Жоғары
Нашар көретiндер үшiн

Аңызға толы- Ақтоғай

Сонау көне дәуірдің асыл сынықтары сақталып, ғажайып жәдігерлерге толы, сырлы сандығы әлі ашылмаған бұл өңірге ат басын бұрып келген әрбір адам баласы ерекше әсерде қалатыны сөзсіз. Себебі, біріншіден, бұл өңірде кез-келген адамды өзіне тартатын, сиқырлы құдірет бар. Ол құдірет – жұпар иісті балғын ауасы, тұңғиық табиғаты.
Екіншіден, бұл өңір – Беғазы-Дәндібай секілді ортағасырлық жәдігер дерегі бар, аса бай тарихы тереңге тамыр салған шежірелі өлке. Бұл өлкеден есімі алты Алашқа жайылған тілімен орақ оратын би,шешендер, кеменгер көсем арыстар, жаугершілік күн туғанда арғымаққа ер салып, ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен ел қорғаған батыр да батыл даналарымыз шыққан.
Сондай-ақ, ажары айшықты Ақтоғай атты киелі бұл өлке өнерден де кенде емес екен. Бұл өлке – ақиық-ақберен арқалы ақындар мен жыршылардың, асқақ үнімен сиқырлы сазымен әлемді аузына қаратақан әнші, бұлбұлдар мекені.
 

Келулердің саны: 292