Абай Құнанбаев
Ұлы ақын, композитор, философ, саясаткер, ағартушы, қазақтың реалистік жаңа жазба әдебиетінің негізін қалаушы.
Ақынның арғы тегі Орта жүз Тобықты Арғын ішіндегі Олжай батырдан басталады. Олжайдан Айдос, Қайдос, Жігітек есімді 3 ұрпақ тарайды. Бұлардың әрқайсысы кейін бір-бір рулы ел болып кеткен. Айдостың Айпара деген әйелінен: Ыргызбай, Көтыбақ, Топай.
Ана айтқанындай, шынында, бұлардың ішінде Ыргызбай ортасынан оза шауып, ел басқарған. Ыргызбайдан Үркер, Мырзатай, Жортар, Өскенбай тарайды. Өскенбай шаруаға жайлы, билікке әділ кісі болғандықтан, "Ісің адал болса Өскенбайға бар,арам болса Ералыға бар” деген мәтел сөз қалған.Өскенбайдың әйелі Зердеден Құнанбай туады.
Құнанбай 4 әйел алған адам. Оның бәйбішесі Күңкеден – Кұдайберді, інісі Құттымұхамбетке айттырылып, қалыңдық кезінде жесір қалған соң өзі алған екінші әйелі: Ұлжаннан – Тәңірберді (Тәкежан), Ибраһим (Абай), Ысқақ, Оспан, үшінші әйелі Айғыздан – Халиулла, Ысмағұл туады. Қартайған шағында үйленген ең кіші әйелі Нұрғанымнан ұрпақ жоқ. Абайдің " Атадан алтау, анадан төртеу едім дейтіні осыдан. Болашақ ақын сабырлы мінезімен, кең пейілімен ел анасы атанған «кәрі әжесі” Зеренің таусылмайтын мол қазынадай аңыз ертегілерін естіп, абысын-ажынға жайлы, мінезі көнтерлі, әзіл-қалжыңга шебер, жөн-жобага жетік өз анасы Ұлжанның тәрбиесінде өсті. Абай әуеліауылдағы Ғабитхан молдадан сауатын ашады да, 10 жасқа толған соң 3 жыл Семейдегі Ахмет Риза медресесінде оқиды. Бұл медреседе араб, парсы’ тілдерінде, негізінен, дін сабағы жүргізілетін еді. Құрбыларынан анағұрлым зейінді бала оқуға бар ықыласымен беріліп, үздік шәкірт атанады. Ол ендідін оқуын ғана місе тұтпай, білімін өз бетінше жетілдіруге ұмтылады. Сөйтіп көптеген шығыс ақындарының шығармаларымен, араб, иран, шағатай (ескі өзбек) тілінде жазылған ертегі, дастан, қиссалармен танысады, Шығыстың Низами, Науаи, Сәғди’, Хафиз, Фзули сияқты ұлы ғұлама, классик ақындарына бауыр басады. Медресенің үшінші жылында Абай Семей қаласындағы „Приходская школаға” да қосымша түсіп, орысша сауатын аша бастайды. Бірақ бұл оқуын әрі жалғастыра алмай, небәрі 3 жылдан соң оның мұсылманша да, орысша да оқуы аяқталады. Абайдың басқа балаларданалымдылығын аңғарған Құнанбай оны елге шақырып алып, өз жанына ертіп, әкімшілдік-билікжұмыстарына араластырмақ болады. Сөйтіп 13 жастағы Абай ел ісіне араласады.
„Абайдың қара сөздері“ - абайдың прозалық шығармасы. барлығы 45 сөз және „бірер сөз қазақтың түбі қайдан шыққандығы туралы“ деген тарихи мақаладан тұрады.
Абай музыка саласында да мол мұра қалдырып, қазақтың музыкалық өнерін дамытты.Қазіргі уақытта ақынның жиырма жеті әнінің отыз алты нұсқасы нотаға түсірілген. Абай қазақтың ән-күй өнерін ерекше бағалаған. Бірақ ән атаулының бәрін қабылдамай, оның да „естісі мен есері барын“ айтып, „Құлақтан кіріп бойды алар, Жақсы ән мен тәтті күйді“ ғана ұнатқан. Абай қазақтың халық ән-күйлерін жете білген. Абай тек тыңдаушы ғана болмай, өзі де ән шығарған. Абайдың ән шығармашылығы қазақтың халық музыкасының тарихында ерекше орын алады. „Сегіз аяқ“, „Қор болды жаным“, „Айттым сәлем, Қаламқас“, „Ата-анаға көз қуаныш“, „Сұрғылт тұман“, „Желсіз түнде жарық ай“, „Мен көрдім ұзын қайың құлағанын“, „Амал жоқ, қайттым білдірмей “(„ Татьяна хаты “),„ Қараңғы түнде тау қалғып “,„ Ішім өлген, сыртым сау “, т.б. әндері арқылы ол халықтың ән шығармашылығын сан жағынан байытып қана қойған жоқ, сондай-ақ қазақ поэзиясында жаңа өлшем, жаңа түр тапқаны сияқты, қазақ әніне де жаңа әуен-ырғақ, жаңа үн, өлшем мен түр ала келген жаңашыл композитор болды.
