Жоғары
Нашар көретiндер үшiн

2013

2013

Фариза

 

     Фариза Оңғарсынова  1939 жылы Атырау өңіріндегі Манаш ауылында дүниеге келген. 1967 жылы«Бұлбұл» деген атпен тұңғыш жыр кітабы жарық көреді.

     Бүгінде  Фаризаны білмейтін оқырман кемде-кем. Ақынның жазған жырлары сандуғаш болып сайрады. «Маңғыстау монологтары» ақынның отыз жасындағы қолтаңбасы. Содан бері «Мазасыз шақ», «Мен сенің жүрегіңдемін», «Шілде», «Сенің махаббатың», «Дауа» сияқты кітаптары адам атты күрделі жаратылысты сан зерттейді. Олар не туралы? Махамбеттің мұңын сезгенде, қайратынан жыр жанығанда өршіл сарынға ерік береді. Міне, Фариза  ақынның  халқына  ұсынған  өр мінезді жырлары  осы  еңбектері  арқылы  белгілі  болды.   

    Лирикалары. Ақын әйелдер жанының кұпиясын, арманын, махаббатын көп жазады. Ол сезімкүйлерін шертуге, Әлия мен Мәншүктің тағдыры мен трагедиясына дастандар арнады.

    Ақын — өз заманының ар-ұжданы. Ол болашақ үшін өмір сүреді. Әлденеден мұңайған кезінде, біреудің пасықтығынан жүрегі мұздаған кезінде, кешегі досының бүгін теріс айналғанын көргенде Фаризаның досы, сенері, мұңдасы, берер дәрі-дауасы — поэзия.

     Ақын жырында әйелдер бейнесінің көңіл күйі дауылды сезім болып жырланады, тек жай жырлау емес, қазіргі замана талабының биік өрісіне лайықтап жырлау — Фариза туындыларының бір қыры. 

    Фаризаның беріліп, шабыттанып, аса құмарта, кең көсіліп жырлаған табысты тақырыбы — махаббат, сүйіспеншілік тақырыбынан басқа да саяси-әлеуметтік тақырыптарды әуелде публицистикалық толғау үлгісі арқылы игерген ақын бірте-бірте философиялық, психологиялық монолог формаларға ауысыпсуреттегенін көреміз. Туған жер, Отан-Ананы нақты сурет, бейнелі тіл, көркем тәсілмен өрнектейді.   

 

Жыр әлеміне құлаш ұрған ақын жырлары өз оқырмандарын қуанта берері сөзсіз.    

 

Жаным – дала,  көгінен  бұлт  арылмай, 

 

батпан  зілдер  басса  да, жүр  тарылмай. 

 

Шідерлеулі  көңілді  зулат,  жырым, 

 

баяғының  құс  қанат  тұлпарындай. 

 

Елтімейді  қалғыған  шаққа  жаным, 

 

ұмтылыста, жүйткуде  бақ, талабым. 

 

Талма  шақта  талықсып  кетсем,  жырым, 

 

сен  қақырат  мәңгілік  қақпаларын. 

 

Жол – дария,  тұрмайды  ағын  ұрмай, 

 

Жоғалма, жыр, жылдарға   тамырың  жай, 

 

дәуірлердің  дауылы  дақ  салмаған 

 

ата-мұра  қобыздың  сарынындай. 

 

Жүрек  жазбай  жұптасқан  ғұмырласым, 

 

жыр-әуезім  суарған  мұңым, жасым 

 

ойсыздықтан  өрекпіп,  тойғандардың 

 

құлағына  қайғы  боп  ызыңдасын. 

 

Рақат  түн,  дырду  мен  дабыр  қалып, 

 

жазылған  жыр  жүректің  шамын  жағып, 

 

елдігі  мен  ерлігі  қалғығанды 

 

аттан  салып  оятсын  дабыл  қағып. 

 

Дүниеден  іздеумен  нұрлы  бесін 

 

талпыныстан  танбаған  жыр-күресім

 

адамдық  пен  адалдық  семсеріндей 

 

жағымпаздың  ту  сыртын  тілгілесін. 

 

Зула,  менің  жыр – күймем,  шабыт  жегіп, 

 

жер  бетіне  ғұмырлы  жарық  беріп, 

 

жүректердің  құрсауын  ағып  келіп, 

 

зорлықтардың 

 

зардабын  шеккендерге 

 

Әділеттен  сыбаға  алып  беріп!   

 

                                                                      Ф.Оңғарсынова 

 

  

Тыңда менi жүрекпен! 

   

Ей, адамзат!
Қара жерге гүл еккен,
Қара орманды күл еткен!
Тыңда менi жүрекпен!
Тыңда менi, сан жұрттар!
Кең әлемде кеуделерде тарлық бар,
тұтастық бар, қалдық бар,
бар әлемде, қара жердiң бетiнде
соғыс жайлы жарлықтар.
Дүниеде ұзын қолды үстем бар,
шарасыз бір күштер бар,
махаббат бар, құрлықтар бар, түстер бар.
Жанартау бар, жарылу бар, дүмпу бар,
Сәндi үйлерде күңкiл бар.
атпай, аспай құрту бар.
Адалдық бар, мейiрiм бар, зорлық бар,
қайратыңды қайнатады қорлықтар.
ұлылық бар, даналар бар, мұрат бар,
шың аталған қырат бар.
Бiрақ соның бәрiнен
биiк тұрған бiр күш бар,
дидарына Жер де құштар, Күн құштар:
ол – нәзiктiк,
мәңгi шуақ, нұры – қүт,
сарқылмайтын жылылық,
ол тiрлiктiң қуаты –
ӘЙЕЛ атты ҰЛЫЛЫҚ! 

