
Шалғынбай Томайұлы
/1534-жылы белгісіз/
Шалғынбай күйші 1534 жылы Тоқырауын бойында дүниеге келген. Шалғынбайдың арғы тегі Әлтеке. Әлтекеден Әтембек, Әтембектен Томай, Томайдан Шалғынбай туады. Үлкен балалары домбырашы, қобызшы сонымен қатар шешендіктерімен ел - жұртқа белгілі болған жандар. Шалғынбайға бабалары бірде аян береді. Түнде ақсақал адам келіп:
- Балам жай қолынды, ал мына домбыраң мен қобызыңды, кедейліктен кетпейсің, байлыққа жетпейсің I ырзығың осында деген, - екен. Ақсақалдың берген батасы қабыл болып, Шалғынбайға күй атасы қонып ел аузына ілігіп, аты шыға бастайды. Шалғынбай қобыз бен домбыраның қос шегінде ойнаған керемет күйші болған. Оның күйлері жөнінде деректер аса сақталмаған. Мына бір күйі жөнінде Шалғынбай туралы ел аузынан жазып алған Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің естелігінде кездеседі. Бір ауылда шілдехана тойы болады. СоғанШалғынбай күйші де келеді. Сол тойда Шалғынбзй өзінің «Нарінген» атты күйін тартып береді. Жұрт бұл күйдің аты қалай дегенде, Наргінгеннің шығу тарихын айтып берген. Шалғынбай күшінің ұрпағы Сыр бойын мекен еткен. Күйшінің зираты Кенелі тауының бәктері Әулие атаға қараған бет қызыл адырда жолдыңбойында. Зират отаулы терт құлақты. Ақтоғай ауданының тұрғыны Қазақ тарихы және мәдени ескерткіштерді қорғау қоғамының құрметті мүшесі Аманқұл Мұсатайұлы ағамыз Шалғынбай күйшінің зиратынан киіз және шүберекпен оралған қара қобызын тауып алған. Оны Әлкей Марғұланның сұрауы бойынша Алматыдағы көне қззақ аспаптары мүражайына тапсырған.
Келулердің саны: 1726
Менің мамандығым - менің таңдауым
Бүгін Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен «Сарыжайлау» кинотеатрында «Менің…
Сарыарқаның текті азаматы
Ақтоғай аудандық кітапханасында Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің генерал - майоры, Балқаш қаласының…
Кітап оқитын ұлт
"Кітап оқитын ұлт" жобасын насихаттау, кітап оқу дәстүрін қалыптастыру мақсатында Ақтоғай ауданының жалпы білім беру мектебінің…
Қарғын
Аудандық кітапхана оқу залы бөлімі Жыр- жауһар клубы мүшелерімен, кітапхана оқырмандары арасында Қазақстанның - халық жазушысы Д.…
Кітап оқитын мектеп
" Кітап оқитын мектеп" жобасы бойынша Ә. Бөкейхан атындағы мектеп оқушыларына жобаға қатысушы оқырманға ұсынылатын кітаптарды апарып,…
Гюго .В. Аласталғандар
Гюго .В. Аласталғандар/В Гюго ,ауд. ЗӘбдешов.-Нұр-сұлтан.Фолиант. 1-том. Роман .2020.-736 б. Француздың ұлы жазушысы В Гюгоның кең ауқымды…
Гюго В. Аласталғандар
Гюго В. Аласталғандар/ Виктор Гюго , ауд. С Абдрахманов. – Нұр-Сұлтан. Фолиант, 2- том.2021.-672 б. Француз жазушысы Виктор Гюгоның…
Мұқанов Сәбит . Аққан жұлдыз
Мұқанов Сәбит . Аққан жұлдыз . роман/С Мұқанов.- Нұр- Сұлтан. Фолиант, 1-кітап.- 2021.-448 б. С…
Диккенс Чарльз. Үміт құшағында
Диккенс Чарльз. Үміт құшағында . роман/Ч Диккенс , ауд. Г .Исмағұлова.-Астана. Фолиант, 2023.-488 б. Ағылшын жазушысы Чарльз Дикеннстің…
Кэрол Дуэк. Ойлау . Табысқа жетудің жаңа психологиясы.
Кэрол Дуэк. Ойлау . Табысқа жетудің жаңа психологиясы. Алматы. «Мазмұндама» қоғамдық қоры,2021.-260 б. Ғұмырыңыз мәнді, мағыналы…