Әбдіров Нүркен (1919, Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы бұрынғы 5-а. — 19.12.1942, Ростов облысы) – әскери ұшкыш-штурмовик, сержант, Кеңес Одағының Батыры (1943 ж. қаза болған соң берілген). 1939 ж. Қарағанды аэроклубының ұшқыштар курсын бітіріп, запастағы пилот мамандығын алды. Қызыл Армия қатарына 1940 ж. шақырылды. Орынбор авиация училищесін бітіргеннен кейін (1942 ж. ), 267-ші авиация дивизиясының 808-ші полкіне жіберілді. Шайқаста ержүректілігімен, іскер қимылдарымен көзге түсті, жаудың оқ-дәрі, қару-жарақ қоймаларын, адам күші мен ұрыс техникасын жойды. 16 рет әуе шайқасына қатысып, фашистердің 12 танкісін, 28 жүк автомобилін, оқ-дәрі тиеген 18 машинасын, жанармай құйылған 3 цистернасын, 3 зеңбірегін жойып, 50-ден астам неміс солдаты мен офицерін жер кұштырған. 17-жауынгерлік тапсырмасын алған (19. 12. 1942 ж. ) Н. Әбдіров жаудың Сталинград шебіне енетін Боков-Пономаревка аудандағы қорғаныс бекінісі мен шоғырланған танкілерін жою үшін әуеге көтерілді. Тапсырманы орындау кезінде Н. Әбдіров бірнеше дзотты, зенит артиллериясының 2 нүктесін, 6 танкті жойды, бірақ өзінің ұшағы да зақымданды. Жалын шарпыған ұшағын жау техникасы шоғырланған тұсқа бағыттап, капитан Н.Ф. Гастелло сиякты қаһармаңдықпен қаза тапты. Ростов облысының Вешенск ауданның Н. Әбдіров жерленген Коньки хуторында, Қарағанды қаласында, сондай-ақ өз есіміндегі ауылда (батырдың туған жерінде) Н. Әбдіровке ескерткіштер орнатылған. Қарағандыда Н. Әбдіров атындағы даңғыл бар. Жыл сайын Н. Әбдіров атыңдағы жүлде үшін еркін күрестен жарыс өткізіледі. Волгоградтағы Мамаев қорғанының етегінде Н. Әбдіров бейнелі зираты жасалған. Қарағандыдағы кеншілердің Мәдениет сарайының репертуарына Нүркен Әбдіров туралы балет енгізілген (музыкасы А. Руденскийдікі). Н. Әбдіров туралы Г. Якимов жазған «Мәңгілік өмір шыңына» («Пике в бессмертие») атты деректі повесть (Алматы, 1966 ж. ) бойынша «Қазақтелефильм» студиясы фильм шығарды.
Әбдіров Нұркен 1919 жылы Қарқаралы өңірінде бұрынғы 5-ші ауыл, қазіргі Нұркен атындағы шаруашылық аумағында шаруаның отбасында дүниеге келген. Кейін ата–анасымен бірге Қарағандыға қоныс аударып, осы қалада әуе клубында үшқыш мамандығын игерген. Соғыс басталғанда Нұркен Орынбор әуе училищесінде оқитын. Ол майданға аттануға ұмытыла берді, сондықтанда оны алдымен Ташкенттегі, одан кейін Сібір қалаларының біріндегі шабуылшы әскери үшқыш дайындайтын курстарға жіберді. Оқуды тәмамдағаннан кейін ол 267 әуе дивизиясының 808-ші шабуылшы полкы құрамында майданға аттанды.
Н.Әбдіров талай әуе шайқасына қатысып, ерлік пен өжеттік, әскери шеберлік танытты, әр тапсырманы мұқият орындап отырды. Қазанның 23 күні тұңғыш рет әуе шайқасына аттанар алдында Нұркен былай деп жазған екен: "Егер біз фашистерді құртпасақ, олар біздің түбімізге жетеді. Сөйтіп қуанышты, бақытты өмірмен қоштасамыз..."
Қарапайым қазақ баласы Н.Әбдіровтың өмірі мен ерлігі қаһарман, қаншыл қазақ ұлтының бойындағы игі қасиеттердің айнасындай әлемге шұғыла шашып тұр.
Келулердің саны: 1237
«Үйшікей» ертегі кітабына 20 жыл
Аудандық балалар кітапханасының ұйымдастырумен «Үйшікей» ертегі кітабына 20 жыл (2005) толуына орай К.Байсейітова атындағы…
Жемқорлыққа жол жоқ
Қуаныш ауыл кітапханасы жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған «Жемқорлыққа жол…
Қазақ поэзиясының пырағы
Аудандық орталықтандырылған кітапхана оқу залы бөлімінің ұйымдастыруымен Қазақстанның халық жазушысы, ақын Қадыр Мырза Әлінің…
Сыбайлас жемқорлық
Ақтоғай аудандық кітапханасы сыбайлас жемқорлыққа бағытталған "Сыбайлас жемқорлық" атты кітап көрмесі…
Қазақстан мәслихаттарына 30 жыл
Мәдениет үйінде өткізілген Қазақстан Республикасының мәслихаттарына- 30жыл толуына орай Оқу залы бөлімі "Қазақстан…
Гюго .В. Аласталғандар
Гюго .В. Аласталғандар/В Гюго ,ауд. ЗӘбдешов.-Нұр-сұлтан.Фолиант. 1-том. Роман .2020.-736 б. Француздың ұлы жазушысы В Гюгоның кең ауқымды…
Гюго В. Аласталғандар
Гюго В. Аласталғандар/ Виктор Гюго , ауд. С Абдрахманов. – Нұр-Сұлтан. Фолиант, 2- том.2021.-672 б. Француз жазушысы Виктор Гюгоның…
Мұқанов Сәбит . Аққан жұлдыз
Мұқанов Сәбит . Аққан жұлдыз . роман/С Мұқанов.- Нұр- Сұлтан. Фолиант, 1-кітап.- 2021.-448 б. С…
Диккенс Чарльз. Үміт құшағында
Диккенс Чарльз. Үміт құшағында . роман/Ч Диккенс , ауд. Г .Исмағұлова.-Астана. Фолиант, 2023.-488 б. Ағылшын жазушысы Чарльз Дикеннстің…
Кэрол Дуэк. Ойлау . Табысқа жетудің жаңа психологиясы.
Кэрол Дуэк. Ойлау . Табысқа жетудің жаңа психологиясы. Алматы. «Мазмұндама» қоғамдық қоры,2021.-260 б. Ғұмырыңыз мәнді, мағыналы…