 

Өлең, мен сені аялап өтем! 

 

Дара күндерімнің,
Нала түндерімнің
Серігі болғаның үшін,
Сенімі болғаның үшін
Мен сені аялаймын.

Біреудің пасықтығынан,
Біреудің жасып мұңынан
Жүрегім сыздаған кезде,
Жаным мұздаған кезде
Мен сені саялаймын…

Өмірдің өткелдерінен,
Қиындық көп көргенімнен,
Өртеніп от басқаныммен,
Өзіңмен қоштаспадым мен.

Күлкімді, жайлы күнімді,
Азапты, қайғы-мұңымды
Өзіңмен бөліскенің үшін,
Қатем мен жеңістерім үшін,
Менің мынау қиындау
тағдырым болып
О баста көріскенің үшін,
Өлең, мен сені аялап өтем! 

 

Интернет- қамбалар

 

 Фариза апайға арналған блог http://www.fongarsynova.blogspot.com/

 

Фариза Оңғарсынованың кітаптары электронды түрде

http://www.ikitap.kz/index.php/catalog/author/836-fariza_ongharsynova

 Уикипедия ашық энциклопедиясында Фариза жайлы  http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%A4%D0%B0%D1%80%D0%B8%D0%B7%D0%B0_%D0%9E%D2%A3%D2%93%D0%B0%D1%80%D1%81%D1%8B%D0%BD%D0%BE%D0%B2%D0%B0

 Өмірбаяны мен шығармашылығы

http://www.kitapkhana.kz/file/23456.pdf

 Фариза Оңғарсынова туралы бүгінгі естеліктер

http://adebiportal.kz/fariza-o-arsynova-turaly-b-g-ng-estel-kter.page/

 Шығармалары

https://akzere.wordpress.com/category/%D1%84%D0%B0%D1%80%D0%B8%D0%B7%D0%B0-%D0%BE%D2%A3%D2%93%D0%B0%D1%80%D1%81%D1%8B%D0%BD%D0%BE%D0%B2%D0%B0/

 Фарзиа апайға арналған Вконтакте сайтында жеке бет

https://vk.com/farizajan

 Фаризамен сұхбат

https://www.youtube.com/watch?v=1_PXac0_YIU

 Фариза Оңғарсынова, ақын: «Ел қатал деп жүрген мінезім – менің болат сауытым» сұхбат http://baq.kz/kk/news/26372

 Фариза Оңғарсынова -. Халық жазушысы

http://ardaktylar.kz/persons/oarsynova-fariza/

 Фариза Оңғарсынованың лирикасы http://farizawksu.blogspot.com/2013/09/blog-post.html

 Айтылмаған әңгіме — Фариза Оңғарсынова http://kaztube.kz/kz/video/113331

 Қазақ поэзиясының көрнекті өкілі Фариза Оңғарсынова дүниеден өтті http://news.nur.kz/299438.html

 Поэзия падишасы — Фариза Оңғарсынова http://aktogaicbs.blogspot.com/

 Фариза туралы ойлар http://www.31.kz/video/show/id/628

 Фариза Оңғарсынова. «Дауа» “Бір ел – бір кітап” акциясы 2013

http://www.aounb.kz/index.php?option=com_content&view=article&id=672:-lr-2013-&catid=65:2012-07-31-17-05-54&Itemid=2&lang=kz

 «Бір ел — бір кітап» акциясы Ф.Оңғарсынованың «Дауа» кітабын таңдады

http://www.inform.kz/kaz/article/2542396

 Ғылыми кітапхана  «Бір ел-бір кітап» акциясы бойынша http://www.kazntu.kz/%D0%91%D1%96%D1%80%20%D0%B5%D0%BB%20%D0%B1%D1%96%D1%80%20%D0%BA%D1%96%D1%82%D0%B0%D0%BF%20%D0%B0%D0%BA%D1%86%D0%B8%D1%8F%D1%81%D1%8B

 «Бір ел – бір кітап» – 2013 акциясы. Фариза Оңғарсынованың өлеңдері жырсүйер жүректерді сәулелендіреді http://library.wksu.kz/index.php?option=com_content&view=article&id=94:-q-q-2013-&catid=8:2011-12-07-10-50-01&Itemid=3&lang=kz

 

«Бір ел — бір кітап» акциясы Ф.Оңғарсынованың «Дауа» кітабын таңдады

http://pavlodarnews.kz/index.php/kz/kultura-3/item/2482-bir-el-bir-kitap-aktsiyasy-f-o-arsynovany-daua-kitabyn-ta-dady

 Фариза Оңғарсынованың лирикасы  http://farizawksu.blogspot.com/p/blog-page_6626.html

 Мәдениет телеарнасында Фариза Оңғарсынова өлеңдері оқылды http://madeniettv.kz/kaz/news/kazakhstan/Bir_el__bir_kitap_akcijasi_ajasinda_Fariza_Ongarsinova_olenderi_okildi.html

 Электронды альбом «Бір ел — бір кітап» акциясы Фариза Оңғарсынова http://hbsh.nis.edu.kz:85/index.php/ru/component/k2/item/16-maecenas-ut-lorem-et-ante-feugiat/16-maecenas-ut-lorem-et-ante-feugiat

 Поэзия падишасы http://ru.calameo.com/read/0027533285e49e605e276


Келулердің саны: 6242