Жоғары
Нашар көретiндер үшiн

Жыл кітабы "Көкейімде күлтегіннің жазуы" С.Ақсұңқар

...
2021 жылдың Жыл кітаптарын таңдауда «Бір ел – бір кітап» акциясы бойынша ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, жалпыхалықтық оқуға «Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына – 30 кітап» рухани-мәдени акциясы ұсынылып отыр. Акция аясында ел болып оқитын кітаптар ішінде Ақтоғайдың тумасы, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Серік Ақсұңқардың «Көкейімде Күлтегіннің жазуы» атты жыр кітабы таңдалып алынғаны біз үшін өте мақтанышты. 2 бөлімнен тұратын бұл кітап көпшілік оқырманға арналған. Республика болып оқитын кітаптар қатарына поэзия жанрында енген бұл жинақ Ақтоғай ауданының барлық кітапхана филалдарында бар. Жерлесіміздің кітабын бірге оқуға шақырамыз!

Келулердің саны: 269