Әкесі Хамза мен ағасы Әшімтай ғажайып музыканттар болды. Арғын тайпасы Тобықты руының дадан бөлімінен шыққан. Күйшілік өнерге баулыған әкесі Хамза және Сатан, Хамит, Әшірбек сияқты әнші-күйшілер болды. Ұстазы Аққыздан үйренген Тәттімбеттің "Сары жайлау","Сылқылдақ" күйлерін көркем өнерпаздар үйірмесінде шебер орындап, көзге түсті.
Мағауия Хамзин (1927-2000) - домбырашы, композитор-күйші, ҚазССР-нің халық артісі. 1927 жылы Жезқазған облысында туған. Алматы музыкалық училищесін бітірген, Хамит, Әшірбек, Аққыз сияқты әнші-күйшілерден домбыра өнерін үйренген.
М. Хамзин репертуарында Тәттімбеттің "Саржайлау" күйі, Тоқаның, Дайрабайдың, Аққыз бен Қазақстанның басқа халық композиторлардың күйлері бар. Ол шертпе күйдің шебері. М. Хамзин Моцарттың, Брамстың, Рахманиновтың классикалық шығармаларын тұңғыш рет домбырада орындаушы. Композитор - күйшінің домбырасы да оның орындау мәнері сияқты - ерекше құрылымды және толық дауысты. Хамзиннің шығармашылығы Қазақстандықтар арасында жақсы танымал әрі сүйікті. Оның шығармаларынан белгілілері: "Қос басар","Косманавтар", "Жайлау","Жарыс", "Жас қазақ" күйлері және басқалар
1949 жылы Алматы музыкалық училищесін бітірді.
1944 жылы Қарағанды филармониясына қабылданды. Осы кезеңде күйші домбыра өнерінің қыры мен сырын жете меңгерді.
1949 - 1952 және 1958 - 1961 жылдары Қазақтың халық аспаптар оркестрінде қызмет етті.
1952 - 1957 жылдары Балқаш мыс корыту з-тыныи көркемөнер-паздар ұжымын басқарды.
1961 жылдан "Қазақконцертте" жеке домбырашы.
Мағауия 10 жасынан-ақ күйшіліктің жолына түседі. Жылдар өте ол орындаушылықтың өзіндік үлгісін танытады күйшілікті әбден меңгеріп домбыраның құлағында ойнау дәрежесіне жетеді. Ә.Хасенов пен Т.Момбековтерге қарағанда оның домбырашылығы басты негізгі кәсібі болды.
Ол ұзақ жылдар бойы «Қазақконцертте» солист болды. Осы мамандық бойынша Қарағанды филармониясында, Құрманғазы атындағы халық аспаптары оркестрінде, Балқаш кеншілер Мәдениет Сарайында істеді. М.Хамзин бірнеше тамаша күйлердің авторы.
1979 жылы майталман күйшіге Қазақ КСР-ң халық әртісі құрметті атағы берілді.
1998 жылы Құрманғазының туғанына 175 жылдық торқалы тойына арналған «Құрманғазы және Ұлы Дала сазы» атты түркі халықтарының дәстүрлі сазына арналған Халықаралық фестивалінде М.Хамзин әйгілі домбырашы төкпе күйші Рысбай Ғабдиев екеуі «Дәстүрлі музыка өнеріне сіңірген аса зор үздік еңбегі үшін» атты жүлдеге ие болды.
Хамзиннің репертуарында Тәттімбет, Тоқа, Дайрабай, Әбді, Аққыз, т.б. халық композиторларының күйлері бар. М.Хамзин бірнеше тамаша күйлердің авторы.
Ол қазіргі заман тақырыбына арнап:
Мағауия 10 жасынан-ақ күйшіліктің жолына түседі. Жылдар өте ол орындаушылықтың өзіндік үлгісін танытады күйшілікті әбден меңгеріп домбыраның құлағында ойнау дәрежесіне жетеді. Ә.Хасенов пен Т.Момбековтерге қарағанда оның домбырашылығы басты негізгі кәсібі болды.
Мағауия Хамзин – күй құты қонған күйші, танымал сазгер. Оның өзі шығарып, өзі орындайтын «Жарыс», «Көкек», «Жайлау», «Тоқырау толғауы», «Белгісіз солдат», «Алтын асты», «Шопан күйі», «Космонавтар», «Амангелді», «Жас қазақ», «Тоғысу», «Жамбыл толғауы», «Балқаш толқыны» күйлері мен Абайдың төрт әніне және үнді халық әндеріне жазылған попуррилері бар. Бұл туындыларды бүгінде өзінен дәріс алған дарынды шәкірттері де ойнап жүр.
Қазақстан Республикасының Халық әртісі, шертпе күйдің шебері Мағауия Хамзин жеті жасында Халық композиторы Әшімтай атасынан «Қоңыр қаз», «Сылқылдақ», «Саржайлау» күйлерін үйренеді.
Дереккөздер:
Келулердің саны: 1087
«Үйшікей» ертегі кітабына 20 жыл
Аудандық балалар кітапханасының ұйымдастырумен «Үйшікей» ертегі кітабына 20 жыл (2005) толуына орай К.Байсейітова атындағы…
Жемқорлыққа жол жоқ
Қуаныш ауыл кітапханасы жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған «Жемқорлыққа жол…
Қазақ поэзиясының пырағы
Аудандық орталықтандырылған кітапхана оқу залы бөлімінің ұйымдастыруымен Қазақстанның халық жазушысы, ақын Қадыр Мырза Әлінің…
Сыбайлас жемқорлық
Ақтоғай аудандық кітапханасы сыбайлас жемқорлыққа бағытталған "Сыбайлас жемқорлық" атты кітап көрмесі…
Қазақстан мәслихаттарына 30 жыл
Мәдениет үйінде өткізілген Қазақстан Республикасының мәслихаттарына- 30жыл толуына орай Оқу залы бөлімі "Қазақстан…
Гюго .В. Аласталғандар
Гюго .В. Аласталғандар/В Гюго ,ауд. ЗӘбдешов.-Нұр-сұлтан.Фолиант. 1-том. Роман .2020.-736 б. Француздың ұлы жазушысы В Гюгоның кең ауқымды…
Гюго В. Аласталғандар
Гюго В. Аласталғандар/ Виктор Гюго , ауд. С Абдрахманов. – Нұр-Сұлтан. Фолиант, 2- том.2021.-672 б. Француз жазушысы Виктор Гюгоның…
Мұқанов Сәбит . Аққан жұлдыз
Мұқанов Сәбит . Аққан жұлдыз . роман/С Мұқанов.- Нұр- Сұлтан. Фолиант, 1-кітап.- 2021.-448 б. С…
Диккенс Чарльз. Үміт құшағында
Диккенс Чарльз. Үміт құшағында . роман/Ч Диккенс , ауд. Г .Исмағұлова.-Астана. Фолиант, 2023.-488 б. Ағылшын жазушысы Чарльз Дикеннстің…
Кэрол Дуэк. Ойлау . Табысқа жетудің жаңа психологиясы.
Кэрол Дуэк. Ойлау . Табысқа жетудің жаңа психологиясы. Алматы. «Мазмұндама» қоғамдық қоры,2021.-260 б. Ғұмырыңыз мәнді, мағыналы…