Біздің қазақ халқы ат қоюға шебер-ақ. Адамның атқарған ісіне немесе бір қылығына, әйтпесе мінезіне қарай лайықты, азан шақырып қойған атынан бөлек тағы бір есім таға қояды. Біздің бала кезімізде аудан орталығы Ақтоғай селосында шағын ғана асхана жұмыс істеді. Сол асханадан келген-кеткен адам, жолаушылар тамақтанып жататын.
Біз - балалар осы асханадан барып кампот ішкенді қызық көретін едік. Сол уақытта басынан ақ қалпағы түспейтін Қасым ағаны көретінбіз. Ер адамның тамақ пісіріп, кампот құйып беріп жатқаны ауылда өскен біз үшін әуелде ерсілеу көрінетін. Бара-бара оған да көзіміз үйреніп кетті. Кейіннен үлкен ресто- ран салынуына байланысты бұл асхана жабылды да, Қасым аға аудандағы М.Горький атындағы орта мектеп жанындағы интернатқа аспаз болып кетті. Сол кездерде ауданда көпшілік ел Қаскеңді «Повар Қасым» немесе «Пимакат Қасым» деп ата- ушы еді. Біз бала болғандықтан, алғашқы атаудың аспаз болған соң солай аталғанын білгенімізбен, келесі атының мәніне онша маңыз бермеген екенбіз.
Қасым ағамыз бұрынғы Қу ауданының 14-ші ауылында (қазір Қарқаралы ауданының құрамында) 1914 жылы дүниеге келіпті. Әкесі Ақтанның аздап ескіше сауаты бар, діндар адам болыпты. Бірақ, Қасым ата-анасынан жастай айырылып, үлкен ағасы Мағаз Ақтановтың қолында тәрбиеленеді. Мағаз болса сол кездегі екпінді құрылыс болып саналған Балқаш қаласына 18 жіберіліп, сонда жұмысқа араласады. Ол кісі ағаштан түйін түйетін шеберлердің бірі болыпты. Ал оның қолындағы 16 жастағы Қасым қаладағы ФЗО-ға қабылдайды да, оны бітірген соң Балхаш қаласындағы киіз басатын, байпақ басатын цехта жұмыс істеп жүреді.
Осы уақытта неміс-фашист басқыншылары елімізге баса- көктеп кіріп, Ұлы Отан соғысы басталып кетеді де, ер азаматтар қан майданға аттанады, тылда қалған барлық шаруашылық саласындағылар жеңісті жақындату үшін аянбай еңбек етеді. Ауылдағылардың басты мақсаты - майдан шебіндегі жауынгерлерді азық-түлікпен, киім-кешекпен қамтамасыз ету еді. Сол шақта бес жастағы баладан белі бүкірейген қарияға дейін еңбек етті десек артық айтқандық емес. Колхоздары тамақ өнімдерін, Тоқырауын бойындағы шаруашылықтар өзінің ақ бидайын үздіксіз жөнелтіп жатқан Ақтоғай ауданының орталығында пима басатын цех ашылады. Өйткені, жауынгерлерге қыс кезінде жылы аяқ киімдер керек еді. Бірақ, оны алып кететін мамандар тапшы болатын. Соған орай мамандықты әлі толық меңгеріп үлгермей жатқанын…
Осы цехта қолдан жасалған байпақ пен пима Кеңес әскерінің жауынгерлеріне жөнелтіліп отырған. Сөйтіп, олар жеңіс күнінің жақындауына өздерінше осылай үлес қосқан екен. Бірақ, пима басу жұмысы соғыс біткен соң әрі қарай жалғасын таппай қалыпты. Цех жабылған соң Сталиндік жаппай жазалаудың дәмін Қаскең де тартады. Әр түрлі жаламен 10 жылға айдалып кетіп, оның жеті жылын «КарЛагта» өтеген соң ақталып шығады. Аман-есен ауылға оралған соң әр түрлі жұмыстар атқарады. КарЛагта отырғанда аспаздық жұмысты меңгерген екен, соның пайдасы тиіп, аудан орталығындағы асханаға орналасады. Өзінің жұмысын адал және намыстанбай атқарады. Бұрынғы «Пимакат Қасым» енді «Аспаз Қасым» («Повар Қасым») атанады. Осы жерде көп жыл еңбек етеді. Кейіннен аудан орталығында ресторан ашылып, асха- на, жабылғанда ол кісі М.Горький атындағы орта мектеп жанындағы интернат асханасында аспаз болып еңбек етіп, 1974 жылы зейнеткерлікке шығады. Содан 1994 жылы сексеннен асқан шағында дүниеден өтеді екен.
