Жоғары
Нашар көретiндер үшiн

"Парасат жолы" адалдық алаңының ашылуы

...
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің бастамасымен Қоғам және шығармашылық зиялы қауым өкілдерімен бірлесіп парасаттылық идеологиясын ілгерілету мақсатында еліміздің барлық кітапханаларында «Парасат жолы» орталықтары ашылуда.
Бүгін Ақтоғай аудандық ОКЖ-нің барлық филиалдарында «Парасат жолы» орталығы мен бұрыштары өз жұмысын бастады.
Ақтоғай аудандық орталық кітапханадағы «Парасат жолы» орталығының ашылуына Ақтоғай ауданының ардагерлер кеңесінің төрағасы С.Сыздықов, өлкетанушы, зейнеткер ұстаз Т.Ақпанбаева, аудандық мәслихат хатшысы Р.Әбеуов, Ақсораң мешітінің бас имамы А.Рысбай, Ішкі істер бөлімінің қызметкері Н.Мұсаханов, К.Байсейітова атындағы мектептің тарих пәнінің мұғалімдері Н.Шакирбаева мен М.Райымбекова және оқу бөлімінің әдіскері А.Мұхаметжан қатысты. Жастардың тұла бойына туралық пен даналықтың дәнін егуді көздейтін орталықтың негізгі мақсаты – ұлттық мәдениет пен тағлымды тарихты, тұнық тәрбие мен өнегелі әдебиетті өне бойларына терең сіңірген зиялы қауым өкілдері мен қоғам қайраткерлері, ақын-жазушылар мен қаламгер-тілшілердің елеулі еңбектері арқылы парасатты қоғам қалыптастыру болып табылады.
Мәдениет пен руханияттың тоғысқан ордасы саналатын кітапханада өткен игі шарада бірегей жаңа жобаның мақсаты мен міндеті ортаға салынып, орталықтың алдағы жұмыс жоспары таныстырылып, талқыланды.

Келулердің саны: 1898