Жоғары
Нашар көретiндер үшiн

«Адал көмек» жобасы аясында кездесу

Қайырлы күн, Құрметті, оқырмандар,
Халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру, азаматтарға құқықтық көмек көрсету мақсатында, «Адал көмек» жобасы аясында кездесулер өткізіп тұру дәстүрімізге айналған болатын.
Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің бастамасымен, азаматтармен қарым-қатынасты орнатуға бағытталған бірқатар іс-шаралар жүргізілуде. Осыған орай Ақтоғай ауданы орталықтандырылған кітапхана жүйесі оқу залы бөлімі сұхбат өткізді.
Қандай жағдайда болмасын, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, біздің жұмысымыздың басымды бағыттарының бірі болып табылады. Сондықтан, осы ұйымдастырылып отырған сұхбатты көріп, комментарийге өзіңізді толғандырып жүрген сұрақтарыңыз болса қоюға болады.
Сіздердің қойған сұрақтар мен пікірлер сарапталып, тиісті шаралар қабылданатын болады.

Келулердің саны: 747