Абайдың басқа халық композиторларынан ерекшелігі — қазақ әндерімен қатар, орыстың халық музыкасына, қаланың демократиялық ән-романстарына, Михаил Глинка, Антон Рубинштейн сияқты классиктердің вокальдық шығармашылығына құлақ түруі, содан үйренуі. Абай әндерінен орыстың, украинның халық әндеріне, романстық лирикалық үлгісіне, демократиялық музыкалық дәстүріне сарындастық айқын сезіледі. Абайдың „Сұрғылт тұман“, „Мен көрдім ұзын қайың құлағанын“, „Өлсем орным қара жер …“, т.б.әндері — қазақтың ән шығармашылығында жаңалық ашқан шығармалар. Абайдың осындай шумақта келетін әндерінің бірі — „Қараңғы түнде тау қалғып“.
Абай музыка өнерінде жалғыз болмаған. Оның айналасында ән-күйдің, өлең-жырдың қадірін білетін өнерпаз топ болған. Абайдың Петербургта оқыған баласы Әбдірахман мен ағайындас інісі Мұқа скрипкада ойнаса, Ақылбай, Әлмағамбет, Әйгерімдер әннің майын тамызған.
Абай мұрасы қазақ мәдениеті мен әдеби тілінің дамуына үлкен ықпал жасады. Абай шығармалары басқа тілдерге аударылу арқылы дүние жүзіне тарады. Елімізде ұлы ақынға жасалған құрмет ерекше. Абай атында қала (Қарағанды облысы), аудан (Шығыс Қазақстан облысы) шың, асу бар. Семей, Қарқаралы қалаларында, Жидебайда әдеби-мемориалдық музей-мұражайлар ашылған. Алматы, Астана, т.б. қалалардағы театрларға, көшелерге ақын аты берілген. Абай қоры жұмыс істейді. Фильмдер, көркем шығармалар, зерттеулер жазылған. Қазақтың классик жазушысы Мұхтар Әуезовтің бас кітабы — „Абай жолы“ ұлы ақынға арналған.
Ұлы ақын Абай Құнанбаев 1904 ж. 23-маусымда дүниеден озған. Бейіті — қазіргі Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданындағы Жидебай қонысында.
„Қара сөздер“ деген атау өлең сөзден бөлек дүниелер мағынасын білдіреді. Абай өзінің ақындығының оқырмандар үшін түсінуге қиындығын сезіп, кейбір күрделі дүниетанымдық мәселелерді қарасөздерде түсіндірген. Абайдың біршама өлеңдерін қара сөздеріндегі кейбір ойларды түсініп барып қабылдауға мүмкіндік ашылады. Мысалы, „Алланың өзі де рас, сөзі де рас“ деген өлеңін түсіну үшін алдымен отыз сегізінші сөзді оқыған жөн.Екеуінің айтар ойлары бір бағытта, бірінде ой поэзия тілінде, бірінде проза тілінде жеткізілген.
Әдебиеттер:
1. Абай Құнанбаев: Библиографиялық көрсеткіш (екі тілде).— Алматы: ҚР-ның Ұлттық кітапханасы, 1995ж.
2. Байтұрсынов А. Қазақтың бас ақыны // Абай. – 1992 ж.— № 3.
3. Әуезов М. Абайдың лирикасы // Сөзстан. 7 — кітап — Алматы, 1996 ж.
4. Әуезов М. О. Абайдың туысы мен өмірі // Абай. – 2003 ж.
5. Бэйхай Су Қазақтың ұлы ақыны – Абай // Абай. – 2003 ж. № 1.
6. Борбасов С., Ізтілеуова С. Ұлы ақын тәлімі және ұлттық рухани келбеті // Семей таңы. – 1994 ж.