Бұл кісі ерен еңбегімен көрінген ер атағын алмаса да, жоғары марапаттарға ие болмаса да халқына адал қызмет атқарған, оның ішінде кейіннен аудандық өнеркәсіптік комбинаттың (промкомбинат), одан бертінгі тұрмыстық комбинаттың негізін қалаған артельді құрып, пима басып, аспаз болу сияқты халқымыз бұрын меңгермеген қазақ халқының тұрмыс- тіршілігінде жоқ мамандықтарда кәсіпті игерген Қасым Ақтанов ағамызды Ақтоғай ауданының халқы әлі күнге дейін аузынан тастамай айтып отырады. Ол кісінің балаларының барлығы Қарағанды қаласында тұрады. Лемара, Алмара, Нұргүл деген қыздары медицина са- ласында еңбек етеді. Ал, ұлы Шайкен болса Қарағанды банк колледжінде кафедра меңгерушісі, доцент. Немерелері де жоғары білімді Расул ҚарМУ-да оқытушы, магистр, Назгүл - «Болашақ» университетінде оқытушы, Райгүл - Химия- металлургия институтында аспирант, Кәмшат - Қарағанды экономикалық университетінің магистрі, Бауыржан - студент, «Болашақ» универститетінде оқиды. Осындай еңбекқор адамның өмір жолы кейінгі жастарға үлгі болары сөзсіз.
ЕСКЕРТУ: Бұл мақала 2010 жылы Ұлы Жеңістің 65 жылдығына орай жазылған болатын.
Келулердің саны: 18
«Үйшікей» ертегі кітабына 20 жыл
Аудандық балалар кітапханасының ұйымдастырумен «Үйшікей» ертегі кітабына 20 жыл (2005) толуына орай К.Байсейітова атындағы…
Жемқорлыққа жол жоқ
Қуаныш ауыл кітапханасы жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған «Жемқорлыққа жол…
Қазақ поэзиясының пырағы
Аудандық орталықтандырылған кітапхана оқу залы бөлімінің ұйымдастыруымен Қазақстанның халық жазушысы, ақын Қадыр Мырза Әлінің…
Сыбайлас жемқорлық
Ақтоғай аудандық кітапханасы сыбайлас жемқорлыққа бағытталған "Сыбайлас жемқорлық" атты кітап көрмесі…
Қазақстан мәслихаттарына 30 жыл
Мәдениет үйінде өткізілген Қазақстан Республикасының мәслихаттарына- 30жыл толуына орай Оқу залы бөлімі "Қазақстан…
Гюго .В. Аласталғандар
Гюго .В. Аласталғандар/В Гюго ,ауд. ЗӘбдешов.-Нұр-сұлтан.Фолиант. 1-том. Роман .2020.-736 б. Француздың ұлы жазушысы В Гюгоның кең ауқымды…
Гюго В. Аласталғандар
Гюго В. Аласталғандар/ Виктор Гюго , ауд. С Абдрахманов. – Нұр-Сұлтан. Фолиант, 2- том.2021.-672 б. Француз жазушысы Виктор Гюгоның…
Мұқанов Сәбит . Аққан жұлдыз
Мұқанов Сәбит . Аққан жұлдыз . роман/С Мұқанов.- Нұр- Сұлтан. Фолиант, 1-кітап.- 2021.-448 б. С…
Диккенс Чарльз. Үміт құшағында
Диккенс Чарльз. Үміт құшағында . роман/Ч Диккенс , ауд. Г .Исмағұлова.-Астана. Фолиант, 2023.-488 б. Ағылшын жазушысы Чарльз Дикеннстің…
Кэрол Дуэк. Ойлау . Табысқа жетудің жаңа психологиясы.
Кэрол Дуэк. Ойлау . Табысқа жетудің жаңа психологиясы. Алматы. «Мазмұндама» қоғамдық қоры,2021.-260 б. Ғұмырыңыз мәнді, мағыналы…