Адам баласы үшін ең аяулы, ең қастерлі, қадірлі сөз - ана. Бала дүниеге келген күннен бастап өзінің жұмсақ алақаны, жылы жүзі, ыстық құшағы, мейірім толы көзқарасы арқылы барлық сүйіспеншілік, мейірімділік, махаббатын бере білген аналар үшін жер дүниені мекендеген адамзат қауымы бір күнді мейрам етіп белгілеген. Ол 8-наурыз мерекесі. Аудандық кітапхананың Коворкинг орталығында осы мерекеге орай, жылдағы дәстүр бойынша, отбасының шуақты күні мен дәнекеріне айналып отырған, түрлі салада қызмет еткен, ауданымыздың өсіп-өркендеуіне сүбелі үлестерін қосқан ардақты аналарымызға мерекелік жүздесу құрметі көрсетілді. «Аналар-тіршіліктің тірегі» атты бұл жүздесу кешінің мақсаты жастарды ауданымыздың құрметті аналарымен таныстыру, олардың еңбектерін насихаттау, кездескен жерде оларды құрметтеу керектігін, патриоттық сезімдерін ояту болды. Жүздесу кешінің қонақтары Сейітова Тоқаш, Ақтаева Нұрғайын, Төлетаева Нұрғайша, Білісбекова Дәкен, Нұртазина Гүлнар, Мұхаметжанова Забира апайларымыз болды. Аналарды үш топқа бөліп, әр түрлі тапсырмалардан тұратын сайыс өткізілді. Үлгілі балалар тәрбиелеп, немере бағып отырған қадірлі аналарымызға зор денсаулық, шуақты да шаттықты күндер тілей отырып, кітапхана тарапынан сыйлықтар табысталып, дастархан жайылды.
Келулердің саны: 1505
«Үйшікей» ертегі кітабына 20 жыл
Аудандық балалар кітапханасының ұйымдастырумен «Үйшікей» ертегі кітабына 20 жыл (2005) толуына орай К.Байсейітова атындағы…
Жемқорлыққа жол жоқ
Қуаныш ауыл кітапханасы жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған «Жемқорлыққа жол…
Қазақ поэзиясының пырағы
Аудандық орталықтандырылған кітапхана оқу залы бөлімінің ұйымдастыруымен Қазақстанның халық жазушысы, ақын Қадыр Мырза Әлінің…
Сыбайлас жемқорлық
Ақтоғай аудандық кітапханасы сыбайлас жемқорлыққа бағытталған "Сыбайлас жемқорлық" атты кітап көрмесі…
Қазақстан мәслихаттарына 30 жыл
Мәдениет үйінде өткізілген Қазақстан Республикасының мәслихаттарына- 30жыл толуына орай Оқу залы бөлімі "Қазақстан…
Гюго .В. Аласталғандар
Гюго .В. Аласталғандар/В Гюго ,ауд. ЗӘбдешов.-Нұр-сұлтан.Фолиант. 1-том. Роман .2020.-736 б. Француздың ұлы жазушысы В Гюгоның кең ауқымды…
Гюго В. Аласталғандар
Гюго В. Аласталғандар/ Виктор Гюго , ауд. С Абдрахманов. – Нұр-Сұлтан. Фолиант, 2- том.2021.-672 б. Француз жазушысы Виктор Гюгоның…
Мұқанов Сәбит . Аққан жұлдыз
Мұқанов Сәбит . Аққан жұлдыз . роман/С Мұқанов.- Нұр- Сұлтан. Фолиант, 1-кітап.- 2021.-448 б. С…
Диккенс Чарльз. Үміт құшағында
Диккенс Чарльз. Үміт құшағында . роман/Ч Диккенс , ауд. Г .Исмағұлова.-Астана. Фолиант, 2023.-488 б. Ағылшын жазушысы Чарльз Дикеннстің…
Кэрол Дуэк. Ойлау . Табысқа жетудің жаңа психологиясы.
Кэрол Дуэк. Ойлау . Табысқа жетудің жаңа психологиясы. Алматы. «Мазмұндама» қоғамдық қоры,2021.-260 б. Ғұмырыңыз мәнді, мағыналы…