
Дос батыр немересі Қожаназар Жидебай 1713 жылы дүниегекелген. Руы қаракесек-майқы-әлтекеден-Алмұрат-Дос |баласы-Қожаназардан туады. Дос өз заманының атақты батыры болған. Алматы облысы Қаратал ауданында осы кісінің құрметіне| аталған Дос өзені бар, Жидебай жас кезінен бастап ат құлағындаойнап, балуанға түсіп, жақсы атағы шыға бастайды. Атам Дос сияқты батыр болсам деп армандайды. ¥лы атасы Алмұрат ауылында қонақ болған атақты Қабанбай батырдан бата сұрайды. Сонда Қабанбай батыр:
Жарайсың балам, жарайсың,
Дос батырдай болғайсың.
Төрт түрлі алмағайыптың,
Басым етіп бердім біреуін,
Қадір тұтып алғайсың -
деп бата берген. Жидебай ел аузында аты аңызға айналған батыр әрі шешен, әрі әділ би болған. Жидебай Абылай ханмен алғаш рет 19 жасында танысқан. Үлкен бір ұрыста Жидебайдың ерлігін сырттан байқаған Абылай ұрыстан кейін Жидебайды алдына шақыртып алады. Мәшһүр Жүсіп Көпеев өз жазбаларында Жидебай батыр Абылай ханның ең сенімді серіктерінің бірі»-деп жазады. Қалмақтармен соғыс біткеннен кейін Абылай хан Жидебай батырды хандықты қорғайтын қырағылар тобын басқартқан. Мұның өзі Жидебайдын өз заманындағы ірі тұлға, тарихта аты алтын әріппен жазылған, батыр екендігіне дәлел. Жидебайдың тағы бір қасиеті отқа жонған қойдың жауырынына қарап, болар іске болжам айтқан. Қараменде бидің ең жақын досы болған Жидебай батыр өз заманының фәлсапасы, ой-толғамы терең артында өшпес сөз қалған шешен. Тірі кезінде әулие атанған батыр 100-ге қараған шағында 1812 жылы қайтыс болған. 1993 жылы Сәуле селолық округінеЖидебай батырдың есімі берілді. АуданымыздаЖидебай батырдың есімімен көшеміз бар. Биылғы жылы Жидебай батыр селолық округіне Жидебайбатырдың туғанына 300 жыл толуына орай ескерткіш орнатылды. Биылғы жылы Жидебай батыр селолық округіне Жидебай батырдың туғанына 300 жыл толуына орай тамыз айында 16-17 –ші жұлдыздарында Аудандық әкімшіліктің ұйымдастыруымен ат жарысы және мерекелік шаралар өтеді. Аудандық кітапханамыздың өлкетану қорында Жидебай батырымыздың баспасөз бетерінен алынған жинақ папкамыз бар.
Келулердің саны: 2203
Менің мамандығым - менің таңдауым
Бүгін Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен «Сарыжайлау» кинотеатрында «Менің…
Сарыарқаның текті азаматы
Ақтоғай аудандық кітапханасында Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің генерал - майоры, Балқаш қаласының…
Кітап оқитын ұлт
"Кітап оқитын ұлт" жобасын насихаттау, кітап оқу дәстүрін қалыптастыру мақсатында Ақтоғай ауданының жалпы білім беру мектебінің…
Қарғын
Аудандық кітапхана оқу залы бөлімі Жыр- жауһар клубы мүшелерімен, кітапхана оқырмандары арасында Қазақстанның - халық жазушысы Д.…
Кітап оқитын мектеп
" Кітап оқитын мектеп" жобасы бойынша Ә. Бөкейхан атындағы мектеп оқушыларына жобаға қатысушы оқырманға ұсынылатын кітаптарды апарып,…
Гюго .В. Аласталғандар
Гюго .В. Аласталғандар/В Гюго ,ауд. ЗӘбдешов.-Нұр-сұлтан.Фолиант. 1-том. Роман .2020.-736 б. Француздың ұлы жазушысы В Гюгоның кең ауқымды…
Гюго В. Аласталғандар
Гюго В. Аласталғандар/ Виктор Гюго , ауд. С Абдрахманов. – Нұр-Сұлтан. Фолиант, 2- том.2021.-672 б. Француз жазушысы Виктор Гюгоның…
Мұқанов Сәбит . Аққан жұлдыз
Мұқанов Сәбит . Аққан жұлдыз . роман/С Мұқанов.- Нұр- Сұлтан. Фолиант, 1-кітап.- 2021.-448 б. С…
Диккенс Чарльз. Үміт құшағында
Диккенс Чарльз. Үміт құшағында . роман/Ч Диккенс , ауд. Г .Исмағұлова.-Астана. Фолиант, 2023.-488 б. Ағылшын жазушысы Чарльз Дикеннстің…
Кэрол Дуэк. Ойлау . Табысқа жетудің жаңа психологиясы.
Кэрол Дуэк. Ойлау . Табысқа жетудің жаңа психологиясы. Алматы. «Мазмұндама» қоғамдық қоры,2021.-260 б. Ғұмырыңыз мәнді, мағыналы…