайраткерлерінің азаттық идеясын жалғастырған, қыршын кеткен арыстардың аманатын арқалаған кейінгі толқын іні – қарындастары 1986 жылдың желтоқсанында тәуелсіздік үшін күресе білді.
Тәуелсіздіктің түп тамыры «Желтоқсан» оқиғасына тікелей байланысты екендігіне ешкім дау айта алмас. «Түбін білмеген тексіз» деген қазақтың ғажап сөзі осындайдан шықса керек. Себебі, тәуелсіздіктің түп тамыры сонау бабалар ар – намысынан туындап жатқан жоқ па? Бейбіт шеруге шығып, билік тарапынан кінәлі деп саналған жастарымыздың бір бөлігі қанды қырғында көз жұмса, аман қалғандары өздері аңсаған азаттықтың қызығын көруде. Уақыт емші деп өзімізді жұбатқанымызбен, қыршын кеткен бауырларымыз есімізге түскенде жан – жарасы жаңғырып, қайғының айықпас дертіне шалдыққаныңды терең сезіне түсесің. Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова, Сәбира Мұхамеджанова, Ербол Сыпатаев сынды қандастарымызды естен шығару мүмкін бе?
Осы желтоқсан оқиғасы салдарынан қаза болған жазықсыз жастарымыздың рухына бас иіп, орынымыздан тұрып бір минут еске алайық!
Бір минут үнсіздік.
1986 жылғы 16 желтоқсанда Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің пленумы болды. Сол пленумда Д. Қонаев бірінші хатшы қызметінен босатылып, орнына бұрынғы Ульянов облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы болған Г.В. Колбин сайланды. Бұл студент және жұмысшы жастардың бейбіт мақсаттағы шеруіне әкеп соқты. Алаңға шыққан жастарды қарулы күшпен басып – жаншыды. Демонстрация аяусыз басылды.
Күллі әлемді дүр сілкінткен 1986 жылғы Алматыдағы желтоқсан оқиғасы қазақ топырағына ұлттық санасын, намысын жетелеген жаңа әрі қайсар буынның келгенін әйгіледі.
Келулердің саны: 2236
Қазақстан туған елім,ұлы өлкем
25 қазан Республика күніне орай, Ақтоғай аудандық кітапхана оқу залы бөлімінің ұйымдастыруымен "Қазақстан туған елім,ұлы өлкем"…
Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан
Мәдениет үйінде Республика күніне орай өткен салтанатты шарада аудандық кітапхананың ұйымдастыруымен "Мәңгілік жаса, қыран елім…
Бүгін 24 — ші қазан кітапханашылар күні!
Бүгін 24 — ші қазан кітапханашылар күні! Кітапханалар – ғасырлар бойы келе жатқан биік парасаттылық пен білімділіктің…
Жылдың үздік кітапханашысы-2024
24- қазан кітапханашылар күніне орай "Жылдың үздік кітапханашысы-2024" аудандық байқауы өтті. Ашылу кезеңі Шашубай,Айыртас, Шабанбай,…
Жылдың үздік кітапханашысы-2024" аудандық байқауының жеңімпаздары
Үздік кітапханашы - Құлпейісова Жазира, Үздік жоба иегері - Сағындықова Нұршат, Үздік буктрейлер номинациясы бойынша Кенжебаева…
Гюго .В. Аласталғандар
Гюго .В. Аласталғандар/В Гюго ,ауд. ЗӘбдешов.-Нұр-сұлтан.Фолиант. 1-том. Роман .2020.-736 б. Француздың ұлы жазушысы В Гюгоның кең ауқымды…
Гюго В. Аласталғандар
Гюго В. Аласталғандар/ Виктор Гюго , ауд. С Абдрахманов. – Нұр-Сұлтан. Фолиант, 2- том.2021.-672 б. Француз жазушысы Виктор Гюгоның…
Мұқанов Сәбит . Аққан жұлдыз
Мұқанов Сәбит . Аққан жұлдыз . роман/С Мұқанов.- Нұр- Сұлтан. Фолиант, 1-кітап.- 2021.-448 б. С…
Диккенс Чарльз. Үміт құшағында
Диккенс Чарльз. Үміт құшағында . роман/Ч Диккенс , ауд. Г .Исмағұлова.-Астана. Фолиант, 2023.-488 б. Ағылшын жазушысы Чарльз Дикеннстің…
Кэрол Дуэк. Ойлау . Табысқа жетудің жаңа психологиясы.
Кэрол Дуэк. Ойлау . Табысқа жетудің жаңа психологиясы. Алматы. «Мазмұндама» қоғамдық қоры,2021.-260 б. Ғұмырыңыз мәнді, мағыналы…