Интернет қамбалар
Абайдың қара сөздері http://el.kz/m/articles/view/content-1168
Абай Құнанбаев ХХ ғасыр ІІ жартысындағы әдебиет
http://bibl.tarmpi.kz/images/stories/download/abai.pdf
Абай ақпараттық порталы http://abai.kz/post/view?id=410
Абай Құнанбаев туралы сайт https://sites.google.com/site/abai1845/
Абай Құнанбаев. 1-бөлім. Өмірі мен шығармашылығы туралы
https://www.youtube.com/watch?v=6pFc1FiO4kg
Абай Құнанбаев „Қор болды жаным“ https://www.youtube.com/watch?v=NlNTEy4r6fc
„Әлемге танылған Абай“ Сайт ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы мен Абай атындағы Семей кітапханасының бірлескен жобасы http://www.abay.nabrk.kz/index.php?lang=kk
Мәдени Мұра ұлттық жоба – Асыл мұра
http://www.madenimura.kz/kk/culture-legacy/music-legacies/composer/abai
“Ұлылардың» жұмбақ сыры — Абай Құнанбаев (4 бөлім) https://vk.com/video-26449296_166843589
Абай Кунанбаев, «В памяти предкам», «Культурное наследие» http://kaztube.kz/ru/video/120052
Абай Кунанбаев — Жаз, Күз, Қыс
http://kz-en.ru/publ/kazakhskij_jazyk/stikhi_na_kazakhskom/abaj_kunanbaev_zhaz_k_z_ys/22-1-0-447
Қазақстан телеарнасы сайты Абай туралы http://kaztrk.kz/kaz/news/madon/Abaj_Kunanbaev__1845-1904__id1387977845.html
Өскемен қаласы әкімдігінің ОКЖ Абай туралы
http://www.kitaphana.kz/ru/downloads/referatu-na-kazakskom/209-zheke-tulgalar/3040-abai.html
Абайға арналған жеке парақша https://www.facebook.com/AbajKnanbaev?ref=stream
Келулердің саны: 9473
Қазақстан туған елім,ұлы өлкем
25 қазан Республика күніне орай, Ақтоғай аудандық кітапхана оқу залы бөлімінің ұйымдастыруымен "Қазақстан туған елім,ұлы өлкем"…
Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан
Мәдениет үйінде Республика күніне орай өткен салтанатты шарада аудандық кітапхананың ұйымдастыруымен "Мәңгілік жаса, қыран елім…
Бүгін 24 — ші қазан кітапханашылар күні!
Бүгін 24 — ші қазан кітапханашылар күні! Кітапханалар – ғасырлар бойы келе жатқан биік парасаттылық пен білімділіктің…
Жылдың үздік кітапханашысы-2024
24- қазан кітапханашылар күніне орай "Жылдың үздік кітапханашысы-2024" аудандық байқауы өтті. Ашылу кезеңі Шашубай,Айыртас, Шабанбай,…
Жылдың үздік кітапханашысы-2024" аудандық байқауының жеңімпаздары
Үздік кітапханашы - Құлпейісова Жазира, Үздік жоба иегері - Сағындықова Нұршат, Үздік буктрейлер номинациясы бойынша Кенжебаева…
Гюго .В. Аласталғандар
Гюго .В. Аласталғандар/В Гюго ,ауд. ЗӘбдешов.-Нұр-сұлтан.Фолиант. 1-том. Роман .2020.-736 б. Француздың ұлы жазушысы В Гюгоның кең ауқымды…
Гюго В. Аласталғандар
Гюго В. Аласталғандар/ Виктор Гюго , ауд. С Абдрахманов. – Нұр-Сұлтан. Фолиант, 2- том.2021.-672 б. Француз жазушысы Виктор Гюгоның…
Мұқанов Сәбит . Аққан жұлдыз
Мұқанов Сәбит . Аққан жұлдыз . роман/С Мұқанов.- Нұр- Сұлтан. Фолиант, 1-кітап.- 2021.-448 б. С…
Диккенс Чарльз. Үміт құшағында
Диккенс Чарльз. Үміт құшағында . роман/Ч Диккенс , ауд. Г .Исмағұлова.-Астана. Фолиант, 2023.-488 б. Ағылшын жазушысы Чарльз Дикеннстің…
Кэрол Дуэк. Ойлау . Табысқа жетудің жаңа психологиясы.
Кэрол Дуэк. Ойлау . Табысқа жетудің жаңа психологиясы. Алматы. «Мазмұндама» қоғамдық қоры,2021.-260 б. Ғұмырыңыз мәнді, мағыналы…