Жоғары
Нашар көретiндер үшiн

Шебер екен он саусақ

...
Ақтоғай ауданының ОКЖ қарасты Саршыған кент кітапханасында үйірме ашылды.
Ағымдағы жыл «Балалар жылы » деп жарияланды. Жас өскінді кітап оқуға баулуды мұрат тұтқан аталмыш бағдарламаның шеңберінде "Шебер екен он саусақ" атты үйірме 25 –ші ақпан күні ашылды .
Үйірмеге әр топтағы балалар қатыса алады, 12 оқушы тіркелді. Олар өз қолдарымен жасалған бұйымдарды өзара бір-біріне көрсетіп, үйренеді. Үйірме әр аптаның жұма күні бір сағат көлемінде өткізіледі.
Мақсаты: Өнерге деген қызығушылығын ояту. Окушыны шығармашылық жұмысқа тарту арқылы танымдық қабілеттерін, қызығушылығын арттыру,жетістіктерін бағалап көрсету белсенділігін қалыптастыру,өздігінен еңбек етуге дайындау, іскерлігін дамыту .Еңбек сүйгіштілікке, ұқыптылыққа, әсемдікке, әдемілікке тәрбиелеу . Балалар өз ойларын сүрет салуда, жабыстырмада және аппликация жасауда көрсете білуге үйренеді. Өскелен ұрпақтын біліктілігі мен білімділігін арттыру, өнерлі жас буын өкілдерінің шығармашылық бастамаларын жүзеге асыру.

Келулердің саны: 356