Жоғары
Нашар көретiндер үшiн

Аманқұл Мұсатайұлы

Аманкұл Мұсатай баласы,1927 жылдың наурыз айында Көкше теңіз - атақты Балқаш көлінің теріскейінде, Бектауата тауының күнгей бетінде,Сарыөзек деген ата-қоныс кыстақта дүниеге келген.

Танымал өлкетанушы, ұстаз,суретші Аманкұл Мұсатайұлы,оның еңбек жолы, шығармашылығы, оқырманға ұсынылып отырған осы кітап, Орталык Қазақстан аймағының көне тарихы мен ескерткіштері сөз болғанда баса айтылатын ерекше тақырып бар.Оның өзі бірнеше кұрамдас бөліктерден тұратын күрделі тақырып.

Аманкұл Мұсатайұлы-Әлкей Марғұланның шәкірті,академик ғалым өзі басқарған Орталық Қазақстан экспедициясының Арка жеріндегі кұрметті мүшесі.

1986-1993ж аралығында Аманкұл Мұсатайұлы Ақтоғай ауданындағы мүражайда басшылык қызметін аткарған.

Аманкұл Мұсатайұлы 1950-1970-ші жылдары Орталык Қазакстан зкспедициясы жұмыстарына тікелей катысып отырды. Ғалымдармен бірге тек Балқаш, Актоғай маңы ғана емес, Қаркаралы, Шідерті өлкелеріндегі зерттеулерге катысты, Ұлытау, Арғанаты өңірлерінің ескерткіштерін көрді. Шет, Ағадыр төңірегін де көп аралады.

Аманкұл Мұсатайұлы далалык зерттеулеріне жиі катысып жүрген Орталық Қазақстан экспедициясының алғашқы кезеңдегі жұмыстарын ұйымдастырған және атқарған аса көрнекті ғалым.

Ақтоғай кентінде ширек ғасыр орта мектепте ұстаз болып,бейнелеу өнері пәнінен дәріс берген Аманкұл Мұсатайұлы жүздеген жасөспірімді білім мен өнерге баулып,үлкен өмірге ұшырды. Сонымен катар,оның аудандык өлкетану музейін бірнеше жыл дайындап, ашу ісіне белсене қатысқанын айтпай кетуге болмас

 

Әдебиетер тізімі:

Мұсатайұлы А. Тағылым (Археолог Әлкей Марғұланмен кездесуден естеліктері).-Алматы: «Өнер» баспасы, 2007.-128 б      


Келулердің саны: 139