Жоғары
Нашар көретiндер үшiн

Әділдікті мойындау-адал кісінің ісі

Халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру, азаматтарға құқықтық көмек көрсету мақсатында, «Адал көмек» жобасы аясында кездесулер өткізіп тұру дәстүрімізге айналған болатын.
Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің бастамасымен, азаматтармен қарым-қатынасты орнатуға бағытталған бірқатар іс-шаралар жүргізілуде. Осыған орай Жидебай ауыл кітапханасында "Парсат жолы" бұрышы,"Адалдық алаңы" акциясы аясында Бауыржан Момышұлы атамызға арналған "Әділдікті мойындау-адал кісінің ісі" тақырыбында кездесу кеші өтті.Кездесуге кітапханамыздың жылдар бойы тұрақты оқырманына айналған Ибраев Серік ағамыз келіп қатысты. Батыр атамыздың өмір жолына шолу жасап, ол кісінің ерлігі,жазушылығы туралы әңгіме өрбіттік. Даңқты, өр тұлағалы атамыздың келіні болған Зейнеп Ахметова апамыздың естеліктерінен біраз мысал келтіріп, "Халық қаhарманы" Бауыржандай атамыздың өмірі туралы жан-жақты мағлұматтар алдық деген ойдамыз.
Сондықтан, осы ұйымдастырылып отырған сұхбатты көріп, комментарийге өзіңізді толғандырып жүрген сұрақтарыңыз болса қоюға болады.
 

Келулердің саны: 1120