Жоғары
Нашар көретiндер үшiн

Қадыр Мырза Әлидің туғанына 85 жыл

...

Ақын, жазушы Қадыр Мырза Әлидің туғанына 85 жыл толуына байланысты Аудандық балалар кітапханасында "Жырымен жас ұрпақты тербеткен" атты тақырыпта портрет кеші өтті. Кешке К.Байсейітова атындағы жалпы білім беретін тірек мектебінің 4 сынып жетекшісі Саятбек Гүлзат мұғаліммен 4 сынып оқушылары қатысты. Балалар кітапханасының аға кітапханашысы Қ.Беркімбаева оқушыларға ақын әрі жазушы Қадыр Мырза Әлидің өмірбаяны және шығармаларымен таныстырды. Кішкентай оқырмандарымыз Есімхан Шұғыла, Садыхан Аружан, Терлікбай Балауса, Есен Наргизалар ақынның "Ауыл-атамекен пернесі", "Қыс", "Домбыра", "Суретші" өлеңдерін мәнерлеп оқыды.


Келулердің саны: 1035