Жоғары
Нашар көретiндер үшiн

Жидебай батыр

Дос батыр немересі Қожаназар Жидебай 1713 жылы дүниегекелген. Руы қаракесек-майқы-әлтекеден-Алмұрат-Дос |баласы-Қожаназардан туады. Дос өз заманының атақты батыры болған. Алматы облысы Қаратал ауданында осы кісінің құрметіне| аталған Дос өзені бар, Жидебай жас кезінен бастап ат құлағындаойнап, балуанға түсіп, жақсы атағы шыға бастайды. Атам Дос сияқты батыр болсам деп армандайды. ¥лы атасы Алмұрат ауылында қонақ болған атақты Қабанбай батырдан бата сұрайды. Сонда Қабанбай батыр:

Жарайсың балам, жарайсың,

Дос батырдай болғайсың.

Төрт түрлі алмағайыптың,

Басым етіп бердім біреуін,

Қадір тұтып алғайсың - 

деп бата берген. Жидебай ел аузында аты аңызға айналған батыр әрі шешен, әрі әділ би болған. Жидебай Абылай ханмен алғаш рет 19 жасында танысқан. Үлкен бір ұрыста Жидебайдың ерлігін сырттан байқаған Абылай ұрыстан кейін Жидебайды алдына шақыртып алады. Мәшһүр Жүсіп Көпеев өз жазбаларында Жидебай батыр Абылай ханның ең сенімді серіктерінің бірі»-деп жазады. Қалмақтармен соғыс біткеннен кейін Абылай хан Жидебай батырды хандықты қорғайтын қырағылар тобын басқартқан. Мұның өзі Жидебайдын өз заманындағы ірі тұлға, тарихта аты алтын әріппен жазылған, батыр екендігіне дәлел. Жидебайдың тағы бір қасиеті отқа жонған қойдың жауырынына қарап, болар іске болжам айтқан. Қараменде бидің ең жақын досы болған Жидебай батыр өз заманының фәлсапасы, ой-толғамы терең артында өшпес сөз қалған шешен. Тірі кезінде әулие атанған батыр 100-ге қараған шағында 1812 жылы қайтыс болған. 1993 жылы Сәуле селолық округінеЖидебай батырдың есімі берілді. АуданымыздаЖидебай батырдың есімімен көшеміз бар. Биылғы жылы Жидебай батыр селолық округіне Жидебайбатырдың туғанына 300 жыл толуына орай ескерткіш орнатылды. Биылғы жылы Жидебай батыр селолық округіне Жидебай батырдың туғанына 300 жыл толуына орай тамыз айында 16-17 –ші жұлдыздарында Аудандық әкімшіліктің ұйымдастыруымен ат жарысы және мерекелік шаралар өтеді. Аудандық кітапханамыздың өлкетану қорында Жидебай батырымыздың баспасөз бетерінен алынған жинақ папкамыз бар.


Келулердің саны: 1056