Жоғары
Нашар көретiндер үшiн

Kitap Time-2022

23 қыркүйек күні кітапханамыз алғашқы жалпы республикалық «KitapTime-2022» кітап фестиваліне өз үлесін қосып, аудан кітапханаларымен бірге өткiздi.
Республика бойынша бір уақытта өткен бұл шара көпшіліктің көңілінен шығып, нағыз Кітап мерекесіне айналды.
"Kitap time" кітап фестивалімізде "Жұлдыздар шеруі", "Мен не оқыдым", "Сұрақтар фуршеті", "Ахмет Байтұрсыновпен қауышу", "Үздік кітаптар" алаңдары жұмыс жасап, "Айфон мен кітап" көрінісі көрсетіліп, әнмен шашу шашылды.
Шара соңында үздік оқырмандарымыз марапатталды.
ЮНЕСКО көлемінде 150-жылдық мерейтойы аталып отырған ұлтымыздың ұлы ұстазы Ахмет Байтұрсынұлына арналған "Ұлы ұстаз" атты алаңымен қатар "Ахметті" сомдаған Әлібаев Нұржан бір өлеңін оқып, оқырмандарды оқуға шақырды.
Одан кейін "поэзия party" мен жалғасты.
Мерекелік шара үздік оқырмандарымызды "жұлдыздар шеруі" алаңымен құрмет көрсетіп қарсы алып, Ағасынов Руслан мен Жұмашев Талғаттың әсем әндерімен ашылды.
Кiтапхана ұйымдастырған "сергіту сәті" ойыны өте көңілді өтіп, "Сұрақтар фуршеті" викторина-ойынына үздік оқырмандарымыз белсене қатысты.
Фестиваль арқылы оқырмандарға кітапхананың маңыздылығын, кітап оқудың пайдасын түсіндіріп, уақытын тиімді өткізуіне ықпалын тигізді.23 қыркүйек "KitapTime-2022" республикалық кітап фестиваліне үлес қосып, кітапханамыздың алғашқы рет өткізілген шарамыздан үзінді.


Келулердің саны: 224