Жоғары
Нашар көретiндер үшiн

Сұрақ-жауап

Жаңа кітаптар

Сұрақтың мәтіні:

Сайттағы жаңа басылымдарды қайдан алып оқуға болады?

Жауап:

https://en.calameo.com/account/book

Мерзімді басылымдар

Сұрақтың мәтіні:

Лиза, өте дәмді, ақ босаға деген мерзімді басылымдарды неге эл.нұсқасын жасамасқа

Жауап:

https://en.calameo.com/account/book

Серік Ақсұңқар

Сұрақтың мәтіні:

Серік Ақсұңқардың қанша кітабы бар

Жауап:

https://en.calameo.com/account/book

oliver Twist китабы

Сұрақтың мәтіні:

Сәлеметсізбе? Charies Dickens тін Оливер Твист кітабы аудио түрінде барма?

Жауап:

Сәлеметсізбе оқырман! Бұл кітаптің аудио жазбасы біздің  кітапханада бар.  Сіздің вертуалды анықтама қызыметін қолданғанынызға рахмет.

Металургтер күні

Сұрақтың мәтіні:

Сәлеметсізбе сіздерде Металургтер күніне ақпарат тізімі бар ма?

Жауап:

Сәлеметсіз бе! Сіз сұраған ақпаратты Шашубай кент кітапханасынан сұрап, көрсетілген электронды адреске жолдаймыз. Виртуалды анықтама қызметін пайдаланғаныңызға рахмет!

Рухани жаңғыру

Сұрақтың мәтіні:

Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында кітапхананың рөлі

Жауап:

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласының тарихи мәні – саяси реформа мен экономикалық жаңғыру бағдарламасын қазақстандық қоғамды және әр қазақстандықты рухани жаңғырту арқылы жалғастыруды көздейтіндігінде. Тек жоғары білімді және рухани бай халық қана сыртқы әсерлерді дұрыс қабылдап, оған лайықты жауап қайтара алады. Сондықтан да мақала қоғамдық-саяси және мәдени-ағартушылық жобалар ретінде бірқатар шаралардан тұратыны өте маңызды. Ұлт Көшбасшысы атап көрсеткен бұл шаралар еліміздің дамудың жаңа деңгейіне көтерілуіне өз септігін тигізетініне әбден сенімдіміз.

Бағдарламаның қай бағыты болсын, елдің рухани әлеуетін көтеруге, ұлттық құндылықтарды, жалпы адамзаттық ізгілікті насихаттауға арналған. Алға қойылған стратегиялық мақсаттарды жүзеге асыруда маңызды рөл кітапханаларға тиесілі. Бұл іске кітапханашыларымыздың қосар үлесі мол-ақ. Қазірдің өзінде «Туған жер», «Қазақстанның киелі жерлер географиясы», «Әлемдегі Қазақстан мәдениеті», «100 жаңа оқулық», «100 жаңа есім», «Отаным тағдырым» бағыттарының аясында қабылданған кіші бағдарламалар мен «Атамекен», «Рухани қазына», «Тәрбие мен білім» жобалары басшылыққа алынуда. Әсіресе, жас ұрпақты тарихи-мәдени және ұлттық рухани құндылықтарымызды қастерлеп, бағалай білуге баулу, оларға еліміздің бүгінде сандаған ұлт өкілдерінің ортақ үй, алтын бесігіне айналып отырғанын, бірлік пен ынтымақ басты байлығымыз екенін ұғындыру қай кездегіден де маңызды бола түсті.

Виртуалды анықтама қызметін пайдаланғаныңызға рахмет!

"Рәміздер күні"

Сұрақтың мәтіні:

Сәлеметсіздерме сіздерге "Рәміздер күніне"сценарии бар ма?

Жауап:

Қайырлы күн! Виртуалды анықтама қызметін пайдаланғаныңыз үшін алғыс айтамыз! Сіздің сұранысыңыз қарастырылып, өзіңіз көрсеткен электронды поштаға жіберіледі.

Кітап

Сұрақтың мәтіні:

Бағдаршам туралы кітап бар ма?

Жауап:

Сәлеметсіз бе? Бағдаршам туралы кітапты балалар кітапханасынан келіп алуыңызға болады. Виртуалды анықтаманы қолданғаныңызға рахмет!

Абзал Бөкен туралы материалдар

Сұрақтың мәтіні:

Абзал Бөкен туралы материалдар, фотоларымен барма

Жауап:

Сәлеметсіз бе? Иә, келіп қарасаңыз болады. Көмек беруге дайынбыз

кітап

Сұрақтың мәтіні:

Сәлеметсіз бе! Кітапханада тұрған Дьюи атты мысық туралы кітапты тауып беруге көмектесіп жіберінізші тосамын.

Жауап:

Сәлеметсіз бе! Бізде Дьюи атты емес басқа мысық туралы кітаптар бар, балалар кітапханасынан ала аласыз, көмектесуге дайынбыз. Виртуалды анықтаманы қолданғаныңыз үшін рахмет!